Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары

» қамтамасыз етуге конституциялық міндеті болып саналады.

Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыссыздық неге көп? Неліктен осылай болып отыр? – дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке орналастыруға, жұмыс берушілерді жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа алған адамдарды «биржа қызметкерлері жұмысқа арнайы орналастырды» деген жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Шағын несие беру, импорттың орнын басу сияқты мәселелер де бар.Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды.

         Қазіргі кезде басты мәселе не? Ол – жмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.

         Еңбек рыногі саясатының балсенді шараларының басымдығы бар деп танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге жүктеледі. Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Қазіргі кездегі негізгі міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда болуға тиіс. Осы талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылықазақстандықтар мұқтаж болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады.

Жұмыспен қамтамасыз ету органдарында

жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың саны (адам)

 

 

 

ІІ-тарау. Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес

жөніндегі 2000-2002жылдарға арналған бағдарлама

 

2.1. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

 

Жұмыспен қамтудың белсендi саясатын жүзеге асыру және негiзiнен
еңбекке жарамсыз аз қамтылған азаматтарға, сондай-ақ еңбек рыногындағы
неғұрлым жағдайы осал халық санаттарына атаулы көмек көрсету есебiнен
кедейлiктiң ауқымын қысқарту және жұмыссыздық деңгейiн төмендету.
Бағдарлама Қазақстанда әр отбасының кемiнде бiр мүшесiн жұмыспен
қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған және жұмысы жоқ халықты еңбек
қызметiне ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын құруды көздейдi.

Экономиканың өсуi негiзiнде әлеуметтік салада дәйектi реформа
жүргiзу арқылы халықтың тұрмыс деңгейiн тұрақтандыру және арттыру, ең
алдымен халықтың әлеуметтiк осал жiктерiн әлеуметтiк бейiмдеу; экономикалық оңалту және әлеуметтiк қолдау көрсету шаралары негiзiнде кедейлiкпен нақты күрес жүргiзу. Елдiң тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз ету
процестерiне қауiп төндiрмейтiндей көрсеткiштерге дейiн жұмыссыздық
деңгейiн төмендету. Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету Кедейлiк деңгейiндегi аймақтық айырмашылықтарды ескере отырып, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтiк көмекке мемлекеттiк бюджеттен 2002 жылы - IЖӨ-нiң 1 % мөлшерiнде қаражат бөлу көзделуде. Сонымен қатар, Бағдарламаны қаржылық қамтамасыз ету донор-елдер бөлетiн техникалық гранттар, ерiктi қайырымдылықтар арқылы да жүзеге асырылатын болады. Проблеманы шешудiң қосымша факторы республикалық бюджеттен зейнетақылар мен жәрдемақыларды уақытылы төлеу болып табылады.

2.2. Жұмыссыздық деңгейiн бағалау

Қазақстанның нарыққа көшуi жұмыс iстеуге қабiлеттi адамдардың жұмыспен қамтылуын төмендетiп жiбердi. Жұмыссыздық көбейiп кеттi. Жұмыс күшiнiң көлеңкелi рыногы дамыды. Ресми түрде тiркелген жұмыссыздықтың деңгейi немесе жұмыс iздеп жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарға өтiнiш жасаған азаматтардың үлесi экономикалық белсендi халықтың 4,4 %-ын құрайды. Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады. Белсендi жұмыс iздеудiң нақты қадамдарына: халықты жұмыспен қамту жөнiндегi мемлекеттiк уәкiлеттi органдарда немесе жеке меншік агенттiктерде тiркелу, жұмыс берушiлерге өтiнiш жасау, бұқаралық ақпарат құралдарына жұмыс iздеу туралы хабарландыру беру, өзiнiң жеке iсiн ұйымдастыруға әрекет ету немесе еңбек рыногындағы сұраныстарды ескере отырып, кәсiби даярлықтан өту жатады. Қалалар мен аудандардағы халықты жұмыспен қамту жөнiндегi уәкiлеттi органдар мынадай қызметтердi көрсетедi:

1) азаматтарды жұмысқа орналастырудың мүмкiндiктерi туралы және осы немесе басқа бiр жұмысқа орналасқысы келген адамдарға қойылатын талаптар жөнiнде хабардар етедi;

2) жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң түлектерi мен әлеуметтiк қорғауға аса мұқтаж азаматтарға лайықты жұмыс таңдауда, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарына, вахталық әдiспен, шетелде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседi;

3) жұмыс iздеуде қиындық көрiп жүрген азаматтарға консультация бередi;
4) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
5) жұмыссыз азаматтарды оқытады және қайта оқытады;
6) шағын несие беру арқылы жұмыссыздарға өзiнiң жеке iсiн
ұйымдастыруға жәрдемдеседi;
7) кәсiби даярлауға, iскерлiк машықтарын үйретуге мемлекеттiк
тапсырысты кәсiби білім беру оқу орындарының желiсi арқылы анықтайды;
8) бастауыш және орта кәсiптiк оқу орындарының түлектерiн жұмысқа
орналастыруға жәрдемдеседi.

 

Еңбек рыногының қажеттілiктерiн ескере отырып, жұмысшылар мен
мамандар даярлаудың көлемi мен бейiндерiн әзiрлеуде және түзетуде оқу
орындарына ақпараттық және әдiстемелiк көмек көрсетiлетiн болады.
Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар көрсететiн
жұмысқа орналастырудың дәстүрлi нысандарынан басқа жұмыс iздеушi
азаматтарды жұмысқа орналастырудың баламалы нысандары дамытылатын болады.

Бұл, ең алдымен, жоғары ақы төленетін және беделдi жұмыс таңдау үшiн ақы
төлеуге қабiлеттi, неғұрлым біліктi әрi болашағы бар жұмыс күшін қолданып
жүрген шеңберінде жұмысқа орналастыруды өз мойнына алатын жұмысқа
орналастыру жөніндегі жеке агенттіктер. Жұмысқа орналастырудың баламалы
түрлерінің болуы, бір жағынан жұмыс іздеуші азаматтардың қажетті қызмет
түрлерін пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді, екінші жағынан - жұмысқа
орналастырумен айналысатын ұйымдар арасында бәсекелестік ортаны туғызады.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыс белсенді түрде жұмыс іздеп
жүргендер үшін өрістетілетін болады. Жұмыссыздарды тоқсан сайын есепке алу және жұмысқа орналасуға мұқтаж адамдардың санаттарын анықтау жолға қойылады, еңбек биржаларының қызметі олар адамдарды жұмыспен нақты қамтамасыз ете алатындай етіп жандандырылатын болады. Еңбек рыногында белсендi түрде жұмыс iздеп жүрген азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесудiң негiзгi өлшемi - бос қызмет орындары банкiн қалыптастыру, ұлғайту және пайдалану болып табылады.

 

 

2.3.Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

Кедейлiк ауқымын 1999 жылмен салыстырғанда 2002 жылға қарай 8,7 %-ға
қысқарту. Жұмыссыздық деңгейiн 2000 жылғы 13,5%-дан 2002 жылдың аяғында 9%-ға дейiн төмендету. Төменде Қазақстан Республикасының халықтың саны, еңбек ресурстары және жұмыссыздықты азайту туралы 2001-2002 жылдарға арналған мәліметтер келтіріледі, (мың адам).

Бағдарламаны iске асырудың есебiнен 2000-2002 жылдары 400,4 мың
жұмыс орнын құру, бұрыннан бар жұмыс орындарының санын азайтуға жол
бермеу көзделедi. Квоталаудың есебiнен 82 мың жұмыс орны сақталатын болады.
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асыру 295,1 мың адам үшiн
жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бередi. 52,8 мың жұмыссыз адам кәсiптiк оқуға және қайта даярлауға тартылады.

Қорытынды

 

            Жұмыссыздық – экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселелердің бірі. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауға бағытталғын бағдарламаны дер кезінде қаржыландыру жұмысқа ділгер болып отырған арасындағы шиеленісті бәсеңдетіп қана қоймай, сонымен қатар отбасына, көп жағдайда, бірден-бір табыс табу мүмкіндігіне қол жеткіздіреді.

         Қазақстан Республикасының статистика және сараптау комитеті ай сайын қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау және зерттеу жұмыстарын жүргізеді. «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімдік даму стратегиясында халықты әлеуметтік қорғау, жұмыссыздық пен кедейшілікті жою бірінші кезекте тұрған негізг

123
скачать работу

Жұмыссыздық және онымен күресу шаралары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ