Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жер экожүйесіндегі адамзат. Экологиялық демография



 Другие рефераты
Көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері мен экологиясы Каспий теңізін қорғау Әлемдегі ең ашық-шашық полигон Әлем экологиялық проблемалары

Адам – жер бетіндегі белгілі болып отырған 3 млн. биологиялық түрдің бірі болып саналады.Ол орны жануарлар дүниесі жүйесінен орын алған:

Сүтқоректілер класы,приматтар отряды,гоминад тұқымдасы,адам туысы, қазіргі уақытқа дейін тек қана бір ғана түр – саналы адам  (Нотто sapiens)  сақталған.

Адамның биологиялық табиғаты барлық тірі  дүниеге бағытталған және өзінің көбеюіне және ұрпағын өсіру мен тәрбиелеуге, оларға максимум қауіпсіздік жасауға, өмір сүруге барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Бұл жағдайларды жүзеге асыру адамның өзін қоршап тұрған ортасымен тікелей байланысты.

    Адамзатқа табиғатта, популяцияда  болып жататын барлық экологиялық құбылыстар мен жағдайлар әсер етеді.Бұл адамнай популяциядағы барлық биологиялық түрлерге ұқсастығын көрсетеді.

Популяциядағы басқа да биологиялвық түрлерден адам баласының ерекшеліктері де басым, оларды табиғатпен экологиялық  байланыстарынан және оларды жүзеге асыру барысындағы  атқарылатын формаларының ерекшеліктерінен көруге болады.

Осылайша, адамның басқа биологиялық түрлермен ұқсастығы оның биологиялық шығу тегіне, биологиялық заңдылықтар жүзеге асатын  табиғатына байланысты.Ал олардың экологиялық айырмашылығы оның  адамдар қоғамының яғни,  қоғамдық және әлеуметтік заңдылықтар жүзеге асырылатын  қоғамда өмір сүруінде.Бұл екі құбылыс ғаламшарда жалғыз ғана биоәлеуметтік түр  болып саналатын, тек адамзатқа ғана тән құбылыс.

Өзінің шығу тегіне, құрылысына және ағзаның атқарар қызметіне  байланысты адам Жер бетіндегі басқа  тіршілік иелерінен сапалық жағынан экологиялық байланыстарына қарай  ерекшеленеді.

Адамның принципиалды экологиялық ерекшеліктері: келісілген қоғамдық іс-әрекетке негізделген айқын әлеуметтілік ,ерекше энергиялық қарулану және  әртүрлі еңбек құралдарын   жан – жақты пайдалану. Бұл ерекшеліктер жер бетіндегі тірі ағзалар үшін табиғатпен әлеуметтік – экологиялық  өзара байланысты тудырады, ал адамның өзі ерекше биоәлеуметтік түр  болып табылады.

Құралдарды қолдану мен  жасаудың экологиялық  нәтижесі  және отты пайдалану  ертедегі адамдардың эмансипациясында ортаның абиотикалық факторлары әсер еткен сапалы  жаңа сатысы болады, сондай- ақ өзінің әлеуметтік байланыстарын басқару  мен жасырын энергиясын меңгерудегі ерекшеліктері.Осының бәрі адамның табиғатқа басшылық етуге жағдай жасайды.

Саналы адамның шығуына байланысты адамзаттың сапалық қасиеттері де өзгерді. 40 – мың жылдан астам  уақыт аралығында әлеуметтік – экологиялық деп дамып келеді. 20 ғасырдың аяғында экологиялық жағдайлар кризиске ұшырап, адамзатқа жалпы қауып төнді – бұл адамзат алдында глобалды  міндеттер қойды.

Экологиялық демография

       Адамның саны мен популяциядағы структуралық өзгерісін демография зерттейді.

Адам өзінің демографиялық үрдісіне әсер етуші факторлардың әсерін түзетіп отырады. Адам баласы  энергияны қолдана отырып, тамақтанудың түрлі жолданын тауып, сапасын өсіру  нәтижесінде, сонымен қатар түрлі құрал жабдықтарды өз қолымен жасау негізінде және қоғамдық өмірге  үрене жүріп, өзін және өзінің ұрпағын сырттан келетін түрлі келеңсіз жағдайлардан, жыртқыш аңдар шабуылынан, климаттың  кері әсерлерінен, түрлі аурулурдан сақтану жолдарын тапты.Осындан кейін ғана  жер бетіндегі тұрғылықты халықтың саны өсіп, өмір сүру ұзақтығы артты және  өлуге қарағанда (әсіресе, балалар арасындағы)  туудың өсуіне байланысты халық саны да өсе бастады.

Адам санының өсуінің  дәлелдейтін мына фактілерді қарастырайық: 1830 жылдар айналасында адамзат баласы  өздерінің ең алғашқы миллиард санын белгіледі, ал екінші миллиардты — 100 жылдан кейін (1939 ж.), үшіншісін – 20 жылдан кейін (1960 ж.), төртіншісін – 15 жылдан соң (1975 ж.), бесіншісін – 12 жылдан кейін (19897 ж.) атап өтті.

1994 жылы жер бетінде 5,5 млрд.адам тұрады деп саналған. 2000 жылы олардың саны – 6 млрд. адамға жетті. Тек саналы және сауатты түрдегі  демографиялық саясат қана  жер бетіндегі адамдар қонысын реттеу проблемаларын шеше алады.

скачать работу


 Другие рефераты
Меншік құқығының субъектілері, нысандары және мазмұны
Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығының есебі
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметін дамытудағы кеден баждары мен тарифтері
Культура устной и письменной речи


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ