Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Заңи және басқа да нормативтік-құқықтық актілер

ы ережелерге  қорғалатын баспа-бланк өнімдерін, мөрлерді, мөртабандарды есепке алу, пайдалану, сақтау және жою ісіне, сондай-ақ құжаттарды қорғау құралдарына байланысты өзгертулер мен қосымшалар ендірілді.

Ұйымдардың құжаттамалық қызметінде 2005 жылы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің № 203 бұйрығымен бекітілген Типтік құжаттар тізбесі үлкен рөл атқарады. Тізбеге типтік құжаттар, яғни мемлекеттік ұйымдардың қызметі барысында түзіліп, сақтау мерзімдері көрсетілген құжаттар енеді. Атап айтқанда, бұлар мына бағыттағылар:

1) басқару жүйесін ұйымдастыру (басқару қызметі, бақылау, басқарудың ұйымдық негізі, қызметті құқықтық қамтамасыз ету, құжаттамалық қамтамасыз ету және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету).

2) болжам жасау және жоспарлау (болжам жасау ісін ұйымдастыру және оның әдістемесі, жоспарлау, болжам жасау, ағымдағы жоспар, баға);

3) қаржыландыру, несие беру;

4) есеп жүргізу және есеп беру (бухгалтерлік есеп жүргізу мен бухгалтериялық есеп беру, есептілік, статистикалық есеп жүргізу мен статистикалық есеп беру);

5) мемлекеттік мүліктерді басқару;

6) еңбек қатынастары (жұмысқа орналасу, еңбекті ұйымдастыру, еңбекті нормалау, тарифтеу (баға белгілеу), еңбекке ақы төлеу, еңбекті қорғау);

7) кадрлармен қамтамасыз ету (жұмыскерлерді қабылдау, олардың қызметтегі орындарын ауыстыру және жұмыстан босату, жұмыскерлердің біліктілігін (квалификациясын) айқындап, белгілеу, жұмыскерлерді кәсіби дайындықтан өткізу және олардың біліктілігін көтеру, марапаттау);

8) экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстар (экономикалық, ғылыми және мәдени байланыстарды ұйымдастыру, экономикалық, ғылыми және мәдени байланыстарды жүзеге асыру);

9) ақпараттық қызмет көрсету (ақпарат жинау (алу), маркетинг, ақпарат тарату, жарнама);

10) өндірістік тауарларды, жұмыс пен қызмет түрлерін мемлекеттік деңгейде көтере (немесе алдын-ала) сатып алу, материалдық-мүліктік құндылықтардың сақталуын ұйымдастыру;

11) әкімшілік-шаруашылық мәселелері (ішкі тәртіп ережелерін сақтау, ғимараттарды, орын-жайларды пайдалану, транспорттық қызмет көрсету, ішкі байланыс, төтенше жағдайлар, күзет);

12)  әлеуметтік мәселелер.

Тізбеге кеңейтілген ғылыми-анықтамалық аппарат берілген, оны іс номенклатураларын, іс тізімдемелері мен сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді, сондай-ақ сақталу мерзімі көрсетілген құжаттардың салалық тізбелерін жасаған кездерде қолдануға болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 573 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 мамырдағы қаулысы бойынша Электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесінің бірінші кезегі әзірленді. Бұл электрондық құжат айналымы жүйесінің бір саласы болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы «Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» № 1471 Жарлығында ақпараттық жүйені одан әрі дамыту, Үкімет пен аймақтық мемлекеттік органдардың бірлескен ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, осы саладағы технологияларды кеңінен қолдану арқылы жұмыс жүргізу механизмін айқындау, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қызмет көрсету бағытын ұстану мәселелері қамтылған. Мемлекеттік уәкілетті орган жоғарыда көрсетілген нормативтік актілерге сәйкес өз құзыры аясында іс қағаздарын жүргізу мен ведомстволық сақтау сатысындағы электрондық құжаттар бойынша жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

Сонымен бірге, электрондық құжатты заң жүзінде қағаз құжатпен теңестірген, соған орай электрондық цифрлық қолтаңбаны – жазбаша түрдегі қолжазбамен бір деңгейге қойған Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңының жетілдірілуі барысында Ақпарат және мұрағат комитеті «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының электрондық құжат айналымы ережесiн» әзірледі. Бұл ережені Қазақстан Республикасы Үкіметі 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітті.  Ережеде мынадай жұмыстардың нормалары белгіленген:

1) электрондық құжаттарды іріктеу, сақтауға қабылдау және тапсыру, оларды жою мен кепілдік беру арқылы жою, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық түрдегі кілт-белгілерін және электрондық құжаттар есебін жүргізетін журналдарды жою тәртібі мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік органдары арқылы белгіленеді;

2) электронды құжаттарды сақтау мерзімдері олардың қағаз нұсқасындағы түпнұсқалары сақталатын мерзімдермен сәйкес келеді. Мұны мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Қазақстан Республикасының өкілетті мемлекеттік органдары белгілейді;

3) Электрондық құжаттар түзілген, жолданған және алынған кездегі форматы бойынша электрондық цифрлық қолтаңбасымен сақталады.

4) электрондық құжаттардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттары талаптары мен мемлекеттік орган лауазымдық тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасына сәйкес деректемелік белгілері болуға тиіс.

Заң қабылданғаннан кейінгі жылдары мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін әртүрлі әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірленді. Атап айтқанда:

1) сақталу мерзімі көрсетілген құжаттардың салалық (ведомстволық) тізбесі (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңсесі, қылмыстық-атқару, прокуратура органдары, кеден, қаржылық полиция, жинақтаушы зейнеткерлік қорлар, банк, сот жүйелері ұйымдары, т.б.орындар бойынша);

2) сақталу мерзімі көрсетілген жеке құрам бойынша құжаттардың Үлгі тізбесі (бұл Үлгі тізбе 2000 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Комитеті төрағасының № 81 бұйрығымен бекітілген);

3) іс қағаздарын жүргізу жөніндегі салалық (ведомстволық) нұсқаулықтар (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Кеден комитеті, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттік және т.б. жүйелердің ұйымдарына арналған).

Дәл қазіргі кездегі ең көкейкесті мәселе құжат түзу саласындағы нормативтік құқықтық базаны одан әрі дамыту болып табылады.

Осы орайда құжаттама ісі бойынша мемлекеттік уәкілетті органдар, құжаттама саласындағы мамандар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, құжаттарды іс қағаздарын жүргізу сатысында түзу және ресімдеу жұмыстарының бірыңғай принциптері қарастырылмағандықтан, «Басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңын әзірлеу қажеттігі туындап отырғанын орынды көтеріп келеді. Мұндағы олардың көздеген негізгі мақсаттары төмендегідей:

1) құжат түзу саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын заң жүзінде дұрыс ресімделген құжаттармен толықтыру;

3) қағаз құжаттар айналымын қысқартып, электронды құжаттардың қолданылу аясын кеңейту;

4) азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;

5) еліміздің территориясында жасалған құжаттарды ұлттық мүдде тұрғысынан толық сәйкестендіру;

Мұнымен қоса, басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз етудің мынадай негізгі принциптері заң деңгейінде белгіленуі керек:

1) құжаттаудың және құжаттармен, соның ішінде электрондық құжаттармен жұмыс жүргізудің құқықтық ережелерін айқындау;

2) істі толық та, нақты құжаттау, мемлекет, қоғам және азаматтар мүддесіне сәйкес деректі қорларды жан-жақты пайдалану, құжаттармен жұмыс жүргізудің озат тәсілдерін қолдану негізінде ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;

3) ұйымдардың ашық деректі қорларына еркін қол жеткізу жөніндегі жеке және заңды тұлғалар құқықтарын жүзеге асыру;

4) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар арқылы басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету ісін жетілдіру;

5) басқару қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету процесінде ұйымның ақпараттық қауіпсіздігін қамсыздандыру;

Сол секілді қазіргі кезде құжаттамалық қамтамасыз ету саласының мамандары Қазақстан Республикасында «Құжаттардың міндетті даналары туралы» Заң әзірлеу және оны белгіленген тәртіп бойынша қабылдау мәселесінің де пісіп жетілгені ұдайы көтеріп келеді. Мамандардың пікірінше, бұл алуан түрлі ұйымдар мүддесін қорғар еді. Атап айтқанда:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат институты – ғылыми-техникалық және патенттік құжаттармен жабдықтау жөнінде;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің кітапханасы – бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерімен, баспа өнімдерімен, диссертациялық еңбектермен толықтыру жөнінде;

3) Зағиптарға арналған Республикалық кітапхана – зағиптар үшін және көзі нашар көретін кісілер үшін шығарылатын басылымдармен жабдықтау жөнінде;

4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары Орталық мемлекеттік мұрағаты – аудиобейнелік құжаттармен жабдықтау жөнінде.

Мұндағы негізгі мақсат мынадай істерге заңдық негіз жасау:

1) кітапханалық, ғылыми-ақпараттық, патенттік қорларды толықтыру;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорын молайту;

3) құжаттардың міндетті даналарына мемлекеттік есеп жүргізу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

4) құжаттардың міндетті даналарын мемлекет және қоғам мүддесіне сәйкес пайдалану.

Осы а

123
скачать работу

Заңи және басқа да нормативтік-құқықтық актілер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ