ЖАМБЫЛ — ӘЛЕМ ТҮРКІЛЕРІ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫБЫ
.
Басқа жаннан өзгеше,
Тереңнен сырды қозғаған.
Елдің қамын көп ойлап,
Болар істі болжаған.
…Жетісудай жеріңен,
Айрылып айдын көліңнен,
Бетпақ шөлге қамалып,
Ел боларсың тоғысқан… (9).
УІ-УІІ — ғасырлардағы түркілердегі алаауыздық ХУ-ХУІІІ-ғасырларда қазақ хандарының, ірі тайпаларының арасында да орын алды. Мұны белгілі ғалым-жазушы М.Мағауин:» Ағасының інісіне пышақ салған заман еді…»-деп жазды. Осындай алаауыздық- шет ел басқыншыларының қазақ даласына әлсін-әлсін шабуыл жасап тұруына жағдаяттар жасады.Олар бүгулі жұдырықтай тас түйін отырғанда мұндай болмас еді. Мұндай алауыздықтың соңы Ресей империясының қол астына бодан болып кіруімен аяқталды.
Өтеген батыр осыны алдын ала сезген.Оның елін, жерін қайтсем аман алып қалам деп шарқ ұруы осыны дәлелдейді.
Мұндай жағдайдың ХУ-ғасырда өмір сүрген жырау Асан қайғының басында да болғаны белгілі.
Жамбылдың «Өтеген» батырында:
…Айдарлыңды құл қылып,
Тұлымдыңды тұл қылып…(10) -деген тармақтар «Күлтегін» (үлкен жазуында):
…Табғаш халқына бек ұлдары құл болды,
Пәк қыздары күң болды…(11) -делінеді.
Жамбыл жырларынан ежелгі түркі поэзиясының лебі еседі.Иоллықтегін түркі батырлары мен данышпандары Күлтегінді, Тоныкөкті, Білгені жырға қосса, Жамбыл қазақ түркілері Кенесарыны, Өтегенді, Саурық, Сыпатай, Сұраншы батырларды жырға қосады.
«Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп…» жырлаған Иоллықтегін мен арадан ондаған ғасыр өткен соң:»Күнді көрдік, ел болдық, асу бермес өр болдық…»-деп түркі халықтарының бірлігін жырлаған Жамбыл поэзиясы арасындағы рухани байланыс өскелең ұрпақтарды отаншылдық сезімде тәрбиелеуде мыңдаған жылдар бойы мәнін жоғалтпайтын асыл мұра.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.М.Жолдасбеков, «Жамбыл және оның ақындық ортасы», кітапта: «Асыл арналар», «Жазушы» баспасы, 1986-жыл, 140-бет.
2.» Күлтегін» жазуы,»Ежелгі дәуір әдебиеті», құрастырып, алғы сөзін жазған: Алма Қыраубаева, Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1991-жыл, 5-6-беттер.
3.Бұл да сонда, 6-18-беттер.
4.Бұл да сонда, 21-бет.
5. «Тоныкөк» жазуы,»Ежелгі дәуір әдебиеті», құрастырып, алғы сөзін жазған: Алма Қыраубаева,
6.Бұл да сонда, 11-бет.
7.Бұл да сонда, 11-бет.
8.Жамбыл Жабаев, «Өтеген батыр», екінші нұсқасы, кітапта: «Өтеген батыр», құрастырған Айзада Сейітқызы, Алматы, «Мерей» баспасы, 1994-жыл, 53-бет.
9.Бұл да сонда, 53-бет.
10.Бұл да сонда, 54-бет.
11. «Күлтегін» (үлкен жазуы),»Ежелгі дәуір әдебиеті», хрестоматия, екінші кітап, Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1991-жыл, 12-бет.
| | скачать работу |
ЖАМБЫЛ — ӘЛЕМ ТҮРКІЛЕРІ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫБЫ |