Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жамбыл Жабаев (1846-1945)

Екі өлеңдегі де он бес жасар баланың тауып айтқан шеберлігі, сөзінің суреттілігі, өлең құрылысының жатық, әуенділігі сүйсіндіреді. «Торсылдатып танадай» деген теңеу, «Ұрлық түбі – қорлық» – деген нақыл, соғылған дүренің сипаттамасы, «күн ұзаққа боздаған» – деген эпитет, «мереке», «береке», «келеке» – деген ұйқастардың тілге жеңіл әдемілігі болашағы үлкен ақындықтың нышаны іспетті. Ал, он тоғыз жасында шығарған «Сарыбайға» – деген өлеңі ойлы сарынын, жиырма жасында айтқан «Жаныс ақынға» дейтін өлеңі төпеп айтатын арынын танытады.

Сарыбай – Сүйінбай мен Жамбыл шыққан Екей елінің атақты болысы. Кезінде қоқандықтарды жеңген ұрыстарға қатысып, ерлік көрсеткен, кейін ел басқарған абыройлы кісі. Жас жігіттің осындай кісіге тілегін әдемі ойлы өлеңмен білдіріп, кішілік пен кісілікті қатар танытуы «осал ақын» еместігін көрсетеді.

Біреулер малмен бәрін бөктіріп жүр,

Айтқанды ақыл, нұсқа жек көріп жүр.

Көтеріп дүниенің кең-қоқырын,

Апарып қай шұқырға төккелі жүр?

Көңілі кейбіреудің бұлтта жүр,

Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр.

Біреулер қара сөзді қамшы қылып,

Қуды мініп, құланды құрықтап жүр.

Қайсысын маған соның еп көресіз?

Әкетсем өзім таңдап, өкпелерсіз.

Сүйекемнің сүйгенін ойласаңыз,

Өлең болсын серігің деп берерсіз.

Өлеңнен айналадағы өмір мен адамдар туралы түсінігі айтарлықтай терең, ойының өресі биік, ақындыққа төселген, тілі кестелі өнерпазды тану қиын емес. «Көңілі көкте, басы жердегі – жаман; өзі кішік, ойы биік – жақсы; Ұстауға күн мен айды жуықтау; қара сөзді қамшы қылып, қуды мініп, құланды құрықтау» сияқты нәрлі оралымдар анау-мынау өлеңшінің аузына түспесе керек. «Дүниенің кең-қоқырын апарып қай шұқырға төккелі жүр?» – деген риторикалық сұрақтың философиялық жауабы тіпті тереңде жатыр.

Кемелденген кездегі өлеңдері

Жамбыл өлеңдері мен айтыстары әуелден халықтық арнадан бастау алады. Сондықтан оның туындыларынан әлеуметтік сарын молынан байқалады. Оның өмір қайшылықтарын ерте танып, олардың сырына ой жүгіртіп өсуі шығармаларын мәнді, салмақты етеді. Жамбыл – ұстазы Сүйінбайдың үлгісімен кім болса да: мейлі болыс-би, мейлі бай, манап болсын, мінін бетіне айтып, кедей-кемтардың, әлсіздің жоқшысы болуды ақындық мұраты еткен ақын. Жамбыл ақындық өнер жайында:

Ақын деген ат болмас,             Қытығын таппай сұратпай.

Қандырмай мейір суаттай,      Досың болса, күлдіріп,

Жыры болмай бұлақтай.         Сүйсіндіріп жұтатпай.

Тұнығы болмай сынаптай.      Жауың болса, бүлдіріп:

Алатаудан арындап,                 Домбыраң – берен,

Асқан судай құлатпай.             Жырың – оқ,

Қыбыршыған көңілден            Дәл тигізіп, сұлатпай, –

дейді. Жамбыл өзінің шығармашылық ұзақ ғұмырында осы ұстанымынан танған емес.

Ақынның көп жырлаған тақырыбы – «Туғалы сөзі өтпеген, қолы есеге жетпеген, құлшылықтан кетпеген» жарлы мен жалшының азапты өмірі, кедейдің күйі.

Жаман көйлек жыртылып,

От басында итініп,

Әрі дімкәс, тамақ аш,

Әрі тұттай жалаңаш,

Аш бұралып, күн суық –

Жұрт соңынан жоқшылық

Көшке ілескен итше ұлып.

Аш, жалаңаш, ауру, суықта қалтыраған кедейдің аянышты тағдыры бар болғаны бір-ақ шумақ – жеті жол өлеңге сыйып кеткен. Жоқшылықтың көшке ерген итше ұлуы туралы образ әрі түсінікті, әрі өте әсерлі. Бұл жерде ұлыған ит емес, жоқшылық. Демек, сөз көшке ілесіп ұлыған ит сияқты, жұрттың соңынан қалмай ұлып ілескен жоқшылық жайында. Ақын кедейдің күйін ұлыған аш иттің күйіне теңестіріп отыр.

«Кедей күйі» – деген өлеңінде жоқшылық тауқыметін тартқан кедей балаларының аянышты халі, кедей басындағы жоқшылық, шарасыздық шынайы бейнеленген.

Қайтіп жаның ашымас,

Неткен заман қатыбас.

Еткен еңбек, төккен тер

Қалай түкке татымас, –

дейді ақын күйзеліп. Жамбыл қысы-жазы тыным көрмей, бай малының соңында жүрсе де, ауыр азап, жоқшылықта өмірі өтіп жатқан кедей туралы «Жылқышыға» деген өлеңінде де қабырғасы қайыса, ашына айтады.

Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,

Салқын күзде бір жылы үйді білмей.

Сахарада салақтап күндіз-түні

Бұралқы ит пен малшының сиқы бірдей.

 

Әрідегі Дулат, Сүйінбай, берідегі ұлы Абай сияқты, Жамбыл да өз кезінің билік басындағыларының халық қамын ойламайтынын, әділетсіздігін, парақорлығын, екіжүзділігін әшкерелеп, көптің алдында беттеріне басады. Мұндай өлеңдерінің тілі уытты, мысқыл, сатираға толы болып келеді. Мұндайда ақын талантының сыншылдық қыры ерекше күшті сипаттарымен көрінеді. Жамбылдың «Сәт сайланарда», «Шалтабайға», «Мәңке туралы», «Қалиға» сияқты өлендері – сондай шығармалар. Сәт болыстың елдің сорын қайнатқанын ел көзінше бетіне басса, старшина сайланып келген Көкімге:

Әлде бекіп келдің бе,

Арын сатып бетіңнің?

Бір тояйын дедің бе,

Ақысын жеп жетімнің? –

деп, жетім-жесір, жарлының ақысын жегіш, жемір етіп көрсетеді. Жамбыл дәлел, факт келтіріп жатпайды. Мұнысымен қиянатшылдық билік басына келгендерге ортақ сипат, даусыз шындық екенін білдіреді. Ал Қали байға:

Сойылыңды соғып тұр,

Болысың мен орысың, –

деуінде көп мағына, үлкен шындық бар. Отаршылдар мен атқа мінерлер ауыз жаласып, екі жағы пара үшін байдың сөзін сөйлеп, сойылын соғады дегенге меңзейді.

Ұлық пен төренің, бай-болыстың халыққа көрсетіп отырған зәбірін Жамбыл «Әділдік керек халыққа» деген өлеңінде кеңінен айтады. Өлеңнің шығу тарихы былай екен. Ақын Ұзынағаш базарында Қиысбай деген бай бастаған ұлық, төрелермен кездесіп қалады. Олар Жамбылды жақтырмаған сыңай танытады. Ұлық, төреге бұрыннан ызалы ақын олардың мына астамшылығына өлеңмен жауап береді. Бай мен ұлық, төрелердің әлсіздің ақысын жеп, халықты жоқшылыққа душар етіп отырғандарын, кедейлігі болмаса, олардың ешкімнен кем еместігін, олардың арасында неше алуан асыл азаматтар барын айта келіп, билік пен байлық иелеріне деген өзінің қатынасын былайша білдіреді.

Болыс төре жүрген жоқ,            Болыс төре, билері,

Халықты қорлап, жылатпай.     Кедейлерге теңдік бер

Шабарманы шаптығып,             Қысы-жазы шулатпай!..

Барады елді шыдатпай.

Жырдың келесі бөлімінде билеуші әкімдерге халық мүддесін қорғап, сөзін сөйлейтін ақын тұлғасы қарсы қойылады.

Иттей көрем төрені

Тамаққа тойса үретін.

Халықтың ақын — перзенті

Ақтарып сырды беретін…

Айтқандары өтірік –

Ұлыққа кім бар сенетін.

Сыздауық жара секілді.

Денені сыздап керетін,

Жамбыл ақын сөйлесе,

Жарасы қалар жарылып,

Ел аңғарып көретін…

Үзіндіде халық сөзін сөйлейтін ақынға, оның өнеріне менсінбей қарайтын ұлықтың қылығы, оған деген өзінің жек көру сезімі ұтымды да әсерлі айтылған. Ұлықты денені сыздап керетін сыздауық жараға теңеп, ұлық қанша сызданғанмен, «Жамбыл ақын сөйлесе, жарылып», масқара болатынын ащы мысқылға айналдырады.

Араны байдың ашылған,

Барды жоқ деп жасырған.

Тебеген есек секілді

Тепкілеп орын бермеді,

Бос жатқан жер қасынан.

Көңілі қалды халықтың,

Хан, төре, ұлық, тақсырдан.

Қысым жасап халыққа,

Ары болды қанішер

Қойға тиген қасқырдан.

Өмір бойы осылар

Аяусыз елге қас қылған…

Жуан білек қамшымен,

Нашарларды қорқытып,

Мазалаған, састырған.

Мұнда хан, төре, ұлықтардың бейнесі, олардың халыққа көрсетіп отырған зәбірі, замана сыйқы көрініс тапқан.

Байлықтың түбі пайдадан,

Өтірік-қулық айладан.

Ұрлық-зорлық талаумен

Жүздеп жылқы, мыңдап қой

Байлар судай айдаған.

Жарлының көз жасынан

Жиналған малы зұлымның.

Тұншығып босқа тұманда,

Адасып талай халықтар

Төте жол таппай жасыған, –

деген жолдарда сол кездің өмір шындығын суреттей отырып, әлеуметтік қорытындылар шығарады.

Ақынның «Мәңке туралы» әйгілі өлеңінің шығуына мынадай жағдай себеп болыпты. Бір үлкен тойда Жамбылдың сәйгүлік аты күміс ер-тұрманымен жоғалады. Бұған Қаржау дегеннің қатысы бары анықталған соң, Жамбыл ол елдің болысы Мәңкеге шағынады. Болыс ұрыны жақтап, ақынға теңдік бермейді Сонда ыза болған ақын елдің алдында осы өлеңді айтады.

Жанғойлық болысы пысық келеді,

Мұрындары пұшық келеді.

Екі арадан ептеп жерінде

Көздерін қысып келеді.

Сөздерін ұзарта келеді,

Өңешін қызарта келеді.

Өнімі азырақ жерде

Үстіне тұз арта келеді.

Ыңыранып отырып алады,

Әр алуан қырға салады.

Ақыры, Құдай жарылқап,

Қалталарын толтырып алады.

Мұнда болыстың әділетсіздігі, екіжүзділігі мысқыл, ажуам

123
скачать работу

Жамбыл Жабаев (1846-1945)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ