Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заманауи тұлғалардың ислам дінін қабылдау себептері

дар уә саналы махлұқтар (жаратылмыстар) түсiне алады және исламның талаптары уә үгiттерiн барлық уақыттарда ұстануға болады. Өйткенi, мұсылманшылық өте қарапайым һәм оңай жол.
9. Кейбiр дiндер тек Құдайдан қорқуды ғана бұйырады. Ал, ислам дiнi болса, Аллаһ Тағаланы сүюдi және Оның рахметiнен үмiт үзбеудi бұйырады.
10. Ислам дiнiнде зорлық, зомбылық жоқ. Бақара сүресiнiң 256-аятында: «Дiнде зорлық жоқ!» делiнген. Сондықтан, ешкiмдi де исламды қабылда деп зорлауға, жәбiр көрсетуге болмайды. Алайда, кейбiр миссионерлер мен экстремист топтар адамдарды өз жолдарына зорлықпен немесе түрлi материалдық қызықтырушы айлалармен, алдап кiргiзуде.
11. Исламдағы ғибадаттардың iшiнде тағат жетпес, жиiркенiштi құлшылықтар жоқ. Бәрi де адамды тәртiпке келтiрушi, ден саулыққа һәм ақыл-ұжданға пайдалы ғибадаттар. Исламдағы ғибадаттар адамдар үшiн яки көрсету үшiн жасалмайды. Олар тек Аллаһ Тағаланың ризалығына ие болу мақсатымен жасалады.
12. Исламият тазалықты иманның белгiсi ретiнде қабылдаған дiн. Тазалық – ғибадаттың басты шарты. Бұл һәм дене тазалығы һәм рух тазалығы. Күнделiктi тұрмыстың өзiнде тазалықтың сақталуы маңызды мiндет болып табылады.
13. Ислам кедейдi қорламайтын, байды айыптамайтын дiн. Байларға жомарт һәм рахымды болуды, ал кедейлерге сабырлы һәм еңбекқор болуды, адал ризық тауып, баюды үгiттейтiн дiн.
14. Ислам дiнi әлеуметтiк әдiлеттiлiктi көздейтiн дiн. Зекет, фiтiр садақалары мен Құрбан айт кезiнде құрбандық шалу сияқты ғибадаттар арқылы ылғи да жарлы-мiскiндерге, мұқтаждарға көмектесудi бұйырады.
15. Ислам дiнi мас қылатын iшiмдiктер мен улы шегiмдiктердi, құмар ойындары мен ұятсыздықты харам еткен бiрегей дiн. Бұл, дiніміздің ақылды, жанды, мүлiктi, иманды һәм жанұяны қорғау мақсатының айқын көрiнiсi.
16. Өлiмнен кейiнгi өмiр туралы ең қанағаттанарлық мәлiметтi мұсылмандық ғана бередi. Кейбiр дiндерде ахирет деген ұғымның өзi жоқ.
17. Исламият адами көмектесу, араласу жағынан адамдардың дiнi мен нәсiлiне қарап шек қоймайтын бiрегей дiн. Жәрдемге мұқтаж адамдардың барлығына да қол ұшын беру мұсылмандардың мiндетi.
18. Исламда белгiлi бiр топтың меншiгiндегi «дiни сырлар», «дiни иерархия» деген ұғымдар атымен жоқ. Аллаһ Тағаланың дiнi барлық адамзатқа ашық. Құран Кәрімдi кез келген адам оқып, түсiне алады. Ислам белгілі бір топтың яки тариқаттың діннің атын жамылып, адамдардың санасын өз мүддесі үшін монополияға алуына қарсы дін.
19. Құран Кәрім Пайғамбарымызға жiберiлген халде сақталған. Түпнұсқасы сақталған бiрегей кiтап – Құран-дүр. Бұл исламның хақтығын және Құран Кәрімнiң мұғжизасын паш етедi. Сонымен қатар, исламнан кейiн басқа дiннiң жiберiлмейтiнiн дәлелдейдi.
20. Исламда құлшылық кез келген таза жерде жасалады. Ол үшiн мiндеттi түрде белгiлi бiр орынға бару шарт емес. Ислам құлшылықты белгiлi бiр орынмен шектемеген, күллi жер шарын ғибадатхана (сәждехана, мешiт) еткен бiрегей дiн.
21. Ислам дiнi әйелдердiң құқықтарын орнатып, оларды ғибадат, мұғамалат, әлеуметтiк мәртебе, экономикалық iс-әрекеттер жағынан еркектермен тең дәрежеге қойған дiн. Исламда «Адамды адастырған Хауа» деген ұғым жоқ. Құран Кәрімдегi 2/36 және 7/20-24 аяттары бойынша Адам мен Хауа бiрдей қате iстеген және Аллаһ Тағала олардың екеуiн бiрдей ғафу еткен. Сондықтан, мұсылмандар әйелдерге еркектердi тура жолдан адастырушы шайтан ретiнде қарамайды. Ал, өзге дiндерде Адамның қателiгiнiң басты себепкерi ретiнде тек әйел көрсетiледi. Бұл әйелдердiң Еуропада ғасырлар бойы азапталуына, әшкере өртелуiне апарып соқтырған. Францияда 1938 жылға дейiн әйелдер күйеуiнiң рұқсатынсыз келiсiмшартқа қол қоя алмаушы едi. Ең дамыған мемлекеттерден Швейцарияда әйелдерге дауыс беру құқығы осыдан ширек ғасыр бұрын ғана берiлгендiгiн ескерелiк. Батыстың әйелдерге ХХ-ғасырда берген құқықтарын ислам дiнi осыдан 1400 жыл бұрын берген.
Қорыта айтқанда, адамзаттың мәдениет, өркениет және ғылым деңгейi артқан сайын исламды қабылдаушылар уә iздеушiлердiң саны көбеймек. Өйткенi, ақылдың, ұжданның, сананың жолы бiр. Басқа жұрттар хақиқатты соншалықты iждиһаттылықпен iздегенде, мұсылман елiнде, мұсылман жанұяда дүниеге келген бiздердiң одан да жiгерлi iзденiске түсуiмiз керек емес пе? Дiнiмiздi құлақтан емес, басты бұлақтан үйренетiн кез келген жоқ па?
 

12
скачать работу

Заманауи тұлғалардың ислам дінін қабылдау себептері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ