Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

12 жылдык білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері

ң жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік компонент (оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің калауы және таңдауы бойынша игерілетін оку жоспарының вариативті бөлігі) кіреді. Мүнда оқушының өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға арналған «Зерттеу мөдениетінің негіздері» атты арнаулы курсы беріле-ді), жоғары сатыға (11-12-сыныптар) бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп окытылатын, өзінін мазмұны мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу пәндерінін, модульдердің, курстардың жиынтығы) қосылады. [10; 17]

Білім беру моделіндегі нәтижеге бағдарланған оқу жетістіктерін бағалау жеке оқушының, мүғалімнің, мектептің, өңірлік және ұлттық тұтас жүйенің білім беру нәтиже-лерін бағалауға барабар тәсілдерін карастырады.

Мектептегі оқытудың нәтижелері — әрбір окушының окудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның окуға катынасы мен тұлғаның тұтас даму динамикасы жан-жақты және әділ бағалауды талап етеді.

Күтілетін нәтижеге жетуді бағалау жүйесін жетілдіру бағалаудың екі жолын бірдей дамытуды карастырады:

- білім берудің жалпыға міндетті стандартын игеру денгейі (сыртқы нәтижелер);

- оқушының жеке тұлғалық жетістіктері (ішкі нәтижелер).

- Оқытудан күтілетін нәтижелер, игерген дағдылар, қалыптаскан құзыреттер төмендегідей бағаланады:

- жалпы білім беру дайындығы деңгейінін талаптарына сәйкес оқушының оқу жетістіктерін бақылаумен;

- білім беру салалары бойынша жалпы орта білім берудің әрбір сатыларын аяқтауы бойынша межелік және қорытынды емтихандар өткізумен;

- мектептің әрбір сатысында аралық мемлекеттік бакылау жүргізумен;

- оқытудын 10, 12 жылын аяктаған соң біртұтас ұлттық емтихан өткізумен;

- ұлтгық масштабта мониторингті зерттеулер жүргізумен.

Әр оқушының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының оку нәтижелеріне жету сәйкестігін бақылау мен бағалау максатындағы диагностикалык зерттеулер жүргізу төмендегілердің негізінде жүзеге асырылады:

- күтілетін оқыту нәтижелерін сипаттайтын өлшеуіштерді тандау;

- оқушының әрекет нәтижелерін сандық және сапалық көрсеткіштерімен өлшеуге арналған құралдарды әзірлеу;

- тестілік тапсырмалар, портфолио, бақылау жұмыстары, ауызша жауаптар, сондайақ оқушылармен жүргізілген сауалнама нәтижелері негізінде орындалған оқыту нәтижелерін рейтингтік бағалаудың ғылыми негізделген әдістерін әзірлеу.

Сонымен, 12 жылдық оқытуға көшу шығармашыл, зерттеуші тұлға дамытуға бағытталған жаңа үлгіден тұратын қазақстандық білім беруді жаңартудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді.

12
скачать работу

12 жылдык білім берудін максаты мен күтілетін нәтижелері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ