Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жеке бас құжаттары

редакциямен көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымының кандидаты", "биология магистрі", т.б.
Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз.
Қызмет бабымен, саяхатшы ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.
Жеңіл машина немесе көліктердің басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.
Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады.
2. Түйіндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс.
Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді түйіндемеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық (күнтізбелік және қызметтік тәсілдер).
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс өтіліңіз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда ұстайды.
Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс өтілі кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".
Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.

Түйіндеме үлгілері
Т Ү Й І Н Д Е М Е
Аты-жөні: Сұлтанова Назира Айханқызы
Туған жылы, күні, жері: 1914 ж. 4-сәуірде Талдықорган қаласында тудым.
Мекен-жайым: Алматы қаласы, N. Тілендиев көшесі, 21, 3.
Үй телефоны: 41-00-43
Мамандығым: заңгер, тарихшы.
Сала: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері.
Білімі мен қызмет жолы туралы мәлімет:
Қазақ мемлекеттік зац университетініц аспиранты 1997-2000 жж.
Ілияс Жансугіров атындагы университеті тарих факулътетініц оқытушысы /995-1997 жж.
Ілияс Жансүгіров атындагы Талдықорган университеті тарих және қуқық факультетініқ студенті — 1991-1995 жж.
Негізгі мәліметтер. Казақстан тарихы, қуқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жумыстарын жүргіздім. "Әлихан Бөкейхаповтың саяси, қуқықтық көзқарастары" тақырыбында кандидаттық диссертация жаздым. Республика, қала, жоғары оқу орындары колемінде өткен конференцияларды баяндама жасадым. Жогары оқу орнында жұмыс істеген тәжірибем бар. Қоғамдық жумыстарға белсене араласамын.
Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Ағылшын және орыс тілін жақсы білемін. Компьютермен қолданушы ретінде жұмыс істей аламын. Туристік сапармен Туркия, Қытай, Корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жургізе аламын (1998 жылдан). Көпшілікпен жумыс істегенді ұнатамын. Ұйымдастырушылық қабілетім бар. Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын.
Әуестіктері Театрға, спорт жарыстарына барганды, кітап оқығанды ұнатамын.
Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік заң университеті Мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр.
4 наурыз 2000 жыл (қолы) Сұлтанова Н.А.

Түйіндемеде жұмсалатын терминдер және термин клишелері:

ұлт _________________ ұлтым – неміс (украин)
азаматтық ---------------- Қазақстан Республикасының
азаматы білім _______________ жоғары білімді
орта білімді отбасы -------------- отбасым бар
жұбай үйленгенмін
бала үйленбегенмін
қыз тұрмыстамын
ұл ажырасқанмын
қыз тұрмысқа шақканмын
ата-ана тұрмысқа шықпағанмын
Спортпен айналысамын: ат спортын, футболды үнатамын, I разрядты волейболшымын.
Компьютерде, интернетте, ЭЕМ машиналарында жұмыс істей аламын
Қазақ, ағылшын, орыс
тілдерін меңгергенмін, меңгермегенмін
орташа меңгергенмін, түсінемін, оқи аламын, сөздікпен аудара аламын, жаза аламын
жұмыс өтілі, еңбекақы, үстеме ақы, марапаттау, еңбек кітапшасы, дәрігерлік сараптау қорытындысы.

3. ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ
Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы - жұмысқа қабылдану, сайланбалы оргаңдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомстволар талап еткен басқа жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.

НЕГІЗГІ СӨЗДІК

Жеке іс парақ /ғы/ - личный листок
Кадрлар жөніндегі жеке
іс парағы - личный листок по
учету кадров
жүмысқа қабылдау - принять на работу
кадрлар жөніндегі жеке іс парағын толтыру - заполнить личный
листок по учету кадров
тек / тегі/ - фамилия
аты - имя
әкесінің аты - отчество
туған жылы, айы, күні - год, месяц,
число рождения
азаматтығы - гражданство
ұлты - национальность
әлеуметтік тегі - социальное происхождение
жынысы - пол
білім - образование
мамандық - специальность
жоғары /орта/ оқу орны - высшее (среднее) учебное заведение
дәреже - степень
атақ - звание
ғылыми еңбек - научный труд
өнертабыс - изобретение
лауазвім - должность
жұмыс істеген жылдары - трудовой стаж
шетел - иностранное государство
сайланбалы органдар - выборные органы
әскери қызметке қатысы - отношение к воинской службе
әскери атагы - воинское звание
толтыру -заполнить
көрсету - указать
мәлімет - сведения
марапаттау - наградить
жариялау - объявить
міндетті міндетті емес - обязан - не обязан

Грамматикалық минимум
жалқы есім
сан есім /жыл, ай, күн аттары/ жер-су атаулары
жоғары оқу орнының, мекеменің, ұйымың, сайланбалы органдардың атаулары
Мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтардың атаулары
ырықсыз етіс тұлғасы
тұйық рай
номенклатуралық атаулардың емлесі.

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
1. Тегі Аты
Әкесінің аты
2. Жынысы
3. Туған жылы, айы, күні
4. Туған жері
5. Ұлты ______
6. Әлеуметтік тегі
7. Білімі
ауыл, аудан, қала, облыс
Азаматтығы
Диплом бойьшша мамандығы.
Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері.
8. Қандай тілдерді білесіз ,қандай дәрежеде
9. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ______^______
10. Ғылыми еңбектері және өнертабыстары_________
11. Жүмыс істеген орны, лауазымы, жұмыс істеген жылдары
Жұмыс істеген орындарының мекен-жайы.
12. Шетелдерде болуы __^_____^__^_^___
13. Сайланбалы орындарға қатысуы
14. Мемлекеттік наградалары _^___
15. Әскери қызметке қатысы______әскери атағы
16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі)_______^^___^__^__
17. Мекен-жайы
Толтырылған уақыты Қолы __^^___^^__

4 Визит карточкасы
Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.
* Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.
* Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.
* Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.
- Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекүлы.
* Қызметі. Тек ресми атқаратын кызметі жазылады. «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.
* Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар кажеттілігіне карай көрсетіледі.
* Жүмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады. Егер мобильді жүйедегі байланыс болса, жеке кодымен көрсетіледі.
* Визит карточкасы 50x90 миллиметрлік көлемдегі қатты қағазда жасалады.
* Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына карай жасалады.

5. Қазақстан Республикасы КЕДЕН МАҒЛҰМДАМАСЫ
Кеден мағлұмдамасы – мемлекеттің Әділет Министрлігімен тіркелген, оның қойған талаптарына сай жасалған, кеден арқылы өтетін жүк туралы ақпаратты (тауар туралы, жүк туралы, құндылықтар туралы, валюта т.б. туралы) мәлімет беретін құжат. Кедендік мағлұмдама жүк беруші адаммен толтырылады да жүктің мемлекеттің шекарасынан қабылданған ережеге сай өтуін бақылайтын құзіретті кеден органдарына беріледі. Кеденге тапсырылатын жүк туралы берілген мәліметтің толықтығына , дұрыстығына жауапты болып кеден мағлұмдамасын толтырушы саналады. Мағлұмдамада көрсетілмеген және кеденнен рұқса

1234
скачать работу

Жеке бас құжаттары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ