Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жалпы индекстерді есептеу

арифметикалық және үйлесімдік (гармониялық) тәсілдермен есептеледі. Бірақ бұлардың қайсысының қандай жағдайда қолданылатынын дұрыс ажырата білуіміз тиіс. Оны анықтау өзгермелі белгілер мен сандық мәндеріне тығыз байланысты. Олай болса осы орташа индекстердің қолданылуы мен есептеу тәсілін төменде жеке қарастырайық. Сондай-ақ сапалық көрсеткіш ретінде өнімнің өзіндік құнын алайық.

Арифметикалық орташа индекс.

 Егер шығарылған өнімнің саны(q) мен өзінік құны(z) белгісіз болып, өткен мерзімдегі жалпы шығын(q0z0) мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі (iq) белгілі болатын болса, онда шығарылған  өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін, көлемдік жалпы индексті қолданамыз:

                                   Iq =∑q1z0/∑q0z0

Берілген формуланың алымы мен бөліміндегі көрсеткіштерге талдау жасайтын болсақ, онда бөліміндегі көрсеткіш (q0z0), яғни  өткен уақыттағы жалпы шығын белгілі де алымындағы (∑q1z0) ағымда шығарылған өнімнің саны (q1) белгісіз. Бірақ, әрбір өндірілген өнім көлемінің өзгергені жеке индекс түрінде белгілі. Онда жеке көлемдік индекстің формуласынан (iq= q1/q0) белгісіз q1 тауып (q1=iq*q0) одан шыққан көрсеткішті бөлшектің алымына жазатын болсақ формула мынадай түрде түрленеді:

       Iq=∑q1z0/∑q0z0=∑ iq*q0*z0/∑q0z0-

 яғни өткен мерзімдегі жалпы шығынды көлемдік жеке индекске көбейту арқылы агрегатты индексті арифметикалық орташа индекске түрлендіреміз. Осы айтылғанды іс жүзінде көрсету үшін төменде берілген мысалды арифметикалық орташа индекстің формуласы бойынша есептейік:

     «Жетісу» аяқ киім фабрикасының шығарған өнімдері

Берілген көрсеткіштер бойынша көлемінің жеке индекстерін (iq =q1/q0) анықтайық :

                онда ерлер аяқ киімдері үшін: iq =100+10/100=1,10

                әйелдер аяқ киімдері үшін: iq= 100-6/100  =0,94

                балалар аяқ киімдері үшін : iq =100/100 =1,0

Енді есептелген  жеке индекстердің мәндерін қолдану арқылы көлемінің жалпы индексін арифметикалық орташа түрінде есептейік:

iq =∑ iq q0p0/∑q0p0= 1.10*415.0+0.94-230.0+370.0/415.0+230.0+370= 1042.7/1015.0=1.027= 102.7%

Демек, ағымдағы жылғы шығарылған өнімдердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен  2,7 пайызға өскен немесе 27,2 млн тг-ге артқан.

Сонымен экономикалық құбылыстар мне процестерді зерттеуде көлемдік көрсеткіштердің өзгерістері (iq) коэффициентпен немесе пайызбен берілсе, яғни зерттеу объектісі болып, көлемдік жағы қарастырылатын болса, онда арифметикалық орташа индекс қолданылады.

 

Үйлесімдік орташа индекс.

Егер ағымдағы мерзімде шығарылған өнімнің саны(q1) мен өзіндік құны (z1) белгісіз болып , жалпы шығын (q1 z1) мен өнімнің өзгерісі (iz) яғни өткен мерзімдегі салыстырғандағы азаяы немесе көбеюі берілетін болса, онда мұндай көрсеткіштерді есептеу үшін өзіндік құнның жалпы индексінүйлесімдік (гармониялық) орташа индекске түрлендіреміз. Ол үшін агрегатты индекстің  [Iz=∑z1q1/∑z0q1] бөліміндегі өткен уақыттағы өзіндік құнды есептеп алуымыз керек. Оны есептеу үшін өзіндік құнын жеке индексінен [iz =z1/z0] өткен мерзімдегі өзіндік құнды [z0=z1/iz] тауып, оны өзіндік құнның жалпы индекс формуласындағы бөлімінің орнына қоятын болсақ, онда үйлесімдік орташа индекстің формуласы мынадай түрге түрленеді:

Iz=∑z1q1/∑z0q1=∑z1q1/∑z1/(iz*q1)=∑z1q1/∑(z1q1)/iz

12
скачать работу

Жалпы индекстерді есептеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ