Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жапония

жолаушылар тасымалдауда олардың кез келгенінен асып түседі. Ал, жолаушылар тасымалдайтын темір жолдарының молдығы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алады. Жапония сондай-ақ аса ірі және ең жаңа теңіз сауда кемелеріне ие болып отыр. Олар кеңінен қолданылады және өзінің ¾ салмағындай жүк көтеріп жүзетін «арзан көлік».

      Жапония шаруашылығының аса маңызды ерекшелігі – оның халықаралық экономикалық байланысқа айрықша кеңінен тартылуында. Елдің нашар қамтамасыз етілуі - өз отыны мен шикізатының жетіспеуінде, сондықтан оның 9/10 бөлігін сырттан алады. Екінші жағынан, елдің экономикасы дайын өнімдерді экспорттауға төтенше тәуелді. Жапония белсенді сауда балансына ие. Дүние жүзінің көптеген елдері жапон фотоаппараты, бейне үнтаспалары, калькуляторы, сағатың автомобилі мен мотоциклін сатып алады. Жапония – барлық Азия – Тынық мұхит аймағы елдерінің басты сауда серігі. Жапон бизнесмендерінің айтатын сөзі – «сауда жасау немесе өлу». Соңғы кезде бұл ел тауар экспорттаудан капатал экспорттауға көбірек ойысып барады. Жапондық тікелей инвестиция негізінен Солтүстік Америкаға, Еуропаға, Азияның басқа да елдеріне  бағытталған.

      Шаруашылығының жер аумақтық құрылымы: екі «жақты» ел. Жапония «алдыңғы» және «артқы» (немесе «күнгей» және «теріскей») дейтін мүлде әр басқа екі бөліктің өзара сәйкестенуімен ерекшеленеді. Жапонияның «алдыңғы бетін» ең алдымен Хонсю аралының жағалау – ойпаты бойынша өтетін аса кең емес (15-65 км) Тынық мұхит белдеуі құрайды. Бұл белдеу – елдің әлеуметтік – экономикалық кіндігі. Басты өндірістік аудандар Токио, Осаки, Нагой, Китакюсю, шикізат пен отынды импорттауға сүйенетін ЖЭС пен АЭС – тің, металлургиялық, мұнай өндейтін және химиялық комбинаттардың, машина жасау завоттарының басым бөлігі осы арала орналасқан. Құрылыс аландарының жетіспеуі салдарынан көптеген, оның ішінде аса ірі кәсіпорындар бүкіл жағалауды бойлай созылып жатқан теңізден «жаулап алынған» учаскелерге салынған.

      Тынық мұхит белдеуі Жапонияның өнеркәсіп белдеуі деген атқа ие болды, бірақ бұл мүлде осылай деп кесіп айтуға келмейді. Оның маңында өнімді ауыл шаруашылығының көптеген басты аудандары, басты-басты көлік магистральдары және елдің аса маңызды аймақтары орналасқан. Жапонияның негізгі көлік қатынасының күретамырын бүкіл Тынық мұхит белдеуін ұзынынан басып өтетін «Синкансен» жүрдек темір жол магистралі құрайды.

      Жапонияның «а р т қ ы   б ө л і н г і н», ең алдымен шеткі аймақ деп аталатын таулы – орманды Хонсю құрайды. Бұл жерде ағаш дайындалады, мал өсіріледі. Мұнда, әсіресе курорттық демалыс пен туризм жақсы дамыған. Жапонияда адамдардың «орын ауыстыруға құмарлығы» сонша – үлкендер де, мектеп оқушылары да көпшілік болып туристік сапармен бір жерден екінші жерге үздіксіз ағылып жатады. Соңғы кезде Жапонияның мемлекеттік аймақтық саясаты бұл экологиялық жағынан таза шеткі аймақты игеруге қатты мән беріп отыр. Тынық мұхит белдеуінің жүгін жеңілдету мақсатымен барлық технополистердің жартысы – ғылым мен ғылым тікелей қатысатын өндірістердің жаңа орталықтары шеткі зона – Хонсю аралында құрылуда. Таяу уақытқа дейін шеткері қалып келген Хоккайдо аралын игеру дүние жүзіндегі ең ұзын Сейкан темір жол туннелін салуға мүмкіндік береді. Алайда, тұтастай алғандағы жер аумағының сәйкессіздіктері баяу шешілуде. 

12
скачать работу

Жапония

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ