Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жердің табиғи аймақтары

оғары көтерiледi. Лиана тамырлары арқылы ерiген минералды тұздары бар суды топырақтан сiңiредi, ал ағаш оған тiрек ретiнде қызмет етедi. Кейбiр лианалар ағаш дiңiн тығыз қоршап жатады, олардың көлденеңiнен өсуiне кедерге жасап, сөлдiң жүруiн бұзады, сөйтiп ағаш кеуiп кетедi. Ағаш бұтақтарында орхидеялар өседi. Олардың тамырлары ауада iлiнiп тұрады және сорғыш секiлдi, жаңбыр суын, шықты сiңiредi. Бұл жерде жануар дүниесi де бай.

Көгiлдiр леопард ағаштардың қалың бұтақтары арсында маймылдар мен құстарды аңдиды. Көптеген жануарлар ағаштарда (мысалы, горилла, мартышкалар, шимпанзе және т.б.) қоректерi — гүлдер, жемiстер, жапырақтар көп және жарық мол жерде өмiр сүредi. Орталық және Оңтүстiк  Америкада дүниедегi ең кiшкентай құс — колибри тiршiлiк етедi. Ол арадан үлкенiрек, салмағы 1,5 – 2 г. Колибридiң қанаттары өте ашық және әдемi, кемпiрқосақтың барлық түстерi бар. Колибри гүлдердiң шырынымен қоректенедi.

Экваториальды ормандарда жыртқыштар көп. Жәндiктер дүниесi алуантүрлi. Өте әдемi, үлкен көбелектердi кездестiруге болады. Өсiмдiктер дүниесi де бар. Бұл ормандарды жыл бойы жұмыс жасайтын планетадағы органикалық заттардың фабрикасы деп атайды. 1 га орманға өсiмдiктердiң 10-17 мың ц. салмағы келедi, ал 1 га шөлде 15-20 ц. ғана. Ылғалды экваториальды ормандар өттегiнiң орасан зор фабрикасы, бiздiң планетаның өкпесi. Олар Жер атмосферасының күйiне өте жақсы әсер етедi.

Соңғы жылдары бұл ормандарды құртып, ауылшаруашылық плантациялары ретiнде, ағаш алуға пайдалануда. Олардың ауданы күрт қысқарды. Егер экваториальды орманды құрту жалғаса берсе, бұл қоршаған ортада күрделi бұзылыстарға: атмосферада оттегiнiң азаюы, жапырақ эрозиясының күшеюi, өнiмдiлiктiң төмендеуi, өсiмдiктер мен жануарлардың жойылуына әкеп соғады. Нәтижесiнде тiршiлiкке өте бай аудандар өлi шөлдерге айналуы мүмкiн.

Экваториальды мәңгi жасыл ормандарда жануар мен өсiмдiктер дүниесiнiң байлығы жылу, ылғал және жарықтың молдығына байланысты. Бұл ормандар – оттегiнiң, органикалық заттардың орасан зор фабрикасы. Оларды бiздiң планетаның жасыл өкпесi деп атайды. Жер бетiндегi үлкен жануардан, жирафтың туысы-окапидi көруге болады.

12
скачать работу

Жердің табиғи аймақтары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ