Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жоғары дәрежелі нерв қызметі және оның жастық ерекшеліктері

қалыптасады.

Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып, дамиды. Оның дұрыс дамуы үшін жаттықтырудың маңызы зор. Бұл осы мезгілдегі естің дамуына байланысты аса маңызды жағдай: жаттықтырған сайын ес жақсарады, қабілеті артып, одан әрі дами береді! Мидағы ес іздері немесе энгра м м а (гр. Эн — ішкі + грамма - жазба таңба, сызық) пайдаланған сайын нығайып, күшейеді. Сондықтан неғүрлым көп оқып, естіп білуге ынталанған жастардың еске сақтау қабілеті соғүрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал еріншектікке салынған жастардың ісіне лайық ақыл-ойының дамуы да нашар болады.

Эмоция, оның түрлері, физиологиялык негізі. Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере - қобалжу, қозу деген мағынада тараған термин. Бұл жоғары жүйкенің күрделі, қиын зерттелетін қызметінің бір түрі. Сондықтан осы күнге дейін эмоция туралы нақтылы анықтама жоқ. Дегенмен көптеген ғалымдардың қағидаларын қорыта келе, адамның ішкі сезімін білдіретін сыртқы ортадан алған сезімдерінің негізінде қалыптасқан көңіл-күйінің көріністерін эмоция деп атауға болады. Ол адамның сыртқы ортаның жағдайына деген сезімін білдіріп, белтілібір тітіркендіргіштің әсеріне көрсететін организмнің жауабы. Эмоция адамның бетінің әлпетін, денесінің қалпын, мимикасын, сөз интонациясын, дауыс ырғағын қан тамырларының жағдайын өзгертуі арқылы көрінеді. Олар адамның ішкі сезімін анық жеткізеді. Былайша айтқанда, эмоциялық реакциялар вегетативтік реакциялармен сипатталады. Неғүрлым вегетативтік өзгеріс күшті болса, соғүрлым эмоцияның дәрежесі жоғары болады.

Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы (бала жылар алдында зорланып, беті қызарады) арқылы білінеді. Кейіннен оның эмоциясының сипаты өзгереді. Баланың әрекеттерінің бәрі оның көңіл-күйінің белтілібір қалпы арқылы көрінеді. Алғашқы жылғы өмірінен бастап оң эмоциялары қалыптасады. 2-4 жас арасында жағымсыз эмоция белгілері туады. Мысалы, заттардың белгісін, түсін айыра бастап, эмоциялық өзгерістерімен оның жағымды-жағымсызын білдіре алады. Жағымды эмоциялар 3 жасқа дейінгі балаларда өздерін шексіз сұйетін анасымен тікелей қарым-қатынастың негізінде қалыптасады. Сондықтан бұл кезде балаларда сұйіспеншілікке сұйіспеншілікпен жауап беруге байланысты жағымды эмоцияларды қалыптастыру аса маңызды.

Балалардың эмоциясы түрақсыз келеді. Әсіресе, мектепке дейінгі жастағы балалар бір қалыптан екінші қалыпқа тез ауысады.

7-11 жастағы балалар психикалық эмоцияның барлық түрлерінің белгілерін көрсете бастайды. Әсіресе қуаныш, ренжу, қарсыласу іспетті эмоцияның түрлері дамиды. Бастауыш сынып оқушыларын байсалдылыққа үйрету арқылы жағымсыз эмоцияларын азайтып, жағымды эмоцияларын дамыту мүмкіндігі мол. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарында мұны ескеру қажет. Баланың еңбектегі және оқудағы жетістіктерін жөнімен пайдалана отырып, дұрыс тәрбиелеу арқылы болашақ азаматты өзін-өзі ұстай алуға үйрету, теріс эмоциясын тежеп, көңіл-күйінің жетегінде кетуден сақтауға болады.

12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады. Бұл жастағы жеткіншектердің ми қыртысындағы қозуының басым болуына байланысты теріс эмоциясы көбірек көзге түседі және себебі түсініксіз жағдайы — теріс эмоцияға бейім келеді. Бұл саладағы зерттеулерді жалғастыру аса маңызды. Әрине, өмірдің, түрмыстың, мектептегі балалардың ықпалымен эмоцияның кейбір түрлері күшейіп, өзгеруі мүмкін.

Тәжірибелі мүғалім оқушының есте сақтау қабілетін дамыту үшін жағымды эмоцияның әсерін пайдаланды. Оқушының берген жақсы жауабын мақтап, басқаларға үлгі етіп жариялайды. Сонда ол оқушы сабақты бүрынғысынан да жақсы оқуға талаптанады.

 

 Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшелігі. Ұйқы  адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай.

Ұйқы  кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды немесе мүлде тоқталады, денедегі зат алмасуы, бүлшық еттердің тонусы, ас қорыту, жүрек-қан тамырлар мен тыныс мүшелерінің қызметі төмендеп, дене түлғасының бүлшық еттері босайды. Тыныс жиілігі, жүректің соғуы азаяды. Ұйқы дағы адамның миындағы нерв клеткаларының өзара байланыстары жөнге келтіріліп, талданып, талқыланады, қажетті мәліметтер есте сақталады. Ол мәліметтердің іздері нығайып, күшейеді, нейрондардың энергия қоры қалпына келтіріледі, сондықтан ұйқы  қандай да болмасын организмге өте қажет.

Ұзақ уақыт ұйқы  кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді, денсаулығы бүзылады. Тіпті ұзақ мерзім ұйқысы қанбаса адамның психикасында өзгерістер пайда болып, психоз, невроз ауруларының, шаршау, қалжырау белгілері орын алады.

И. П. Павлов пен оның шәкіртгерінің зерттеулері негізінде ұйқы  мен ішкі тежелудің табиғаты бір екені анықталды. Ояу жүргенде ішкі тежелу нерв клеткаларының жеке топтарында ғана байқалады. Ал үйықтағанда күллі ми қыртыстары мен қыртысасты құры-лымдарына тарайды. И. П. Павловтың айтуынша, ұйқы  -мидың жоғарғы бөлімдеріне жайылған қорғаныс те ж е л у і.

Қазіргі мәліметтер бойынша ми бағанасында ұйқы  мен сергектікке әсер етуші нерв клеткаларының шоғырланған топтары болады. Ұйқы ның пайда болуына таламус, гипоталамус пен торлы құрылымның маңызы бар екені анықталды. Таламус пен гипоталамуста арнайы ұйқы  орталықтары бар, ал торлы құрылымда сергектік орталық бар деп есептейді.

Ұйқыдағы организмнің ЭЭГ-сын зерттегенде әрбір 80-90 минөт сайын баяу ырғақтар ояу кездегіге үқсас жылдам ырғаққа ауысатынын бақылаған. Ондай кезде көз алмасы жылдам-жылдам қозғалып, пульс пен тыныс жиілігі артады. Бұл мезгілді ұйқы ның парадоксты кезеңі, яғни жылдам ұйқы  деп белгілеген. Бұл кезеңде электр белсенділігі сергек кездегідей болғанымен организмнің сыртқы ортамен байланысы болмайды, оның сигналдарын қабылдау тежелген. Кезекті күнделікті ұйқы  кезіндегі ЭЭГ-ның белсенділік ырғақтары нейрохимиялық жүйенің белтілібір жұмыстарына байланысты деп есептеледі. Ұйқы дағы адам осы кезде түс көреді. Жылдам ұйқы  адам организміне аса қажетті. Егер үйықтағанда ол пайда Полмаса, бір түннің ішінде адамның жүйке жүйесінің козгыштығы күшейіп, күндіз ашуланшақ болады, ал Ұзақ мерзімге созылса, адам науқастанады. Жылдам ұйқы  кезінде іідам оянбайды.

Ұйқының баяу толқындары байқалатын кезендерін б а я у ұйқы  немесе ортодоксты ұйқы  деп атайды. Кезекті түндегі бір ұйқы  бірнеше циклдан түрады. Әр циклда жылдам және баяу ұйқы  кезендері бар. Таңға жақын оянар кезде жылдам ұйқы  байқалады, сондықтан оянған адамда түс көру сезімі туады. Түс көру сезімі түс көріп жатқанда оянса ғана пайда болады, оянбаса ондай сезім тумайды.

Кезекті күнделікті ұйқы  5 кезеңнен құралады: бір белсенді жылдам ұйқы  кезеңі жөне 4 баяу кезендер. Олардың биологиялық ырғақтары шамамен 1 сағат 30 минөт сайын қайталанып отырады.

Баланың өсіп дамуы барысында ұйқы  мен сергек жүру мерзімдерінің мөлшері өзгереді. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай үйықтайды. Біртіндеп оның ұйқы сы азайып, сергек мерзімі үзарады. 1 жасқа жақындаған баланың ұйқы сының үзақтығы 14 сағат, 4 жаста — 12, 10 жаста — 10-11, ересек адамда 7-8 сағат.

Баланың өмірінде 5-6 жастың маңызы ерекше: Бұл кезде күндізгі ұйқы  тоқталып, 1 тәулік екі кезеңге ғана бөлінеді: ояу жүру немесе сергектік және үйықтау кезеңдері. Сондықтан баланың түнгі ұйқысы бұзылғанда оның организмі әлсіреп, тез шаршау белгілері туады. Бала күн кестесіндегі еңбек уақыты мен ұйқы  уақытын дұрыс сақтамаса, оның организмінде қалжырау пайда болады. Ондай баланың еңбегінің нәтижесі төмендеп кетеді.

Бала мезгілінде дұрыс үйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты ұйықтардан бүрын кемінде 2-3 сағат бүрын қабылдап, жатарда жеңіл-желпі аз мөлшерде ішу керек (айталық, 1 кесе айран не сұт, немесе жеміс шырыны). Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-22° С болғанда ұйқы сы дұрыс болады. Сондықтан бала үйықтағанда: жазда терезесінің сәл ашық болып, қыста жатар алдында жарты сағаттай желдендіріп алу маңызды. Баланың ұйықтайтын бөлмесі сырттан айқай-шу келмейтіндей, пәтердің тыныш жағында орналасқаны дұрыс. Баланы жатар алдында жылы сумен аяқ-қолдарын жуындырып, денесіне шақ, қыспайтын, жүмсақ, мақта-матадан тігілген жатын киімін киіндіру қажет. Ұйықтардан 1-2 сағат бүрын баланың жүйке жүйесін қоздыратын ойындарды, әңгімелер айтуды немесе оқуды тоқтатып, оның қозуын басатын, тыныштандыратын әңгімені ақырын баяу біркелкі ырғақты дауыспен айтқан жөн.

123
скачать работу

Жоғары дәрежелі нерв қызметі және оның жастық ерекшеліктері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ