Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жасушалық тыныс алу

л пайдаланылады. Осыған орай қажеттi нәтижеге жетедi. Қайтадан гликолиз процесiнде бөлiнген сутегi атомын қосып алатын НАД + түзледi, және гликолиз одан ары жалғаса бередi, яғни АТФ-тың белгiлi бiр мөлшерi синтезделедi. Әртүрлi организмде ашу жолдары әр түрлi.

9; Спирттiк ашуды шарап жасаудың химиялық мәселелерiмен шұғылданғанда Луи Пастер толық зерттедi (Louis Pasteur). Шарапты жүзiм шырынына бiр клеткалы саңырауқұлақ- ашытқысын қосып дайындайды. Ашытқылар жүзiм шырынындағы қантты приуватқа дейiн ашытады. Приуваттың әр молекуласы көмiртегiнiң қостотығы молекуласы мен қоскөмiртектi қосылыс — ацетальдегид молекуласына дейiн ыдырайды. Ацетальдегид НАД*Н+ Н+-тан сутегiнiң екi атомын қосып алып, қоскөмiртектi спирт — этанолға немесе этил-спитiне айналады — ол алкогольдi iшiмдiктiң белсендi ингредиентi. Бұл сутегi тасымалдануының процесi нәтижесiнде гликолиз процесiне қайтып келiп, жаңа сутегi атомын қосып алатын НАД+-тi бөледi, сөйтiп ашытқылар АТФ синтезiн жалғастырады.

9; Ашу процесi ортадағы қант бiткенше жүре бередi. Ашу бiтер алдында, құтының ауызын жауып, көпiршiктi шарап алады, оның құрамында әлi көмiрқышқыл газы бөлiнедi. Жас шарап бар; Евангелииде жас шарап туралы айтылған. Көпiршiктi виноның шампан түрiн өндiру үшiн шарапты қалың құтыға құйып, ашу басталмай тұрып аузын жабады. Құтының аузы жабық болғанда, көмiрқышқыл газы ерiген күйде қысымда болады, егер аузын ашса, ал атылып, көпiршiк ретiнде шығады. Ашытқылар спирттi тек оттегi жоқ немесе ол жеткiлiксiз жағдайда түзедi, егер оттегi жеткiлiктi болса, олар қантты көмiртегiнiң қостатығы мен суға дейiн толық ыдырайды. Шарап бөшкесiнде ашу процесi қарқынды жүрсе, тез бөлнетiн көмiрқашқыл газы ауаны сұйықтың бетiнен ығыстырып, оттегiге шараптың iшiнде еруге мүмкiндiк бермейдi . Бiрақ, ашу бәсеңдесе,оттегi кiрмеу үшiн бөшке аузын тез жабу керек. Егер бұлай жасамаса, ауадан шарапқа бактериялар өтiп, отттегiнi пайдаланып, спирттi сiрке қышқылына айналдырады. Осындай жолмен жүзiм сiркесуын дайындайды (сiрке қышқылы сiрке суында болатын қышқыл).

9; Ашытқы тудыратын спирттiк ашу отын ретiнде пайдаланылатын этил спиртiн алу үшiн қолданылады. Көптеген зерттеушiлер жүгерi және басқа өсiмдiктердегi қанттың көп мөлшерiн этил спиртiне аударатын ашытқы түрлерiн жасаумен шуғылдануда.

9; Ашудың кең тараған тағы бiр түрi – шамадан тыс бұлшықет жұмысы жасалғандағы адам организмде болатын процесс. Қалыпты жағдайда бiздiң клеткалар оттегiмен қамтамасыз етiледi яғни тыныс алу процесi жүредi. Бiрақ бұлшықет оттегiнi тез пайдалана бастайды, сонда олар АТФ-тi ашу жолымен синтездейдi. Бұлшықетте пируват көмiртегiнiң қос тотығы мен спирт түзбейдi, ол 3 көмiртектi қосылыс сүт қышқылын, майды түзедi. Ол пируватқа НАД*Н+ Н+-тен екi сутегi атомының қосылуынан түзiледi. Босаған НАД+ жаңа сутегi атомдарын қабылдай бастайды,өйткенi гликолиз үздiксiз жалғаса бередi.

Бұлшықетте түзелетiн, сүт қышқылы қанға өтедi. Бiрақ сүт қышқылының көп мөлшерде жиналуы организм үшiн зиянды. Ауыр жұмыстан кейiн, бiз терең демалып « оттегiнiң орнынын толтырамыз ». Сүт қышқылы бауырға өтiп, одан сутегi бөлiнедi, яғни қайтадан пируватқа айналады. Ендi оттегi болғандықтан, пируваттың энергияны бөле жүретiн ыдырау — лимонқышқылы циклы немесе электронтасымалдау тiзбегiмен жүредi. Бұл энергия пируваттың қайтадан глюкоза гликоз арқылы жүруiне жұмсалады. Глюкоза қайтадан қанға өтiп, бұлшықетке келедi, ол жерде гликоген түрiнде жиналады.

Басқа да қоректiк заттар

Әртүрлi қоректiк заттардың молекуласы бар, көп клеткаларды «швед столы» деп айтуға болады, ол жерде тынысалу процесiнде глюкозаны ыдыратып, осы жолмен АТФ синтезделедi. Бiрақ энергияның қоры барлық органикалық заттарда болғандықтан, кез-келген осы жағдайларда ыдырауы мүмкiн, яғни АТФ синтезiне қажеттi энергия көзi болып табылады.

Гликолизге глюкозадан басқа көптеген көмiрсулар қатысады. Полисахаридтер өздерiнiң мономерлерiне дейiн, яғни жәй қантқа дейiн, ал алты бұрышты қанағаттандыратын гликолизге қажеттi глюкозаға немесе фруктозаға дейiн ыдырайды.

Май қышқылдары, тамақпен организмге өтiп, гликолизге қатыспайды, бұл жол тек көмiрсуларға ғана жүредi, май қышқылдарының ыдырау жолдары тыныс алу процесiне бiз қарастырған, ацетил-коА түзiлетiн кезеңiне қосылады. Май қышқылдары екi көмiртектi фрагменттерге ыдырайды, олар кофермент А-мен қосылып, ацетил-Ко-А-ны бередi. Ацетил –Ко-А лимон қышқылының циклында өзгерiске үшрайды, бұл циклде түзлетiн НАД*Н және ФАД*Н электронтасымалдау тiзбегiне жылжиды.

Егер тағаммен аминқышқылы көп мөлшерде келсе, бұл аминқышқылдарын организм энергия көзi ретiнде пайдалануы мүмкiн. Организмнiң белоктары тек ұзақ уақыт ашаршылықтан кейiн, көмiрсу мен майдың қоры бiткеннен соң пайдаланылады. Белок синтезiне қажетсiз, аминқышқылы дезаминделедi, яғни олардан амин тобы үзiледi. Дезаминдеуден кейiн көмiртегi, сутегi және оттегiден туратын молекула қалады- олар көмiрсу және май құрамына кiретiн элементтер. Әртүрлi аминқышқылда бұл бөлiктiң құрылымы әртүрлi. Кейбiреулер ол пируватқа жақын және тыныс алу процесiнiң белгiлi кезеңiне қатысуы мүмкiн, басқаларының ыдырауы коА-ға қосыладын ацетил тобын бередi немесе лимон қышқылы циклының белгiлi бiр компонентiн түзуге әкеп соқтырады.

Айтылғанның бәрi бiздiң лимон қышқылының циклы және электрон тасымалдау тiзбегi қоректiң заттардың энергияны бөлiп шығаратын ыдырау жолының соңғы бөлiгi екенiне көзiмiздi жеткiзедi.

Көмiрсулардан да, белоктардан май жиналатынына назар аударыңыз. Кез-келген тағамның шамадан тыс мөлшерi бiздiң денемiзге май қоры ретiнде жиналуы мүмкiн ( триацилглицеролдар). Бұл –жылдан жылға көп мөлшерде қосылатын денемiздегi «қор». Ешқандай диетасыз — желiнетiн тағамның мөлшерiн азайтпаса – бiзге салмағымызды азайтуға көмектеспейдi. Арықтау үшiн, аз тамақ iшу керек немесе энергияны көп пайдалану керек –қалғанның пайдасы жоқ.

Майлар – полярсыз қосындылар, олар суда ерiмейдi және концентрациялы май тамшыларына жиналады. Олардан энергия белок пен көмiртегiге қарағанда есе көп бөлiнедi. Бұл майда энергиясы көп көмiртегi — сутектi байланыстыр көптiгiне байланысты. Майдың полярсыз табиғатына орай және оларда энергияның көп болуына байланысты, жануарларда өзiнiң энергиялық қорын май түрiнде жинау тиiмдi. Бауыр мен бұлшықеттерге көмiрсу гликоген түрiнде жиналады; ол энергияны пайдалану үшiн дайын тұрады.

Өсiмдiктерде энергиялық қор крахмал түрiнде, яғни көмiрсу түрiнде жиналады. Көмiрсулар ОН-тобына байланысты полярлы, сондықтан суды тартып, ұстап турады. Осыған байланысты олар көп орын алады, бiрақ өсiмдiктердiң жануарлардан айырмашылығы олар қозғалмайды, қор заттардың бойында сақтау қажеттiлiгi жоқ. Көмiрсуларды, майларға қарағанда тез пайдалануға болады. Сондықтан да, эволюция процесiнде өсiмдiктер энергия қорын көмiрсу түрiнде пайданалуға бейiмделген.

123
скачать работу

Жасушалық тыныс алу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ