Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жолайырық

халықаралық сыйлықтармен бағаланып, Дүниежүзілік астрономдар Қауымдастығы ғаламшардағы жаңадан ашылған жұлдыздарға Қ.Сәтпаев пен М.Айтхожиннің есімдерін берді.

 

Тоталитарлық жүйе жағдайында іске асқан осы жетістіктер біздің өркениетті ұлт болып қалыптасуымыздың айғағы. Бұл тек қазақтың ғана емес, жалпы түркі халықтарының да мақтанышы. Ұлт зерделілігін жан-жақты саралаған осы ренессанстық қозғалыс бүгінгі “Мәдени мұраның” алғышарты болды.

Қазіргі қазақ мәдениетінің қалыптасуына қаны басқа болғанымен жүректері қазақ деп соққан өзге ұлт зиялылары да атсалысты. Оларға тарихта он үш ғасырдан астам уақыт бойы белгісіз болып келген түркілердің руникалық жазуын ашып, оларға анықтама берген дат ғалымы В.Томсен, В.В.Радловтар жатады. Олардың ғылымдағы жаңалығы Шампольонның көне Египет жазуын анықтағанымен тең. Түркінің ұлы тарихын әлемге танытуға жол ашқан ғалымдар: Н.Веселовский, В.В.Бартольд пен А.М.Бернштам, С.Е.Малов пен С.П.Толстовтың, С.И.Руденко мен А.П.Окладниковтың және Л.Н.Гумилевтің орыны да біз үшін ерекше. Саяси қыспаққа қарамай түркі халықтарының тарихын зерттеуге  бар ғұмырын арнап жазған еңбектері үшін осы ғалымдардың аруақтарына біз әрқашан да тағзым етеміз.

Бұлармен қатар, қазақтың этнографиясы мен этнология ғылымына Г.И.Потанин көп еңбек сіңірді. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынов оны “қазақтың ақсақалы” деп құрметпен атады. Қазіргі қазақ өнерінің қалыптасуында суретші Хлудов, өнер зерттеушісі Затаевич, сазгерлер Е.Брусиловский мен Л.Хамиди, ақын-жазушылар Ақмолда, М.Симашко, Д.Снегин, Г.Бельгер, А.Осман және т.б. еңбектері зор.

         Затаевич жинап құрастырған “Қазақтың мың әні” мен “Қазақтың бес жүз күйлерімен” танысқан М.Горький: “Ол, Еуропа халықтарының көпшілігінде кездеспейтін бай өнер мұралары... Осындай байлығы болса, Батыс халықтарының қай-қайсысы да мақтанар еді” деп шынын айтқан. Сонымен қатар, қазіргі қазақ өнерінің дамуын Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” операсы мен Л.Хамидидің “Қазақ вальсінсіз” елестету мүмкін емес.

Қазақ тарихында қоғам және мемлекет қайраткерлерінен Л.Мирзоян, М.Ғатауллин т.б. ағайындарымыздың алатын елеулі орындары бар.

Бұлар қазақ тарихы мен әдебиетінің және мәдениетінің дамуында өшпес із қалдырған зиялылардың шағын бір тобы ғана. Бүгінгі қазақтың тарихы, ғылымы, өнері және жалпы мәдениеті, отаршылдық пен тоталитарлық жүйе кезінде із-түзсіз құрып кеткен көптеген халықтардың тілі мен мәдениетінің кебін киіп, жоғалып кетпей, қайта сол «тар жол, тайғақ кешу» кездерде өшпес туындылар қалдырған, тумаса да қазақтың туған ұлындай болған осы асыл азаматтарды бүгінгі ұрпақ сыйлай білуі керек. Ол ең әуелі біздің төл тарихымызға деген оң көзқарасымыз бен мәдениеттілігімізді білдірсе, екіншіден олардың рухын сыйлау арқылы ұлтымыздың мәңгілік өмір - тарихын ұмытпауға жол ашамыз.    

Олармен қатар Л.Пастер, И.Мечников сияқты адамзатты оба, сүзек, т.б. жұқпалы аурулардан құтқарған ұлы ғалымдардың есімдерімен университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарын атаса артық етпес еді. Себебі бұл аурулардан көп шығынға ұшырағандардың бірі біздің халық. “Өлі риза болмай, тірі байымас” дейді халқымыз.

12
скачать работу

Жолайырық

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ