Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстан. Абылай хан (1771-1781 жж.)

анның «Ескі жолы», Қасым ханның «Қасқа жолы », Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарындағы хан билігіне қойылған шектеулерді жойды. Ірі ұлыстарды билеуде хан өзіне жақын султандарды тағайындауда, олардың қызметі және оның тұлға ретіндегі қассиеттеріне сүйенді. Дағдылы құқықтың дәстүрлі түсініктеріне қарамастан, Абылай хан қылмыскерлерді өлім жазасына кесуге үкім шығару құқығын өзі алды. Бұл міндет бұрын билер қазылығында ғана болатын. Сөйтіп, сот істерін шариғат ережелерін негізгі алып жүргізетін билер сотына шек қойылды. Сонымен қатар Билер Кеңесі мен рубасы ақсақалдар съезінің құқықтары едәуір шектелді. Сарай маңына топтасқан батырларға сүйеніп, Абылай хан өзіне қарсы шыққандарды қатыгездікпен басып тастап отырды.

Абылай хан әскери істерді де қайта кұруға жан-тәнін жұмсады. Көшпелілердің Шыңғыс хан заманынан бері сүйекке сіңген соғыс машығын (тактикасын) кеңінен қолдану мен қатар, жаңа жағдайға байланысты жаңа әдіс-тәсілдер шығарып отырды. Жеке жауынгерлердің белсенділігін арттырумен қатар, бір-екі жылға емес ұзаққа созылуы мүмкін үлкен соғыстың стратегиялық жоспарын жасайды. Абылай хан қазақ елінің шаруашылық құрылымына өзгерістер енгізуге тырысты. Ертіс пен Еділ бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде егін шаруашылығының дамуына зор мән беріп, барынша қолдап отырды. 1761 жылы императрица Елизавета Петровнаға жолдаған хатында ағаштан үй түрғызу үшін бірнеше ұстаны және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған. 1772 жылы вице-канцлер М.Л.Воронцовтың жарлығымен Абылай ханға арналған Есіл өзеніне таяу Жаңғызтау деген жерде ағаштан үй салынды. Абылай хан қазақ халқының мәдениетін дамытуға белгілі көңіл бөлді. Оның төңірегіне аса белгілі жыраулар мен күйшілер, шешендер, қазақ даласына белгілі суырып салма ақындар топтасты. Олар: Тәтіқара ақын, Үмбетай, Бұхар жыраулар… ханның кеңесшісі, әрі қазақ хандығы дербестігігің жыршысы Бұхар жырау ішкі және сыртқы саясатта мейлінше ықпал еткен адам болды. Алайда дағдылы құқықтың дәстүрлі болуы және басқарудың нақты тұтқалардағы кемшіліқ Абылай хандықтың саяси жүйесіне реформаны ақырына дейін жүргізуге мүмкіндік бермеді. Хан билігін бұрынғысынша билер мен султандар едәуір дәрежеде шектеп отырды. Мемлекеттіқ машинаның орнықтылығы түгелдей және толығымен ханның өз беделіне, оның күрделі саяси проблемаларды шешу кезінде ымыраластық таба білуіне байланысты болды.

Абылай ханның сыртқы саясаты.

Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты.

Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді.

Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.

12
скачать работу

XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстан. Абылай хан (1771-1781 жж.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ