Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заңдылық пен тәртіп әкімшілік — құқықтық реттеу аясында

ы Президенттің өзі және оның әкімшілігі жүзеге асырады. Президент  конституциялық өкілеттіліктер шегінде  мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарының келісімді өзара әрекетін бақылайды. Билік тармақтарының  өзара әрекеті Конституцияға және басқа да нормативті-құқықтық актілерге негізделген. Президенттің бақылауы мыналардан тұрады:

- Президент Сенат ұсынған заңды 15 күннің ішінде:

а) қол қоюға және оны жариялауға құқылы;

б) заңды және оның жеке баптарын қайта талқылап дауыс беру үшін қайтаруға құқылы.

- Президент ел басы, оның  ең жоғарғы лауазымды тұлғасы бола отырып, кадр саясатына белсенді қпал етеді. Лауазымды тұлғаларды тағайындайды және орнынан босатады (Парламенттің келісімімен және жеке);

- Президент биліктің біртұтастығын қамтамасыз ету мақсатында және билік тармақтарының өзара әрекетіндегі келіспеушіліктерді болдырмау мақсатында  мемлекет органдарын құрады  және  бақылау жасайды. Сондықтан оған мынадай өкілеттіліктер берілген:

а) Парламентті таратуға;

б) Үкіметтің өкілеттілігін тоқтату жайлы шешім қабылдауға және Премьер-министрді, үкімет мүшелерін лауазымынан босатуға құқылы;

в) Қауіпсіздік Кеңес, Жоғарғы Сот Кеңесін құруда, Қарулы Күштердің  жоғарғы командованиесін лауазымға тағайындайды және бостады;

г) Үкіметтің отырысында ерекше маңызды сұрақтар бойынша төрелік етеді;

д) Үкіметтің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің актілерінің күшін  жояды немесе тоқтатады.

Президент заңдардың  жобаларын қарастыруды  жедел деп жариялауы мүмкін.  Егер ПАрламент Президент талап еткен уақыттан бастап 1 ай уақыт ішінде  орындамаса; Президент Парламенттің Конституцияда  белгіленген тәртіпте жаңа заң қабылдауына  дейін  заңдық күші бар жарлық шығаруға құқылы.

Парламенттік бақылау -  ҚР Конституциясының 49 бабына сәйкес  Парламент ҚР жоғарғы өкілді органы болып табылады. Парламент 2 палатадан тұрады: сенат және мәжіліс. Әрбір Палата Парламент сияқты заң шығарушы сипаттағы өкілеттілігін жүзеге асырумен қатар бақылау функцияларын да жүзеге асырады.

Бақылау функциялары былай жүзеге асырылады:

-Республикалық  бюджетті және Үкіметтің есебін бекітуде;

-Бюджетке өзгертулер мен толықтырулар кіргізуде;

-Премьер-министрдің, ҚР Ұлттық банксінің төрағасын Президент тағайындағанда келісім беруде;

-ҚР Үкіметінің бағдарламасы уралы Премьер-министрдің баяндамасын тыңдауда;

-елімізде Конституциялық заңдылық жағдайы туралы ҚР Конституциялық Кеңесінің жолдамаларын жыл сайын тыңдауда.

Тек қана Сенаттың  жүргізілуіне жататын бақылау:

- ҚР Президентінің ұсынысы бойынша  Жоғарғы Соттың төрағасын, Жоғарғы алқасының төрағаларын және соттарды сайлауда және лауазымынан босатуда;

- ҚР Паламентінің Бас прокуроры мен ҰҚК төрағасын тағайындағанда келісім беру;

- Бас прокурор, Жоғарғы Сот төрағасы мен соттарын жеке басына қол сұғылмаушылықтан айыру;

Мәжіліс өзінің атқарушы өкілеттілігін мына жолдармен іске асырады:

-ҚР Парламентінің ұсынысы бойынша орталық  сайлау комиссиясының төрағасын, хатшысын және мүшелерін сайлайды және лауазымынан босатады;

- мемлекетке  опасыздық жасағанда, Парламентке қарсы кінәлауды қорғау.

Мемлекеттік басқаруда соттық  бақылау. ҚР Конституциясына сәйкес ҚР әділ соттылықты тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі ҚР атынан жүргізіледі және оның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың  құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау, Конституциялық заңдардың өзге де нормативті актілердің, Республиканың халықаралық келісімшарттарының орындалуын қамтамасыз ету.

ҚР Конституциясының осы жағдайларын жүзеге асыру үшін сотқа мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының әрекеттерін және олар шығаратын актілердің заңға сәйкестілігін тексеру бойынша және қажетті жағдайда сәйкес құқықтық санкцияларды қолдану функциялары берілген.

Осы бақылаудың ерекшелігі және өзге де қарастырылған бақылаулардан айырмашылығы ол тек қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік істерді қарастыруда ғана жүзеге асырылады.

Әкімшілік  қадағалау түсінігі

Әкімшілік қадағалау — мемлекеттік басқаруда заңдылықты  қамтамасыз етудің арнайы тәсілдерінің  бірі.

Әкімшілік қадағалау — атқарушы биліктің қарамағындағы ұжымдық  және жеке субъектілердің құқық нормаларын сақтау үшін жүргізетін, үстінен қарайтын бақылау.

Әкімшілік қадағалаудың мән-маңызы — ол басқару сферасында әрекет ететін заңдарда және заң күшіндегі  актілерде бекітілген арнайы ережелер мен талаптардың орындалуын байқау, бақылау. Бұл жол жүру ережелерін, қауіпсіздік ережелерін, сауда, санитарлық, табиғатты қорғау нормаларын орындалуын қадағалау.

Әкімшілік қадағалау  атқарушы билік  органдарын, кәсіпорын, мекеме, ұйым, қоғкмдық бірлестіктер, азаматтарға қатысты жүргізіледі. Оны арнайы органдар жүзеге асырады. Көптеген ведомстволарда арнайы қадағалау қызметтері бар және олар мемлекеттік инспекциялар деп аталады.

Мемлекеттік инспекция — жеке және заңды тұлғалардың  нақты ережелерді сақтау  үшін қадағалау жүргізетін арнайы мемлекеттік  органдар. Сонымен қатар салықты және бюджетке міндетті түрде төлейтін төлемдерді төлеу үшін бақылау жасайды, таулы жерде жұмыс  жүргізу мен атомдық  өндірістерде қауіпсіздікті бақылайтын, энергетикалық қондырғылардың  қауіпсіздігі үшін, қалаларда архитектуралық стилдерді сақтау үшін бақылау жүргізетін инспекциялар бар.

Мемлекеттік инспекцияларға функционалды билік және барлық органдардың үстінен қарайтын өкілеттіліктер берілген, соның ішінде  бұзушыларға әкімшілік мәжбүрлеу  шараларын қолдану да  көзделген.

Арнайы қадағалау ведомстволары  ҚР Үкіметіне бағынады, ведомстволық  қызметтер — сәйкес арнайы құзырлығы бар орталық органдарға бағынады.

Әкімшілік қадағалаудың ерекшелігі қадағалау субъектісі мен объектісінің арасында  бағыныштылық жоқ және нақты жағдайда қадағалау объектісіне қадағалау субъектісі әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдана алады.

12
скачать работу

Заңдылық пен тәртіп әкімшілік — құқықтық реттеу аясында

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ