Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану



 Другие рефераты
Дербес компьютер Ақпаратты қорғау Web-бет дизайны, HTML Тараз - қазақ мәдениетінің алтын бесігі

Windows жүйесіндегі терезелерді пайдалану

Терезелермен орындалатын негізгі операциялар

Бұған дейін айтыоғандай , Windows жүйесіндегі кез келген программа терезе ішінде орындалады, сол себепті тереземен  атқарылатын амалдарды (көлемін өхгерту, экран бетінде жылжыту, терезені үлкейту және кішірейту) орындай білу қажет.

Терезенің аумағын өзгерту

Терезенің көлемін кез келген бағытта өзгерту мүмкіндігі бар. Тышқан курсорын терезенің төрт жақтауының кез келгеніне орналастырғанда, ол тілсыздық күйіне келеді.

Тышқан курсоры өзінің сыртқы бейнесін өзгертісімен, яғни екі жақты көлденең тілсыздыққа айналысымен, терезенің енін өзгерте аламыз. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, терезенің тік жақтауын солға не оңға жылжыту («ал да, тасы» принцмпі бойынша) керек. Тышқанның батырмасын жіберсеңіздер, терезе енінің өзгергенін көресіздер.

Ал терезенің ұзындығы мен енін қатар өзгерту үшін, тышқан курсорын терезенің төрт бұрышының біріне, яғни қабырға сызықтары қиылысқан жеріне алып бару керек. Бұл сәтте курсор екі жақты көлбеу тілсызық түріне келеді де, ол өз бкезегінде терезе аумағын алдыңғы айтылған тәсілмен бірдей екі бағытта өзгерту мүмкіндігін береді.

Терезенің орнын ауыстыру

Терезенің экран бетімен жылжытып, оның орнын ауыстыру үшін курсорды тақырып жолына алып барамыз. Мұндайда курсордың сыртқы пішіні өзгермеуі тиіс, бірақ бағыттауыш тілсыздық ұшы көк тіктөртбұрышқа түскенде ғана операцияны  орындауға болады. Ол үшін тышқан батырмасын басып, оны сол басулы күйінде жібермей ұстап тұрып, «ал да, тасы» принципі бойынша курсорды жаңа орынға жылжытамыз. Курсорды жіберген сәтте терезе жылжып барған жаңа орында бекітіліп сақталып қалады.

Терезелерді басқару

Windows қолданбалы программаларының барлық терезелерінде тақырып аймағының сол жағында орналасқан терезелерді басқаруға арналған жүйелік меню батырмасы шертсек, Жүйелік меню ашылады.

   Востановить

   Переместить

   Размер

_ свернуть

   Развернуть

Х закрыть         alt+f4

Жүйелік меню

 

         Программа терезесінің жүйелік менюінің үш командасы басқару батырмаларының орындайтын әрекетін қайталайды.

1.    кішірейту

2.    «үлкейту-қалпына келтіру» батырмалары

3.    жабу батырмасы

Қажетті команданы жүйелік менюден таңдау немесе соған сәйкес батырманы шерту бірдей жұмыс атқарады. Мөлшері және Жылжыту тәрізді екі команда терезенің көлемін перне арқылы басқаруға арналған.                        

Windows жүйесіндегі жұмыс істеу негіздері.

1981 жылы MS(PC)-DOS операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып,әрбір компьютерге орналастырылған болатын.

MS-DOS операциялық жүйесі тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты ғана шешетін, оның үстіне MS-DOS операциялық жүйесі компьютердің тек 640 кб жедел жадын ғана (RAM) пайдалана алатын еді.

Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланатын негізгі интерфэйс рөлін MS-DOS жүйесінде командалық жол атқарды. Бұл жол арқылы MS-DOS жүйесі мен адам арасындағы сұхбат ыңғайсыз жүргізіледі, ЭЕМ-ді басқаруға арналған қажет жүзден астам командалар пернелерден енгізіліп барып орындалады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі деуге болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келеді. Осы операциялық жүйемен негізінен тек маман программалаушылар ғана тікелей жұмыс істейді де, көптеген адамдар ондай дәрежеге көтеріле алмайды.

Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға және жұмыс істеуге өз септігін тигізді.

 

Windows жүйесінің негізгі функциялары

Кез келген операциялық жүйе сияқты Windows ортасының негізгі ядросы, жедел жадты басқаратын ішкі жүйесі, файлдық жүйесі, енгізу-шығару құрылғыларымен жұмыс істейтін драйверлері, т.б. жүйелері бар. Ол жұмыс кезінде мынадай мәселелердің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:

-компьютердің барлық аппараттық құрал-жабдықтарын басқару;

-файылдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;

-қолданбалы программаларды іске қосу.

Бұған қоса WINDOWS жүйесі:

         -бір уақытта бірнеше программалардың жұмыс істеуін;

         -әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуын;

         -масштабталатын шрифтерді сүймелдеуді;

         -мультимедия мүмкіндіктерін пайдалануды;

         -біріңғай анықтамалық жүйе жұмысын қамтамасыз ете алады

WINDOWS жүесінің негізгі ұғымдары

Терезеэкранның төртбұрышты қоршаулы аймағы. Онда әр түрлі программалар орындалады. Кез келген мәліметтер өңделіп түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі. Терезе шекаралары- бұл терезенің периметр бойынша өтетін тік және көлденең сызықтар. Қолданбалы программа терезесі-бұл терезеде негізгі қолданбалы программалар жұмысы атқарылады. Ол экранның бөлігін немесе оны толық алып тұра алады. Экран бетінде бір мезетте бірнеше терезе орналаса береді. Мұнда кез келген қолданбалы программаның өзіне тән жұмыс істеу терезесі болады, бірақ олардың негізгі элементтері бірдей болып жасалған. Егер терезені жбатын болсақ, дәл сол уақытқа дейін екпінді күйде болып жұмыс істеп тұрған программаың жұмысы да аяқталады.

         Кез келген терезенің белгілі бір шектеулі мөлшері болады, сондықтан информация көп болса, ол терезеге симай қалады. Мұндай жағдайда терезенің оң жақ шетінде (төменгі шетінде) айналу сызықтары деп аталатын элемент пайда болады. Бұл элементтің пайда болуы осы мезетте терезе ішіне симай сыртта орналасқан информацияның бар екенін көрсетеді.

         Экран бетіндегі программалар мен құжаттар орналасатын терезелер үш түрлі болады:

         -толық экранды терезе, яғни терезе экранды толығымен алып тұрады;

         -қалыпты күйдегі терезе, яғни терезе экранның белгілі бір бөлігін алып тұрады;

         -белгіше (пиктограмма) түрінде, яғни терезе кішірейтіліп белгішеге айналып кеткен.

скачать работу


 Другие рефераты
Алпысыншы жылдардағы әдеби сын
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ЖАСАЙТЫН ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУЫНЫҢ ЕР.
Концепция материальности сознания
Жизнь и творчество Адама Мицкевича


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ