Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Зейнолла Шыраев

үнінде

Көп ауылдың бірінде

Кілең білгір жиналып,

Мәдениет жөнінде,

Пікірлерін айтып жатты.

Бір дөкейі демігіп,

Ентігіп, желігіп!

Шықты да мінбеге

Айтқан болды бірдеңе.

-         Я, жолдастар!

Келер жылы жедел,

Клубты салу керек.

Көше бойлай тал тігіп,

Сылдырап су ағу керек.

Тал кемірген ешкілердің

Мүйіздерін қағу керек.

Деп барып әрең тоқтады.

Жылдар жылжып барады,

Өзгеріс жоқ ауылда!

Сол сияқты «Тескентаудың ар жағы», «Тісіңнен шығара көрме» атты сықақ әңгімелері, «Өсетін жігітке өсиет», «Кері кеткеннің кеңесі», «Келіндерге», «Қарындасқа құлаққағыс», «Күн қайда?» т.б. сатиралы қоғамға жат қылақтарды ащы да улы тілмен әшкерелейді.

Ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәні өте терең. Қамшының сабағындай қысқа ғана ғұмыр кешсе де, өз тұстарына, замандастарына, ізінен ерген іні-қарындастарына арнап жазған жыр мұраларындағы ақыл, өнеге, өсиет әлі де құнын жоймай бізге де, болашақ ұрпаққа да тәрбие берер асыл қазынадай.

Ол небәрі 46 жыл өмір сүрді. 25-30 жасында құрдастары әлі жігіттік- бозбалалық шақпен қоштаса алмай сауық-сайран құрып жүргенде, Зейнолла ағамыз келер ұрпаққа үлгі-өнеге, өсиет болар салмақты сөздер жазып жүрді.

Арлы бол, кір шалмаған арын болсын,

Арынды таптамайтын жарын болсын.

Жарасты әзіл айтып, ойнап күл!

Достарың қадірлейтін бағын болсын.

Тағы бір өлеңінде ол дос туралы сыр шертеді. Жаман досқа сырынды ашпа! — дейді ол.

Сөйтіп, ол өз өлеңдерінде арлылықты, адалдықты паш етсе, енді бірде бізді еңбексүйгіштікке шақырады. Оның «Жігіт күзі» өлеңінде егін жинау науқанында алдыңғы шеппен көрінген Жақыпбек туралы толғайды. Жақаевшы жастардың жетекшісі Жақыпбектің еңбексүйгіштігін қажырлығын, қайраттылығын жырлай келіп, бізге Жақыпбектей жігітті үлгі етеді.

«Дүние — ай» өлеңінде ақын бізді кісілікке шақырады.

Кейбіреуден көрсем ізет, кішілік,

Әлін білмей біреулер  жүр ісініп.

Өтетіндер бар-ау фани өмірден,

Тірлігінде түсіне еңбей кісілік…

Кісілікке бас имеген жанымен

Артық санар өзін жұрттың бәрінен

Кемел жасқа келсем-дағы дүние-ай

Кей пендеңе түсінбейтін әлі мен.

Бұл өлеңнен ақын адамгершілік қасиеттерден ада қалаған жандарға ашынады.

«Толқын» өлеңінде

Толқын, Толқын! Тынбай толқып барасың,

Аймалайсың әсем теңіз жағасын… — деп, ақын табиғатпен тілдесе отырып, бізді табиғатты сүюге шақырады.

Жалпы ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәні сөз болғанда, ол туралы біздің айтрымыз көп.

Ақын шығармалары арқылы бізді адамгершілікке үндейді, адамгершілік асыл қасиеттерді уағыздайды, Отансүйгіштікке, табиғатты сүюге, онымен тілдесуге шақырады. Арам достықтың қыр-сырын ұғындырады. Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетуді меңзейді.

Міне, осындай шығармалардың авторы Зейнолла Шыраевтың туған жері Абай ауылында 1996 жылы ауыл тұрғындары, замандастарының ұйымдастыруымен еске алу кеші болып өтті. Ақынды еске алу кеші қарсаңында атқарылған игі істердің бірі, өздерінің құрмет тұтқан ақын есіміне бұрынғы Ленин атындағы көшенің З. Шыраев деп аталғандығы еді.

Пайдаланылған әдебиет:

1.  Сыр өңірі тарихы

Алматы «Атамұра» 1998 жыл

2. Н. Т. Мусабаев, А.Мусабаева

« Ортаймаған қазаны – қасиетті Қазалы»   Алматы  1998 жыл

3. «Ара» журналы 1971 жыл

4. «Ленин жолы» газеті   4 қыркүйек,1966 жыл

5. «Ленин туы» газеті  1967 жыл

6. Ленин туы,   5 мамыр, 1968 жыл

7. Ленин туы,   1969 жыл

8. Ленин туы, № 22, 19 ақпан,1970 жыл

9. Ленин туы, 22 шілде, 1971 жыл

10. Ленин туы,  №123  1976 жыл

12
скачать работу

Зейнолла Шыраев

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ