Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс
йналым санымен өлшенеді. Айналым процесінде қызметін жүргізуші капитал негізгі және айналым капиталына түседі.
Негізгі капитал — бұл өндірісте тікелей қатысатын және өзінің құнын жаңадан жасалатын өнімге бөліктер бойынша ауыстыратын өнімді капиталдың (ғимарат, құрылыс, машиналар, өзге еңбек құралдары) бөлігі.
Айналым капиталы — бұл өндіріске тұтастай қатысатын және өзінің құнын жаңа жасалатын өнімге бірден ауыстыратын өнімді капиталдың (шикізат, қосымша материалдар, жұмыс күші және т.б.) екінші бөлігі.
Пайдалану процесінде негізгі капитал физикалық және моральдық тозуға ұшырайды.
Физикалық тозу — негізгі капиталдың оларды ұзақ уақыт және интенсивті пайдалануы нәтижесінде өзінің тұтыну құнын жоғалту процесі, сондай-ақ ыстықтың, ылғалдың, суықтың, желдің және т.б. табиғат күштерінің әсерімен тозуы.
Моральдық тозу — негізгі капитал жаңа машиналар өндірісі және жабдықтар шығарудан өзінің құнын жасалатын өнім құнына ауыстыруымен ғылыми-техникалық прогрестің тигізген салдары. Моральдық тозудың екі түрі бар. Біріншісі, өндіріс құралдарын өндіретін салалардағы экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жаңа машиналар еңбек өнімділігін көтеру нәтижесінде, тауарларды неғұрлым аз шығынмен өндіруі. Мұндай машиналардың қоғамдық құны ескі, неғұрлым қымбат машиналарға құнсызданады және өзінің бүкіл құнын өнімге ауыстырып үлгере алмайды. Екінші түрі бірдей мақсаттағы жабдықтардың пайда болуымен байланысты, бірақ та құрылысы жетілдірілген болады, ол еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімдер бірлігіне, оның шығындарын төмендетуге әкеледі. Нәтижесінде жұмыс істеп тұрған жабдықтар жартылай (ішінара) құнсызданады. Негізгі капиталдың тозуына қарай амортизациялық қор өзінің құнын өндірілетін өнімдерге бірте-бірте ауыстырады. Пайыздар түрінде білдірілген негізгі капитал құнына амортизациялық аударымдар (жарналар) сомасының қатынасы амортизация нормасы болып саналады.
Негізгі капиталдың тозуы кезеңіне банктерде жинақталған амортизациялық қор оны айырбастауды немесе жөндеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Түйін
Аталмыш тақырыпта материалдық игілікті жасаушы және тұтынушы ретіндегі адамның мінез-құлқы (тәртібі) қарастырылған, ол өндіріс құралдарын қолданысқа келтіруші ғана болып саналмайды, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану тәсілдерін айқындайды. Осыдан «адам факторы», «адам капиталы» деген экономикалық категориялар мен олардың маңыздылығы пайда болады.
Экономикалық категория материалдық, әлеуметтік, интеллектуалдық ресурстардың шектеулілігі жағдайында кімге және қалай шығару керектігін таңдау, осылардың барлығы адам қажеттіліктерінің шектеусіз екендігін барған сайын күшейте түседі. Адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру сияқты экономиканың басты міндеттерін шешу кезіндегі өндіріс ресуртары мен факторлары арасындағы бір-бірін өзара толықтырушылықтар көрсетілген.
Қоғамдық өндіріс құрылымдары (материалдық және материалдық емес өндіріс), қарапайым және ұлғайтылған ұдайы өндіріс проблемалары, оларды дамытудың экстенсивті және интенсивті жолдары көрсетілген. Өндірістің негізгі және айналым қорларының айналымы туралы үздіксіз айналымдары, сондай-ақ олардың қозғалыс сатылары мен уақыты, қорлардың физикалық және моральдық тозуына талдау жасалған.
Жаңа терминдер мен негізгі түсініктер
Адам капиталы
Экономикалық адам мінез-құлқы (тәртібі)
Біліктілік
Адам модельдері
Өндіріс ресурсы мен факторлары
Ресурстардың шектеулілігі
Материалдық және материалдық емес ресурстар
Қарапайым «жай» және кеңейген ұдайы өндіріс
Дамудың экстенсивті және интенсивті жолдары, капиталдың үздіксіз айналымы және айналымы.
Практикум
1. Адам капиталы дегеніміз не?
2. Адамның физикалық және рухани қабілеттері қай уақытта капитал жұмсау объектісіне айналады?
3. Әдеттегі капитал (станоктар, жабдықтар, фабрикалар) мен адам капиталы арасындағы айырмашылықты түсіндіре білу, егер алғашқысы тозып және тұрақты толықтырып, қалпына келіп отыруды талап етсе, онда екіншісі капитал ретінде өзін-өзі ұдайы өндіру қабілетіне ие болады, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары неде?
4. Экономиканы дамытудағы өндіріс ресурстары мен факторларының маңызы мен орны
5. Таңдау, ресурстардың шектеулілігі және адам қажеттілігінің неге шексіз екендігін, экономикалық категориялардың маңызын түсіндіру
6. Өндіріс құрылымы, оның түрлері мен маңызы түсінігіне талдау жасау
7. Қарапайым (жай) және кеңейтілген ұдайы өндіріс түсінігін, қоғамдық дамудағы экономикалық игіліктер үздіксіз айналымы мен айналымының маңызын түсіндіру.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Адам капиталы түсінігінің маңызы қандай?
2. Адам капиталының өзге капитал формаларынан несі ортақ? Ол неге капитал деп аталады?
3. Біліктілік түсінігінің мазмұнын түсіндіріңдер. Жауапкершілік, ептілік, білгіштік, тәжірибе, білім түсініктерінің мағынасын ашып беріңдер
4. Ұлттық экономика әрекетінің материалдық-заттық нәтижелері неден тұрады?
5. Ресурстардың шектеушілігі және дұрыс таңдау — экономикалық категориялар түсініктерінде не ортақ?
6. Ұдайы өндірістің негізгі формаларына сипаттама бер және олардың формалары арасында не ортақ?
7. Кеңейтілген ұдайы өндірістің екі құрылымдық бөлімдері (Маркс формуласы бойынша) арасындағы пропорцияны көрсетіңдер?
Тестілер
1. Адам капиталы түсінігіне инвестициялар кіреді:
а) білім беруге, денсаулық сақтауға
в) жол құрылысына, мешіттер мен шіркеулер құрылысына
с) жұмыс күші миграциясына және ақпараттар алуға
d) ұлттық банкі және опера театрлары ғимараттары құрылысын салуға
е) а) және в) жауаптары ғана дұрыс
ж) барлық жауаптар дұрыс
2. Өндірістік ресурстар мыналардан тұрады:
а) табиғи ресурстар — қалпына келтірілмейтін табиғи күштер мен заттар
в) ұсақ тауар өндірушілер жасаған материалдар мен шикізаттар
св) ауыл шаруашылық кәсіпкерлерінің жеке ресурстары
с) зауыттағы жолданбалы жұмыс күші
d) мемлекеттің ақша қаражаттары
е) а) және г),д) жауаптары ғана дұрыс
ж) барлық жауаптар дұрыс
3. Өндірістің негізгі факторлары болып саналатындар:
а) жер, аспаз еңбегі
в) капитал, ұсақ және орта кәсіпкерлердің еңбегі
с) мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбегі
d) педагогтың, ғылымның, дәрігердің, министрдің, жауынгердің еңбегі
е) саудагердің, менеджердің, маркетологтың еңбегі
ж) а), б), в) жауаптары дұрыс
з) барлық жауаптар дұрыс
4. Қоғамдық ұдайы өндіріс мына кезеңдерден тұрады:
а) сапалық өзгерістер, қозғалулар
в) өркендеу, құлдырау
с) өндіріс, бөлу
d) айырбас, тұтыну
е) барлық жауаптар дұрыс
ж) в), г) жауаптары ғана дұрыс
5. Қосымша құнның (m) жинақтау қорына m1) және тұтыну қорына түсуі (m2) мыналарға (m = m1 + m2) қатысты болады:
а) қосымша өнім құнның шамасына
в) өндірістің меншік иелерінің қалауына
с) еңбек өнімділігі деңгейі мен капиталдың техникалық құрылысына
d) жұмыс істеуші капиталдың өзінің мөлшеріне
е) а), в), г) жауаптары дұрыс
ж) барлық жауаптар дұрыс
6. Келесі анықтамалар экономикалық өсудің қандай түрлеріне (экстенсивті және интенсивті) жатады?
а) біліктіліктерін арттырусыз, жұмыс істейтін жұмыскерлер санын көбейту
в) өндірістің материалдық факторларын (шикізат, материалдар, отын және т.б.) ұлғайту
с) өндіріске капитал жұмсауды көбейту
d) негізгі қорларды жаңарту
е) өндірісті ұйымдастыруды (басқару, маркетинг, кооперация және т.б.) арттыру
ж) негізгі және айналым қорларының айналым жасаушылығын жеделдету
з) жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды жақсарту
| | скачать работу |
Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс |