Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ

, зерттеу жұмыстармен айналысады. Сонымен қоса, әрбір профессор өз ғылыми мектебін құрып, бір бағытта кешенді зерттеулер жүргізіп, студенттер мен магистранттарды, жас ғалымдарды ғылыми жұмысқа тартып, іс жүзінде «профессордың» қызметін атқаруда. Бұл біздің профессорларды нашар немесе дәрменсіз дегенді білдірмейді, бұл білім және ғылым саласындағы ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелердің өз шешімін таппай отырғандығының дәлелі. Университет деңгейінде мұндай мәселенің және күн тәртібінде тұрған сұрақ екендігін уәкілетті органдар біле бермейді. Осы жағдайдан шығудың бірден бір жолы – Болон декларациясымен көзделген «университеттердің автономиялығы» қағидасын басшылыққа алып, университеттің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отыр, даму саясатын ұстанып, университеттің деңгейінде жұмысты тиімді ететін локальды актілер қабылдау, нәтижесінде салыстырмалы түрде тәуелсіздікке ие болу. Университет деңгейінде Ғылыми Кеңес, оқу-әдістемелік кеңес, білімнің сапасын бақылау қызметтері және т.б. құрылымдық бөлімшелер бар. Осы органдардың рөлін жетілдіру және оларды кафедралар мен факультеттердің мүддесіне жұмыс істейтіндей механизмін ойластыру қажет. Сонда ғана білім сапасын тексеретін оқу бөлімдері мен басқармалары кафедра мен факультеттің шын мәнісіндегі  жағдайын түсініп, бақылаушы және қадағалаушы функцияларын екінші орынға қалдырып, білімнің сапасын бағалауда шынайы және іс жүзіндегі жағдайды көретін болады.

Халықаралық рейтингтік компаниялар тарапынан университеттің деңгейін анықтауда білім мен ғылымның біртұтастығы басты критерий ретінде алынатыны жоғарыда айтылып кетті. Бұл Болон процесінің негізгі актілерінде де «білім мен ғылымның біртұтастығы»  қағидасы ретінде бекітілген. Ал бұл қағида 2007 жылғы ҚР «Білім туралы» заңының 3 бабында «негізгі қағидалар» қатарында көзделмеген, яғни бұл жерден шығатын қорытынды: білім орындарында ғылыми қызметті дамыту саясатының заңмен бекітілмеуі.

Ғылым саласындағы заңның жобасы елімізде кеңінен талқылауға түсіп, үлкен пікір-таластар тудыруда. Қазіргі кездегі диссертациялық кеңестерді жабу қаупі ғылыми ортаның белсендігін төмендетіп, ғылыми жұмыспен айналысуға сенімін жоғалтты. ҚР ҰҒА академигі Ж. Әбділдин отандық ғылымды дамытуда «қоғамның ғылымға деген көзқарасын түбегейлі өзгерту, ғылыми кадрларды дайындаудың механизмін жетілдіру және ғылымының мәртебесін анықтау қажет» деген пікір айтқан болатын. Еліміздің белді ғалымының мұндай философиялық көзқарасының астында үлкен ой жатыр деуге болады. Себебі, материалдық жағдайы нашар болған соң нағыз ғалымдар ғылымнан көңілі қалған, ғылыми атақтар сатылып, ғылымның қадірі кеткен, ғылыми жаңалықтар жасалмай, диссертациялық жұмыстар сапасынан айырылған. Қоғамдағы осындай құбылыстар академик Ж. Әбділдиннің пікірін растайтындай. Бұл жағдай қоғам тарапынан ғылымға деген көзқарасты түбегейлі өзгертуді талап етеді.

Сонымен қатар ғалым мамандығы беделінің тұрақты түрде төмендеуі байқалады. Қазақстанда, BISAM Central Asia 2005 жылы өткізген сауалнаманың мәліметтері бойынша, ғалым кәсібін ел тұрғындарының 4,3%-ы ғана беделді деп санайтыны анықталған. Ал дәл осындай АҚШ-та кәсіптерді беделділік дәрежесі бойынша ел тұрғындарының арасында анықтауға бағытталған зерттеудің (2004 жыл) қорытындылары бойынша  кәсіптердің ең тартымдысы ғалым кәсібі болды – сауал алынғандардың 51%-ы бұл кәсіпті жоғары дәрежеде беделді деп, 25%-ы – мейлінше тартымды және 20%-ы – беделді деп атады [5].

Халықаралық рейтингте лайықты орын алу үшін, еліміздің жоғары оқу орындарында ғылыми қызметті тиімді және нәтижелі ету мақсатында келесідей ұсыныстар жасалады:

-   ғылыми кадрларды дайындау мен оқытушы-профессорлық құрамның ғылыми қызметпен айналысу белсенділігін арттыру. Яғни шығармашылық қабілеті бар ғалымдарды әкімшілік қызметтерге қоймай, бір тақырыптың аясында кешенді ғылыми жұмыстар жүргізуге жағдай жасау;

-   ғылыми жобаларды мемлекет тарапынан немесе ұлттық және жеке компаниялардың қаржыландыруы бойынша жүргізу арқылы, екі жақты келісімдер жасап, шынайы қызығушылық тудыратындай етіп, ғалымдардың шығармашылық еңбегін әділ бағалап, төлеу;

-   кафедра, факультет және университетті басқаруда алқалы басқару нысанын енгізу, яғни ғылыми қызметтің тиімді жүруі үшін ғалымдардың пікірлерімен санасып, мүдделерін ескеру, мәртебесін көтеру, оларға әкімшілік тарапынан ұйымдастырушылық мәселелерді шешіп беріп, кедергі жасамау, студенттер мен магистранттардың профессорлармен тікелей жұмыс жасауына барлық жағдай жасау;

-   ғылыми потенциалы жоғары студенттерді осы сәттен ғылыми жұмыстарға тарту және қызығушылығын тудыру.

Жалпы алғанда, әлемдік деңгейдегі рейтингтік компаниялардың тізімінен лайықты орын алу қазақстандық жоғары оқу орындарына мақсат және міндет болып отыр. Сондықтанда, уәкілетті органдар мен жоғары оқу орындары арасында тығыз байланыс орнату және «білім мен ғылымның біртұтастығы», «университеттердің автономиялығы» қағидасын ҚР «Білім туралы» заңына енгізіп, ғылыммен шынайы айналысуға жағдай жасау қажет. Университет деңгейіндегі ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерді шешу арқылы біз ғылыми қызметті жандандыруға мүмкіндік аламыз. Ал ол, өз кезегінде университеттің әлемдік рейтингте лайықты орын иеленуінің бірден бір кепілі.

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. QS World University rankings 2010 // http://www.topuniversities.com/university-rankings/world-university-rankings/home
  2. Топ 200 мировых университетов рейтинга Times Higher Education-QS 2009 // http://www.dec-edu.com/news-230.html
  3. Рейтинг университетов мира 2010. Версия The Times Higher Education // http://www.ubo.ru/analysis/ cat=146&pub=2010
  4. Единый рейтинг университетов мира THE-QS разделился на два. МГУ занял 93-е место по версии QS и не вошел в 200 лучших по версии THE // http://www.polit.ru/science/2010/09/20/the_qs.html
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 348 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың  2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
12
скачать работу

ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ БАҒАЛАУДЫҢ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ ӘСЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ