Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жақсы темперацияланған клавир

ажорлық саздың минорлы сазға көшуі естіледі. Алғаш рет минорлы саз 6 такт бойы органдық пункт пен қатар созылады. Тек қана ең ақырғы шешілу ғана мажорлы. Көз саларлық жайт – ре минордық доминанталық органдық пунктпен бірге, айқын, ерекше  аккорд доминантаға кішірейтілген 7 сатылық септаккордпен бірге жазылғаны. Ал соңына қарай Бах тоника мен доминантаға кіш. 7 сатылық септаккорды салыстырып бірге фактураны қоюлата береді. Ырғақ пен фактура да өзгерді. Сол қолдағы стаккато доминанталық бастың ұсталуына, және тығыздалған сегіздіктер мен оналтылықтардың қимылына орын бері. Оң қолда екі дауысқа бөліну пайда болды. Соңынан 4 тактта төрт дауысты фактура пайда болды, ал сосын аккордтық тізбектерден кейін пассаж басталады. Адажио темпінде пассаж речитатив сияқты естіледі. Бұл органдық импровизацияларды еске түсіреді.

Дамудың нәтижесінде жаңа сапа келеді: прелюдияның басындағы динамикалық бағыттылығы соңғы такттарда драматикалық патетикаға айналады. Прелюдияның аяқталуынан кейін фуга контрастты естілсе де дайындалып естіледі.

Фуга салтанатты және байсалды естіледі. Прелюдиямен салыстырғанда даму басқа бағыттылыққа ие болды: мұнда музыкалық бейненің сипаты мүлдем басқа, тақырыпта айтылғанның барлығы даму бойында дәлелденеді. Кульминацияда негізгі бейненің кезекпен ашылатын дамуының ең биік сатысы беріледі. Тақырыптық өткізілулеріне саластыру ретінде жұмсақ, лирикалық интермедиялар беріледі. Олар тақырыптағы ерліктік, батылдық сипатты айқындатады. Басқа жағынан прелюдияның мөлдір фактурасы оралғандай.

Тақырыпта контрасттық сипаты 32 – ліктерден кейін секстаның жоғарыға патетикалық бағытталуы және оның кейін сатылар бойынша пунктир ырғағымен толтырылып төмен қарай әрекетінен көрінеді. Интермедия тақырыптың барлық элементтеріне негізделді. До мажорлық фугаға қарағанда мұнда стретталар жоққа шығарылды және тақырыптың өткізілулері салыстырмалы аз. Репризада тақырып толығымен бір де рет орындалған жоқ. Бірақ дауыстар өріміне тақырыптық интонациялар әбден сіңген. Сондықтан фуганың соңында тақырып нақты, салмақты бекітіледі. Экспозицияда тақырып бас, тенор, альт, сопрано, кезегімен енеді. Бұл тізбек салтанаттықты, шаттық идясын бекітеді. Бах бұл әрекетті баста алғашқы өткізуден октаваға төмен толықтауыш тақырыппен тепеңдікке келтіреді. Сөйтіп кульминацияда кездесетін регистрлік кеңдікке қол жеткізілген, Экспозицияда болашақтың дамуы тағы алдын ала берілді: 3 такттағы қысқаша интермедиядан кейінгі өзгертілген тақырып басқа бөлімдердің интермедияларына негіз болды. Өзгертілген тақырыптың жаңа нұсқасы 6 тактта берілген. Кешіктікпен берулерде (задержания) кейбір жерлерде диссонанстар кездеседі, олар да болашақта дамытылған ( 8 – 15тт салыстырыңдар). Мұнда полифониялық және аккордтық гармониялық фактуралар өріледі (2, 4, 5,  7, 8 такттарының аяқталуларына назар аудар). Бұл фуганың соңын алдын ала көрсетеді, онда полифониялық принциптер, аккордтық – гармониялықтарға орын береді (соңынан 3, 2 тт.). Экспозиция мен тақырып болашақ дамудың тұқымы сияқтанады. Мұнда Бахтың негізгі принципі берілген: бұл тізбекті даму- тақырыпта экспозицияның «жоспары» жатса, экспозицияда бүкіл фуганың «жоспары» беріледі. Өңдеу бөлімі экспозициядан жұмсақ минорлығымен,  секвенциялық құралған интермедияларымен ерекшкленеді. Тақырып субдоминанталық саздарда өтеді. Бах тақырыпты сенімді каденциямен аяқтап, бізді тақырыптың фуганың соңына дейін ешбір рет кездеспейтіндігіне дайындайды. Сөйтіп өңдеу бөлімінде басында болған салтанаттылық лирикалық сипатқа көшеді. Тақырыптың қаһармандық сипатары өшіріліп, соғара  соңына қарай ол қайтадан бекітіледі. Негізгі саз келгеннен кейін реприза – кода келеді (соңынан 7, 6 такттар). Мұнда музыка жарық шуаққа бөленген, диапазон кеңейді, жоғарғы және төменгі дауыстардың кезектесіп орындалуы айқын естіледі (олар тақырыптың өзгертілген бірінші бөлігін дамытады), сосын ырғақтық тұтастықта біріктіледі. Фуганы дамыған каденция аяқтайды, онда төртдауысты компактты аккордтар пунктирлік ырғақпен орындалады. Мұнда тақырыптың екінші элементі дамиды – пунктирлік әрекет енді жоғары қарай бағытталады. Сөйтіп тақырыпты терең дамыту басынан соңына дейін бөлшектеп ашу анық, айқын бейнені құруға ықпал етті. Соңында бұл даму үлкен сенімді күшке әкеледі.

12
скачать работу

Жақсы темперацияланған клавир

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ