Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жер салығы.

т балы — топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.
Жер салығын белгілеу мен алу үшін негіз болып жер учаскесіне меншік, иелену немесе пайдалану құқығын куәландыратын құжат табылады.
Жер салығы салық салынатын жер учаскесінің алаңына және жер салығының бекітілген ставкаларына сәйкес есептеледі.
Жер салығының ставкалары жергілікті мемлекеттік билік органдарымен түрлі құндылықтардағы аумақтар бойынша сараланатын Салық кодексімен белгіленген орташа ставкаларға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне сәйкес есептеледі.
Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс.
Жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілері орналасқан жерлері бойынша салық органдарына табыс етеді.
Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.

Тест сұрақтары
1. Жер салығын төлемейтіндерге кімдер жатады:
а) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар
б) жер салығын төлеушілер
с) діни бірлестіктер
д) резидент-заңды тұлғалар
е) кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғалар
2. Жердің қандай санаттары салық салуға жатады:
а) орман қорының жерлері
б) ерекше қорғалатын жерлер
с) су қорының жерлері
д) запастағы жерлер;
е) елді мекенді жерлер
3. Жерге салық салу қағидалары:
а) жер салығының мөлшері шаруашылық қызметтің нәтижелеріне байланысты
б) жер салығының негізі болып жер учаскесінің нарықтық құны табылады
с) жер салығының негізі болып жер учаскесінің бағалау құны табылады
д) жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнана және сумен қамтылуына байланысты
е) жер салығының мөлшері қаржылық нәтижелерге байланысты
4. Жергілікті өкілетті органдарының келесі құқықтары бар:
а) жер салығының базалық ставкаларын 10%-ке төмендетуге
б) жер салығының базалық ставкаларын 10%-ке жоғарлатуға
с) жер салығының базалық ставкаларын 10%-ке төмендетуге немесе жоғарлатуға
д) жер салығының базалық ставкаларын 20%-ке төмендетуге
е) жер салығының базалық ставкаларын 50%-ке төмендетуге немесе жоғарлатуға
5. ҚР салық заңдарына байланысты жер салығының мөлшерін анықтау:
а) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді
б) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелсіз
с) жер учаскесінің орналасқан орнына және сумен қамытылуына байланысты
д) жер учаскесінің бағалану құнына байланысты
е) жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнына және сумен қамтылуына байланысты және шаруашылық қызметтің нәтижесіне тәуелсіз
7. Жер салығынан босатылатындар:
а) ауыл шаруашылығы мақсатына берілген, табиғатты ерекше қорғау жерлері
б) ауыл шаруашылығы мақсатына берілген , орман қорының жерлері
с) ауыл шаруашылығы мақсатына берілген, су қорының жерлері
д) елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жерлері
е) су қорының жерлерінің құрылыстар, ғимараттар және тағы да басқа объектлер орналасқан жерлері

Есептер
№1
Тасбөгет қыстағы тұрғының 20 сотық жері бар, оның 800 ш.м. тұрғын үй мен жанындағы құрылыстар алып жатыр. 2007 жылға жер салығын есептеңіз?
№2
Ауыл тұрғынының 0,97 га жер учаскесінің 1450 ш.м. тұрғын үй мен маңындағы құрылыстар алып жатыр. Ауыл тұрғынының жер учаскесіне жер салығын есептеңіз?
№3
«Сәбит» ӨК иелігінде жалпы көлемі 190 ш.м. автотұрақ бар. Автотұрақ Қазалы қаласында орналасқан. Осы автотұрақ алып жатқан жерге жер салығын есептеңіз?
№4
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облысы филиалының меншік құқығында 4000 ш.м. жер учаскесі бар. Жергілікті мәслихат салық мөлшерін 20% көтеруді ұйғарды. Жер салығын есептеңіз?
№5
Тараз қаласы шегінде орналасқан әуежай алып жатқан жер көлемі 200 га. Жергілікті мәслихат салық ставкасын 25%-ке төмендету қарастырылған. Жер салығын есептеңіз?
№6
Кәсіпорынның пайдалануында жалпы көлемі 400,0 га жер бар, оның 200,0 га — өнеркәсіп, көлік, баіланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер, бонитет балы 18, 200,0 га – ауыл шаруашылығына арналған жерлер, бонитет балы – 29 (жартылай шөлейт).
Кәсіпорынның пайдалауындағы барлық жерге жер салығының мөлшерін анықтаңыз?

123
скачать работу

Жер салығы.

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ