Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жастардың жүрегіне жара салған Желтоқсан

арып шыққан қазақ жастарының қайсар үні, қаршадай қазақ қыздарының қайратты қимылы тарихқа айналып, болашақта еліміздің ұл-қыздарын отансүйгіштікке шақырары анық. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ұлттық санамызды оятып қана қойған жоқ, ол сонымен қатар көптеген қандастарымыздың бойына бауырмалдық, өз халқына деген жанашырлық сезім қалыптастырды.
Мұхтар Шаханов «Бес ғасырлық арман немесе желтоқсан тағылымы» атты желтоқсан оқиғасының 10 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференцияда жасаған баяндамасында былай дейді:
─ Иә, ағайындар, кезінде Кеңестер Одағын ғана емес күллі әлемді дүр сілкінткен, Горбачевтің қасқа маңдайындағы дара даққа тағы бір қара дақ қосқан, қылышынан қан тамған Мәскеу тоталитарлық жүйе алпауыттарының қиқулата ат қосқан ғасырдың алғысы, жігіттің намысы, ананың асылдығы, әкенің жасықтығы немесе басымдығы таразыға түскен, жас келін әділдік іздеп сот пен прокуратураның арасын жас қылған, қарт әже немересін жетектеп түрменің есігін аңдыған, шашынан сүйреліп сабалып, ары тапталған ару қыз іштей тынған, сенгені сынған, өздері еңіреген, бұзауы мөңіреген қиқулы, қасіретті шаққа он жыл кейін шегініп, он жыл алыстап барып салиқалы сындарлы көзбен қарайтын мамыржай кезең де келіп жетіпті-ау ?!
Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын, өз халқымды мақтан етемін!» деп 1986 жылғы желтоқсанның 31-і күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбинмен жазушылар одағында болған кездесуде берген сұхбатында жастарды жазықсыз жазалаған өкімет адамдары екенін ашық түрде беттеріне айта келіп, «Мен сондай ұят оқиға және оның артынша не болғанын естігенде, жасырып қайтейін, осы күнге дейін өмір сүргеніме өкіндім» - дейді. Бұдан түйгеніміз: осындай ағалардың болғанына да тәубе дейміз.
Павлодарлық ақын ағамыз, желтоқсан оқиғасының куәгері Арман Қани «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ» атты мақаласында көтеріліс күндеріндегі Ертістің Павлодар өңірінде орнаған саяси хал-ахуалды сипаттаған. Ал «Бұл қалай болған еді?» атты екінші мақаласында егемендігіміз бен тәуілсіздігімізді нығайтуға ықпал еткен облысымыздағы саяси оқиғалар жайында баяндалады.
«Атышулы бесінші Пленумның соңы Алматыда қандай да бір төтенше оқиғаға әкеп соқтырғанын павлодарлықтар сол 17-желтоқсанның күні-ақ сезді. Алматымен телефон байланысы үзілді. Жазушылар үйіндегі таныс қаламгерлермен код арқылы хабарласпақ болуымыздан еш нәтиже шықпады. Сол кездегі әдетімізше «Голос Америки» тәрізді радиостанциялардың хабарларына құлақ түргенімізбен, маңызды ақпарат ала алмадық. Қазақ тілінде хабар тарататын «Азаттық» радиостанциясы «Алматы қаласында қазақтар большевиктерге қарсы ашық күреске шықты» дегеннен басқа мардымды ештеңе айтқан жоқ. «Азат» азаматтық қозғалысының Павлодар облыстық бөлімшесін ұйымдастыруды Бикеш Орханқызы Дүрманова қолға алса, негізін қалауға ағайынды Мейрам, Мақсұт Калиевтер белсене ат салысты. Бөлімше ресми тіркеуден өтпей тұрған кездің өзінде азаттықтар түрлі саяси оқиғаларға қатысып, әрекет ете бастады» дейді.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымының .кандидаты, доцент, желтоқсанға қатысушы Зейнуллина Айман Файзоллақызы желтоқсан оқиғасы жайлы былай дейді: «Адам ғұмырындағы мәңгі есте қалар тағдыр парағы қалыңдай түскен сайын, оның мазмұны да, бағасы да тереңге түседі. Енді, міне араға 20 жылға жуық кезең өткенде сол бір желтоқсанның ызғарлы күнінде алаңға не үшін шықтық? – деген сауал қоямын өз-өзіме. Алда не күтіп тұрғанын білместен, БТР, әскери машиналар қалқанды жазалаушылар қаптап келе жатқанда да, айылымызды жимастан, бейбіт түрде «Менің Қазақстанымды» айтып тұра бердік. Сапер күрегі жігіттердің басына тиіп, қыздар бұрымынан сүйретілгенде ғана біз аңсаған тәуелсіздіктің қойған талабының бірден жүзеге аспайтынына көз жеткіздік. Жазалауға ұшыраған жастардың тартқан жан азабы мен тән азабы тәуелсіздігіміздің төлеуі ғой. Арқамды осып өткен келтектің соққысын кезінде ауырсынсам да, дәл қазір таяқ жегеніме ешқандай налымаймын. Егер біз дәл солай жазаланбасақ, жазаланудан қорқып, алаңға бармасақ, тәуелсіздік келер ме еді? Желтоқсан тек қазақтарды ғана емес, Одақтың бұғауындағы өзге ұлттарды да оятты. Мен онда Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық иститутының соңғы курсының студенті едім - дей келіп, онан әрі «Қ.Рысқұлбеков Ж.Тәшенов, Қ.Күзенбаева істерінің (Савицкийдің өлімі туралы материал) қазақ тіліне аудару жұмысын берді. Марқұм Салтанат Қожахметова, Жанар Рүстемова көзімізде жас, қолымыз дірілдеп, медициналық сөздікті аударып отырып, жазу жаздық.» ─ дейді. Бұдан әрі Айман Файзоллақызы ПаУ-дың ұстазы Шакаман Рыскүл Бектемірқызы, Жақаева Сәулелердің желтоқсанға қатысқандары туралы да айтты. Желтоқсандықтардың көпшілігі өздері туралы айтқылары келмейтіндігін аңғардық.
«Қазақтар өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында тек патша отаршылдары мен Кеңестік жүйенің озбырлығына қарсы 200- ден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққан екен. Соның ең соңғысы ─ тоталитарлық жүйенің темір құрсауын талқандауға арналған қазақ жастарының желтоқсан қозғалысына да 20 жыл толды. Тәуелсіздік жолындағы мұндай ұмтылыстардың бәрі ел тарихының ең қастерлі парақтары ретінде әрқашан жадымызда сақталатын болады»,- деді ҚР Президенті ҚР тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде..
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында»атты кітабында:» 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» ─ деп дәл бағалаған.
Желтоқсан пәлен жылдар бойына мызғымас қамал саналып келген Кеңестік империяның іргесін мүжіп, көбесін күйретіп, ақыры жер бетінен жойылып тынуына ұрындырған пәрменді соққы болып тиді. Осы орайда, Желтоқсан қозғалысын, біріншіден, ішкі ұлттық маңызы бар оқиға (ұлттың өзін-өзі тану сезімінің оянуы), екіншіден, жалпыодақтық деңгейдегі (одақтас республикалардың егемендігіне серпін берген) оқиға ретінде, үшіншіден, әлемдік маңызы бар (социалистік лагерьдің күйреуінің басталуы) аса салихалы көп сипатты әлеуметтік сілкініс ─ атышулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артық емес,─ дейді жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев.
86-ның Желтоқсаны қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айырықша ықпал етті, қазақтың өзін-өзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті. Бұл күн ─ жалынды жастарымыздың тәуелсіздік көксеген рухы алаулаған күн! Бұл күн ─ азаттық үшін алысып, намыс үшін шабысып, басты бәйгеге тіккен күн! Сондықтан да, бұл күн ешқашанда ұмытылмақ емес, қандай жағдайда да болсын, атаусыз қалмақ емес. Олай болса, жарқын болашақтың беташары болған Желтоқсан еліміз бен жеріміз үшін, қабырғалы халқымыз үшін, ұлтымыз бен ұлысымыз үшін маңызы зор тарихи белес. Міне, мұның бәрі өң бе, түс пе, сенесің бе, сенбейсің бе? Біздер бұл қанды оқиғаны көрмесек те, көргендей күй кешіп жазып отырмыз. Осы ащы шындықты неге айтпасқа, не бөгет болып отыр? Біздің ойымызша, жоғарыда отырған кейбір ағаларымыз кезінде осы желтоқсандықтарды қолдамады, қарсылық білдірді, жалтақтады, енді шындық сыртқа шықса, елге масақара болудан қорқады деп ойлаймыз. Оны мен ашық айтатыным газет беттерінде еміс-еміс айтылып та, жазылып та жатыр. Тіпті облысымыздың бір кездегі басшылары да кезінде қателесіп алып, қазір жоғары лауазымда отырған жайлары бар. Жарайды 30 жыл өтсе де әйтеуір бір шындық айтылатынына біз сенеміз.
Рух туы желбіреп тұрғанда өткенге тас лақтырып қарғыс айтпай, одан сабақ алып, жіберген қателігімізді қайталамай, найзаның ұшымен, рух-намыстың күшімен қорғаған ата-баба аманатын орындау ─ бүгінгі ұрпақтың парызы.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Желтоқсан құрбандарын жоқтау» еңбегі «Алаш ұландары ақталды» Алматы «Жалын» 1992 жыл
2. «Қайрат» қоғамының дүниежүзі ұлттар қауымдастығы» «Жасырын хат» «Дауа» газеті № 10 (40 ) желтоқсан, 1993 жыл
3. М.Есжанова «Шахановтың шығармаларындағы желтоқсан тақырыбы»» «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №12, 2003 жыл
4. М.Шаханов «Бес ғасырлық арман немесе желтоқсан тағылымы» «Қазақ әдебиеті» газеті №51, 17 желтоқсан, 1996 жыл
5. М.Шаханов «Рух пен ыза дауылы немесе ғасырлар қойнауынан атылған оқ» «Жас қазақ» газеті №37 (89), 2006 жыл. 3-бет.
6. Т.Молдағалиев «Мен – қазақпын, өз халқымды мақтан етемін!» «Егемен Қазақстан» газеті 2006 жыл. 10-бет
7. А.Қани «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ» және «Бұл қалай болған еді?» «Ертіс дидары» газеті №6, 13-желтоқсан, 2002 жыл. «Ар алдында» жыр жинақ Павлодар қ. 2001 жыл
8. Б.Жүнісбекұлы «Желтоқсан шындығы толық айтылды ма?» «Ақиқат» журналы №10, 1996 жыл
9. «Желтоқсандықтар үн қатты» «Егемен Қазақстан» газеті 30-тамыз 2006 жыл. 10-бет
10. Ф.Бықай «Қыздардың сен, жүрегіне жара салдың, желтоқсан!..» «Сарыарқа самалы» газеті №136, 28-қараша, 1996 жыл
11. М.Садықұлы «Намыс оты лапылдап» «Жұлдыз» журналы №11, 1996, 23-бет
12. Т.Айтбайұлы,Т.Зейнәбін «Алматы 1986 Желтоқсан 3-кітап» Алматы, 1992 жыл
13. М.Қозыбаев «Жауды шаптым ту байлап» 3-бет
14. К.Табей «Қайсар рухты қазақ» Қайрат Рысқұлбеков «Алматы» 1994 жыл.
15. Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» Алматы. Атамұра 2003

123
скачать работу

Жастардың жүрегіне жара салған Желтоқсан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ