Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

еу тәртібінде орнатылған нормаларды жүзеге асыру және еңбек қатынасын құқықтық реттеу қызметкерлердің қатысуымен байланысты құқықтарын қорғауға бағытталған», – деп санайды [11,54]. Бұл ой өте бағалы болып табылады, себебі, ол осындай ұжымдық еңбек дауларын заңи тәртіпте шешуге мүмкіндік береді. Ал, «Ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібі туралы» Заңына комментарийінде А.Ф.Нуртдинова ұжымдық еңбек дауы ұжымдық келіссөздер кезеңінде пайда болуы мүмкін және «шарт алдылық сипатқа» ие деп белгілейді. Және жалпыға танылған халықаралық классификация бойынша мұндай дау мүдделер дауы болып табылады. Яғни, бір де бір тараптың заңи құқығы пайда болмаған кезде мүдделер келіспеушілігінен туындаған дау деп жалғастырады [12,27 б.]. В.Н.Скобелкин ұжымдық еңбек дауы ұғымында талқылау нысанасы ретінде қызметкерлердің материалдық және материалдық емес құқықтары мен міндеттерін қолданады.

Қорыта келе, ресей ғалымдарының зерттеулерін тұжырымдасақ, келтірген көзқарастардың барлығы өте маңызды. Оған қоса, ресей заңнамасында ұжымдық еңбек дауларының нысанасы айтарлықтай кеңейтілген. Ал өз еліміздің ғалымдарының түйіндемелеріне келсек, жалақымен қоса әлеуметтік жеңілдіктерінің көлемін белгілеу және өзгерту бойынша келіспеушіліктер туралы ой басқа елдерде қозғалмаған мәселе еді. Және бұл негізде туындайтын келіспеушіліктер кездесетіндіктен, оны елемеу қате болар еді. Сонымен қатар, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын төлеуді көптеген айлар бойы кідірту сұрақтары бойынша басқа ұжымдық наразылықтарға әкелетін көптеген ұжымдық даулар өз елімізде де қазіргі таңда туындап жатыр. Және олар еңбек құқығы заңнамасының орындалмағындығынан болғаны өте өкінішті жайт. Сондықтан, мұндай мәселерді одан әрі зерттеу, зерделеу біздіңше өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Керісінше, одан әрі жалғастырсақ еліміздің еңбек құқығы саласындағы құқықбұзушылықтар санының азаюына үлкен қадам болар еді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 2007 жылдың 20 мамырынан // СПС «Юрист», 2010.

2. «Ұжымдық еңбек даулары мен ереуілдер» туралы 1996 жылы шілденің 8-нде қабылданған Қазақстан Республикасының Заңы.

3. Нургалиева Е.Н. Комментарий к Трудовому кодексу Республики Казахстан. Общая и Особенная части. – Алматы: Жеті жарғы, 2009.

4. Трудовое право: Учебник / Под ред. О.В.Смирнова, И.О.Снигиревой. М.:Проспект,2007.

5. Комментарий к Трудовому кодексу Российской Федерации/ Под ред.К.Н.Гусова. М.: ООО «ТК Велби», 2002.

6. Анисимов Л.Н., Анисимова А.Л. «Трудовые договоры». «Трудовые споры». М.:Бератор-Прес,2002.

7. Лютов И.Л. «Понятие и предмет коллективных трудовых споров» // Государство и право, 2003, № 1.

8. Конвенции и Рекомендации МОТ. Т.II. Женева, 1991.

9. Киселев И.Я. «Трудовые конфликты в капиталистическом обществе: социально-правовые аспекты». М.: Наука, 1978.

10. Киселев И.Я. «Трудовое право России и зарубежных стран». «Международные нормы труда». М.: Эксмо, 2005.

11. Нуртдинова А.Ф., Окуньков Л.А., Френкель Э.Б. «Комментарий к законодательству о социальном партнерстве», М.:Юрист,1996.

12. Нуртдинова А.Ф. «Комментарий к Закону «О порядке разрешения коллективных трудовых споров». М.,2002.

 

Бейсекеева С.К.

 Л.Н. Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

«Заңтану» мамандығының I курс магистранты

12
скачать работу

ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ