Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жұқпалы аурулар

пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.
Қырым қанды безгегі

Халық арасында «қырым қанды безгегі» аталып кеткен конго-қырым геморрагиялық қызбасы дерті бойынша елімізде эпидемиологиялық ахуал алаң тудырып отырғаны белгілі. Ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында Оңтүстік-Қазақстан облысында аталған ауруға 8 адам шалдығып, екеуі көз жұмды. Осыған орай, еліміздің өзге өңірлері аурудың алдын алуға шұғыл кірісті. Қанды безгек — екі толқынды қызбамен, жалпы уыттанумен және айқын білінетін тромбогемморрагиялық белгісімен, өлім-жітімінің жоғарылығымен сипатталатын жіті вирусты ауру. Ол ауру жұқтырған кенелер шаққанда, құрамында вирус бар материал теріге және сілемейлі мүшеге түскенде жұғады. Мал қырқу және оларды қолмен кенелерден тазарту кезінде кенелердегі жұқпаның терінің ашық бөліктеріне түсуі, сырқаттың қаны мен қанды шығындылары арқылы да жұғуы мүмкін. Сондай-ақ, адам бұл ауруды сырқаттарды күту және оларға медициналық көмек көрсету немесе аталған вируспен зертханалық жағдайда жұмыс істеу барысында да жұқтырады. Қанды безгектің жұғу жолдары әртүрлі жүретін, кенет көтерілген қызу мен интоксикацияның үстіне барлық денеге тараған капилляротоксиноз бен геморрагиялық синдромның дамуымен сипатталады.
Негізгі қоздырғыш тасымалдаушы — вирусты сақтайтын және вирустың көзі болып табылатын кенелердің белгілі бір түрлері. Ал, вирустың негізгі тіршілік ететін ортасы — биологиялық организм — кенелер, бүргелер және олардың табиғи демдеушілері, жабайы не үй жануарлары. Сондықтан да кенеге қарсы дезинсекциялық жұмыстардың көлемін анықтау және оны ұйымдастыру үшін тиісті аумақтағы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдары кенелердің түрлік құрамын, таралуын, олардың санының мау-сымдық өсімін және вирустың табиғи резервуарларын зерделеуі керек. Табиғи ошақ аумағында шөл, шөлейт және жылы климатты далалық жерлерде зоологиялық-паразитотоло-гиялық тексеру жүргізілуі тиіс.
ры ауру немесе вирусты гепатит –бауырдың кең тараған ауруларының бірі. Оcы сыртқы ортада тұрақты өмірге бейімділігі жоғары кішкентай (майда) тірі организм вирус тудырады. Ол аурудың қаны мен зәрінде болады. Вирус тұрмыстағы ластанған заттар, қол, су, тағам өнімдері арқылы айналадағыларға беріледі.

Сары ауру
Санитариялық ережелерді сақтамай дайындаған тағам өнімдері, сондай-ақ вирусты гепатит ауру адамдар дайындап, таратқан тағамдар да осы ауруға ұшыратады. Сары ауру адам организмін бүтіндей зақымдайды. Бірақ өзгерістер бауырда өтеді. Алғашқы үш аптада аурудың ещқандай белгілері білінбейді. Мұны жасырын инкубациялық кезең деп атайды. Зақымданған адамның асқа тәбеті нашарлайды, ішінің оң жағы және төс етегі тұсы ауырады, ішектің бұзылғандығы байқалады. Дәл осы кезеңде дәрігерге қаралу өте маңызды, дәрігер зерттеу тәсілдерінің көмегімен диагнозды дұрыс қойып, ем береді және режим диета белгілейді, асқынудың алдын алады. Инкубациялық кезеңнен соң дененің сарғаюы басталады. Алайда аурудың сарғаймайтын формасы да кездеседі, аурудың мұндай түрі айналадағы адамдарға қауіпті. Егер ауырған адам дер кезінде емделмесе, үш аптадан соң дене сарғаюлары кетіп, денсаулығы қалыптасып кетеді. Құдықтарды таза ұстау қажет. Оларға жақын жерде кәріз жүйелері, қоқыс үйінділері, мал суаттары жақын болмауы қажет. Ауыз су құдығының түбі мен қабырғасын лайдан қоқыстардан тазалап, оқтын-оқтын хлорды әк тәрісімен зарарсыздандыру керек. Әрбір нысандарда дәретханалары мен қоқыс жәшіктері болуға тиісті. Вирусты гепатит тағам өнімдері арқылы да берілетін болғандықтан асқана, кафе, азық-түлік дүкендерінде санитария ережелері ұқыпты түрде орындалуы тиіс. Жеміс пен көкөністерді қайнаған су мен жуу керек. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері мен мектептерде балалар санының артық болмауын және одарда тазалықтың сақталуын қадағалап отырған абзал. Балалар әрдайым медициналық тексеруден өтуі тиісті. Сапалы сумен, тамақпен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етулері қажет. Ауру шыққан үйлерде, мектептерде, балабақшаларда, т.б. нысандарда қорытынды дизенфекция 3% хлорлы дәрімен міндетті түрде өткізілуі қажет. 35 күн бойына ауру мен қарым-қатынаста болған адамдарға медициналық бақылау орнатылады күдікті адамдар оқшаулануға тиісті. Оқушылар күн сайын өздерімен бірге қайнаған су құйылған құты алып жүрулері керек.

Туберкулез
Туберкулез ауруы — асқынған кезде соңы адам өліміне дейін соқтыруы мүмкін күрделі жұқпалы ауру. Туберкулезді зерттейтін медицинаның саласын фтизиатрия деп атайды. XIX ғасырдың соңында неміс дәрігері Г.Кох туберкулёзді тудыратын миробактерияны (туберкулёз таяқшасын) тапты. Осы кезге дейін инфекциялардың арасында адам өлімі туберкулезден асып түскені жоқ. Әлемдегі әрбір үшінші адамда туберкулез бактериялары болады. Бұл індетпен ауыратын адамдардың басым бөлігін абақтыны мекен етушілер, нашақорлар, үйсіз жүрген қаңғыбастар, жезөкшелер мен шеттен келген келімсектер құрайды. Алайда, соңғы кездері әлеуметтік жағдайы жақсы адамдардың арасында да туберкулезге шалдығушылар саны артуда. Жоғарыда аталған адамдардан кейін олармен жақын қатынаста болған адамдар — абақты қызметкерлері, дәрігерлер, әлеуметтік сауықтыру орталығындағы қызметкерлер және науқас адаммен бірге тұратын туған-туыстары.

Туберкулез таяқшалары бала кезден немесе жасөспірім кездерде пайда болады. Бірақ барлық адам ауыра қоймайды. Егер жақсы тамақтанып, жақсы күтініп және салауатты өмір салтын (ішімдік ішпей, темекі шекпей, спортпен айналысып) ұстанатын болса, онда адамның иммундық жүйесі туберкулездің тууына жол бермейді.

Жұқпа қалай жұғуы мүмкін?

Қышыма — жұқпалы қышыма ауруы. Ол адамның денесіне қотыр жұқтыратын кененің түсуінен пайда болады. Жұқтыру көзі болып табылатын — адам. Кене басқа сау адамға «ауысу» үшін және ауру туғызу үшін міндетті түрде «тері теріге» байланыс болу қажет. Сондықтан басты қышыманың таралу ошағы тар жанұялық ортада, ерлі-зайыптылардың жақындасуларында, сонымен қатар жыныстық серіктес арасында қалыптасады.

Басқа қышыманың мүмкіншілік жолының таралуы: төсек- орын арқылы, киім-кешек, сүлгі, жөкелер, қолғап бұл заттармен науқас қолданғасын, белгілі уақыттардан кейін өзінде өмір сүретін кенелерді сақтайды. Қайталама қолдануда, егер кәдімгі жуылуда өтпесе, таралу көзіне айналады.

Ұйымдастырылған балабақшаларда таралу көзі болып табылатын жазу құралдары, ойыншықтары, спорт бұйымдары және т.б. Санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаған жағдайда ауруды қоғамдық моншалардан, душ қабылдайтын орындардан, жатақханалардан, қонақ үйлерден, жүргінші поездардан жұқтырып алуға болады.

Мұқият душ астында жылы сумен сабынмен жуыну емделудің басы болып табылады (міндетті түрде қайнатылған жөкемен және жуылған сүлгіден кейін) және оның аяқталуынан кейін.

Ішкі киімді және төсек орынды ауыстыру препаратты қолданғаннан кейін бірінші күні мен ем аяқталғаннан кейін жүргізілуі керек. Қышымаға қарсы препаратты барлық дене түбіне, беттің терісіне, бастың шашты бөлігіне жағылады және сүртіледі, ал 3 жасқа дейінгі балаларға жай ғана сүртіледі және бастың шашты бөлігіне және бетке жағылады, бірақ препарат көзге түспеуі керек.

Қышымаға қарсы препаратты жағу және сүрту кешкі мезгілде тампонды қолданбастан немесе сүртіндіні қолданбастан жағылады, кешкі қышыма кенесінің белсенділігіне байланысты.

Емделуден кейін терідегі қышуды сақтау қосымша спецификалық емді талап етеді және өлі кенелердің ағзадағы реакциясы және өмір сүру тағамдары болып табылады. Қышыма антигистаминдық препаратын тағайындауда және глкжокортикоидами майымен кетіріледі.
Қышыманы жұқтырмауды қалай ескертуге болады?

Бөтен адамның киімдерін, қолғабын, аяқ-киімін, төсек-орындарын, сүлгілерін, жөкелерін қолданбаңыз,
Кездейсоқ жыныстық байланысқа түспеңіз.
Қоғамдық орындардан үйге оралғанда, көлікте жол жүргесін және т.б жағдайда міндетті түрде қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Жалаң аяқ душта, қонақүйде және басқа да жерлерде жүрмеңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Микробиология және вирусология
Лекция №10

Тақырыбы:Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары: Соз, Мерез.

Жоспар: 1.Жыныстық жолмен таралатын инфекциялар.
2. Соз(гонорея), Мерез(сифилис), ЖИТС (СПИД)

1.Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға болады?
Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі.
Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.
Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай:
1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану.
2.Презервативтерді қолдану.
3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу.
4.Бір жағдайларда жыныс жолмен жұғатын аурулар байқалса, бірден анонимді профилактикалық пунктке бару керек.
5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау.
6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.
2.Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерде біршама айырмашылықтары бар.
Еркек Гонореясы. Еркектерде ол тек жыныс жолы

12345
скачать работу

Жұқпалы аурулар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ