Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жырау мен жыршылдық дәстүрдің Қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы

меттік маңызы болды. Қандай заманда болмасын кез-келген хан, сұлтан тұсынан бірлі-жарым жырау табылып отырды. Олардың ханға жағымды, хан өзіне ақылшы тұтатыны да, ақылсыз келген хандар жұрт арасына іріткі салушы ретінде түсініп жағымсыз көретіндері де болды. Бірақ жыраулардың қай-қайсысы да халық жанының жанашыры болып, барлығының поэзиясы бірге ең әуелі қазақ халқының құралу дәуіріндегі қыйлы күйді жеткізді. Жыраулардың арасында кейбірі хандарды мадақтап жыр арнаған болса да, халықты үгіттеп ханға жығып беру мақсатында жыр айтқандар болған жоқ.
Жыраулар поэзиясының негізгі сарындағы туған жер, ұлт-азатық күрес, сонымен қатар насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп кездестіреміз.
Жыршы кім? деген сұрауға «Қазақ әдебиеті энциклопедиясында»: «Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды» деген жауап бар. Жыршы жыраулармен бірге өмір сүрген және оған дейін де болған. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі, бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері осы жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан жыраулар деп те аталып жүрген. Қазақ халқы жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен қатар қойып, қадірлеген. Жыршылар өздері жырлайтын шығармаларын, толғауларын белгілі бір аспаппен сүйемелдеп (домбыра, қобыз) кейде әуенге салып жырлаған. Жыршылар тек жырды жеткізуші ғана емес ұлы өнер иелері де болып табылады.
Шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай болып келетін және бірегей тарихи тақырыптарды, әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді, қолбасы батырлар мен елбасылардың ісін, жер мәселесін жыр ғып толғап отырудан басқа көркемсөз шығарушы өнерпаз ақындардың да қазақ әдебиетінде қалыптасу тарихы ертеде. Ақындардың жыраулардан айырмашылығы сонда оның тақырып ауқымы кең адам жандүниесінің өнері. Заман өзгеріп әдебиеттің сарыны да басқа бағытта қанат жая бастады.
XVIII ғ аяқ кезі XIX ғ поэзиясында «жырау» деген атақ өте сирек қолданылды. Бұрынғы ауыр сазды толғаулар айтар жыраулар орнына енді әзіл аралас жеңіл терме, шырқап салар әндер, өлеңдер, жүрекке назды әсер етер лирика түрлері (табиғат, махаббат), айтыстардың қыздырмасы болар небір шабытты жырларды төгіп жырлар ақындар поэзиясы пайда болды. Ақындар поэзиясы өзінің мазмұн маңызымен де, түп, стиль, бағыт ерекшеліктерімен де өзгешеленеді. Өмірдің барлық саласында тақырып етіп, өлең өнері жаңа сатыдан көрінді.
Қазақ халқының XV-XVIII ғасырлары қалыптастырған жыраулар поэзиясы кейіннен дарынды ақындар өнеріне ұштасты. Жыраулар поэзиясы да фольклорлық сипатта болғанмен авторы халық қана деп түсінетін ұғымнан алысырақ, анығырақ авторы белгілі бір тарихи тұлға болатын, қоғамдық-әлеуметтік маңызы зор көркем сөз туындылары дүниеге келді. Ол туындылар әдеби өмірдің қалыптасу жолдарынан мәлімет беретін, тарихтың сырларын айқындайтын құнды дүниелер болды.
Әсіресе, ауыз әдебиеті оның ішінде эпостық жырлар сол кездері биік сатыға көтерілді. Бұрынғы эпос жырлары «Ер Сайын», «Ер Көкше», «Қыз Жібек», «Күлше қыз» сынды жырлар осы кезде жырланып жаңа нұсқалары пайда болды. Бұл кезең жырдың, жыршының және жыраудың өрлеу кезеңі. Бұл кезеңде қазақ әдебиетінің өзіндік әдеби стилі қалыптасып, қазақ халқының мәдениеті жанданады. XV-XVIII ғ халық басынан өзінің ауыр даму кезеңдерін өткергенмен, әдеби ілгерілеп, дами берді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. І.Есенберлин «Көшпенділер» Алматы, «Есенберлин атындағы қор», 2002 ж
2. М.Мағауин «Ғасырлар бедері» Алматы, «Жазушы» 1991 ж
3. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» Хрестоматия. Құрастырған: М.Мағауин Алматы, «Ана тілі» 1993 ж
4. «XV-XVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» Редакциялық коллегия Алматы, «Ғылым» 1982 ж
5. Ш.Ш. Уалиханов «Таңдамалы» Алматы «Жазушы» 1985 ж
6. Х.Сүйіншәлиев «VIII-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті» Алматы, «Мектеп» 1989ж
7. Ә.Қоңыратбаев «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» Алматы, «Санат», 1994 ж
8. «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» І том. Құрастырған: Т.Кәкішұлы. «Қазақ университеті», Алматы, 2001
9. «Тарихи жырлар» І том Алматы «Білім» 1995 ж
10. «Бес ғасыр жырлайды» І том. Алматы «Жазушы» 1989 ж.

12
скачать работу

Жырау мен жыршылдық дәстүрдің Қазақ әдебиетіндегі қалыптасуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ