Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЖАМБЫЛДЫҢ ҰСТАЗЫ ЕДІ МАЙКӨТ АҚЫН

арасында атағы кеңінен жайылып қалғаны мәлім. Майкөт Сандыбайұлының тәлімгер ұстаздық қырын мынадан да байқауға болады: Жамбыл “Көрұғлы сұлтанды” Сарыбайдың асы өткен соң, Әулиеатаға арнайы іздеп барып, осы Майкөттен үйренген. Майкөт “Көрұғлыны” қырық күн жырласа, Жамбыл он бес күн жырлаған.

Артына әлі жиналмаған мол мұра қалдырып, өміршең өнерпаздық өмірдің ізін салып кеткен ұстаз Майкөт пен шәкірт Жамбылдың дидарласуы бүгінгі күні қазақ әдебиетінде зерттелмей жатқан тың мәселелердің бірі екенін мойындауымыз керек.

Әдебиет зеттеушісі Әубәкір Диваевтың: “Қаратаудың күллі маржанын алқа етіп тағып алған ақын” деп бағалаған Майкөт Сандыбайұлының мұрасын, оның жыр дүлдүлі Жамбылға ұстаздық жолын зерделеу ғалымдар арасында қолдау табары сөзсіз.

Жамбылдың тектілігі, мәрттігі, кішілігі ел арасында аңыз болып тараған. Жүз жылдық өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жамбыл айтысқанда да, арнау жырларында да, дастандарда да осы тұрғыдан айныған емес, сол  себепті  де ол  ел ықыласына бөленді, жаңа заманда  жаңаша түрленді. Жамбыл поэзиясының өміршеңдігінің де, ақын есімінің ел жадынан өшпейтіндігінің де сыры осында. Жамбылдың майталман ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында болған жоқ. Ол өзіне дейінгі  ертеде өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас айтулы ақындар мен  жыршылардың мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгерген, өз шығармашылығына да  негіз еткен. Жоғарыда айтылғандай, менің осындай көлемді де кемел көште тоқталғаным – Майкөт Сандыбайұлы.  Махамбеттен отыздай жас кіші, Абайдан бір мүшелдей үлкен болған, ешқандай ағымға қосылмай, зар заман ақындарының тобын көбейтпей, оңаша күй кешкен Майкөт тұрмысымыздың толымды зерттеуіне татымады. Осынау жыр тарланының Жамбылмен дидарласуы да көптің қалам тарта бермейтін тың тақырыбы. Жамбылды жыр даңғылы десек, оның басқа ақындармен сөз жарыстыруы я қағысу машықтары, я болмаса дидарласа табысқан, танысқан өлеңдері де ел санасынан өшірілмей, қайта дәуір толқынымен жаңа арнаға құйылмағы хақ. Сондықтан “Өлең сөздің пірі — Жамбылдың” көмейінен төгілген ұлы жырдың куәсы болған заңғар жазушы М.Әуезовтің: “Бұл жүз жылдарда бір-ақ көрінетін құбылыс… Гомер деуімізге осы Жәкең ғана сиятын болуы керек”, — деп кесіп айтуы тегін бе? Тегін емес! Жамбыл тектілігінің құпиясын жырларымен, дастандарымен, айтыскерлігімен, ең ақыры, жүз жастың шыңына шықса да, қажымай, алаулай соққан жүрегінің табымен дәлелдеп кетті. Жамбыл бұл фәниден озғанымен, қайталанбас жамбылдығы жұртымен мәңгі жасайды: Ол — өз елінің ар-намысы, үні, жүрегі, қазақ халқының табиғи талантының ақиқат шыңы дегім келеді.

Пайдаланған әдебиеттер: 

М.Сандыбайұлы. Жампоз. Алматы. 2004

Н.Төреқұлов. Жүз жасаған бәйтерек. Алматы. 1989

Ж.Жабаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы. 1982

Ж.Жабаев творчествосы. Алматы. 1989

12
скачать работу

ЖАМБЫЛДЫҢ ҰСТАЗЫ ЕДІ МАЙКӨТ АҚЫН

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ