Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы

қайта оралады. Қошқар деген жерде Тахир хан Сайд ханмен кездесіп қазақтар мен моғолдар арасында формальды одақ жасалады(4, 413-б). Тахир хан дәл осы уақытта(1524 ж) Мұхаммед қырғызбен де бірігіп қимылдау туралы жасырын келісөз жүргізді. Бұл келісөз нәтижесінде моғолдар мен шайбанидтерге қарсы қазақ-қырғыз одағының негізі қаланған еді.Қырғыздар мен қазақтар арасындағы байланыс туралы естіген Сайд хан Мұхаммед қырғызды қайтадан тұтқындап Қашқарға алып кетеді. Мұхаммед қырғыз тұтқыннан 1533 жылы Сайд хан қайтыс болған соң бірақ босатылған(5, 414-б). Осыдан кейін қазақтар мен моғолдар арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп кетеді де қырғыздардың едәуір бөлігі Тахир ханға келіп қосылады. Ал моғолдар осы кезден бастап Шығыс Түркістанға көше бастайды. Тахир хан 1527 жылы Атбашыға келіп қалған қырғыздарды өзіне қосып алады.

1533 ж. Сайд хан қайтыс болған соң Моғол тағына отырған Абд ар-Рашид хан Қырғыстан мен Оңтүстік Шығыс Қазақстан аумағында моғол билігін орнату үшін Мауераннахр билеушісі шайбанид Убайдолла ханмен одақтасып қазақтар мен қырғыздарға бірнеше ірі жорықтар жасайды. Моғол феодалдары  мен шайбанидтердің агрессиялық жорықтарына қазақтар мен қырғыздар қазақ ханы Хақназардың басқаруымен бірлесе отырып күрес жүргізеді. Хақназар хан тарихи деректерде қазақтар мен қырғыздардың патшасы деп аталған. Қырғыз феодалдары түрік-моңғол дәстүрі бойынша Мұхаммед қырғыздың өлімінен кейін қазақ хандары Тахир, Хақназар және олардың мұрагерлерінің билігін мойындаған. Моғолдар мен шайбанидтердің кейбір жекелеген жеңістеріне қарамастан Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды жаулап алу ниеті іске аспады. ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында қырғыз феодалдары моғол үстемдігіне қарсы күресте қазақ хандығынан қолдау таба отырып, қазақ хандарының Сыр бойындағы сауда орталықтары үшін Шайбанидтермен жүргізген күресіне барынша көмек көрсетті (5, 448-б). ХҮІ ғасырдың екінші жартысында қырғыз феодалдарың Шайбанидтерге қарсы әрекеттерін қазақ ханы Хақназардың саясаты негізінде жүргізді. Хақназар ХҮІ ғасырдың  70 ж.ж. Шайбанид Абдолла хан мен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасындағы күресті өз пайдасына шешу мақсатында бірде Абдолла ханды қолдаса, енді бірде баба сұлтанды қолдап отырды. Хақназар ханнан кейін қазақ-қырғыз одағының басына қартайған Шығай хан келді(1580-1582 ж.ж). Шығай хан өзінің баласы Тәуекелмен бірге Хақназар ханның саясатын жалғастырды. 1582 жылы Шығайдан кейін хан болған Тәуекел қазақ-қырғыз қолдарының күшімен Ташкент, Түркістан, Андижан және Сайрам қалаларын басып алған.

 ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Қазақстан мен Орта Азия тарихы туралы жазылған тарихи деректер осы кезеңдерде қазақтар мен қырғыздар арасындағы қарым-қатынас негізінен достық-одақтық сипатта болғандығын көрсетеді. Осы кезеңдерде жазылған тарихи деректердің басым бөлігі отырықшы қала мәдениеті дамыған, Шайбан әулеті билеген Мауераннахрда немесе Моғол мемлекетінде жазылғандықтан моғолдар мен шайбанидтердің қазақ- қырғыздармен соғыстарын әсірелеп көрсету басым болды. Бұл деректердің авторлары Шайбанидтер мен моғол феодалдарының қызметіндегі адамдар еді.

         Түркі халықтары арасында этникалық байланыстары жағынан қазақ халқына ең жақын халықтардың бірі қырғыздар болды. Мұны кезінде көптеген зерттеушілер атап өткен болатын. Бірақ қазақ-қырғыз халықтарының арасындағы этникалық байланыстар туралы мәселе көп уақыт бойы екі халықтың ортақ этнонимдерін анықтаумен шектеліп келді. Қазақ және қырғыз халықтарының арасындағы этникалық байланыстарды неғұрлым тереңдете зерттеген ғаламдардың қатарына С. М. Абрамзон, К. И. Петров және И.Б. Молдабаевтарды жатқызуға болады. Қырғыздың белгілі ғалымы И.Молдабаевтың айтуына қарағанда қырғыз бен қазақ арасында тек атаулары бойынша сәйкес келетін ру-тайпалардың өзі оннан асады. Бұлардың қатарына қыпшақ, қоңырат, найман, жәдігер, қатаған, дулат, ноғай, алшын(алақшын), сары, сары үйсін, абақ, таздар, итемген, ағынай, балықшы, қызыл-құрт және т.б. ру-тайпалар жатады. Қазақ және қырғыз халықтарының арасындағы этникалық байланыстар туралы бірден-бір тарихи дерек көзі батырлар жыры болып табылады. Қырғыз тарихшысы И. Молдабаев қырғыз халқының эпостық жырлары Манасты және «Жаныш пен Байыш» эпостарындағы қазақ және қырғыз халықтарының этникалық байланыстарын зерттеп анықтаған болатын/7, 11-24 бет/.

         Қырғыз халқының «Манас» эпосында өзге халықтарға қарағанда қазақ халқы жиі еске алына отырып туыс халық ретінде көрсетіледі.  «Манас» эпосының Сағымбай нұсқасы бойынша қазақтар Алтайда қырғыздармен көршілес өмір сүрген. Эпоста «қазақ» этнонимімен қатар қазақ халқының құрамындағы көптеген ру-тайпалардың атаулары да кездеседі. Мысылы: «Манастың әкесі Жақып Манас туылардан бұрын көптеген халықтарды шақырып, олардың арасында алшындар мен абақтар да айтылады. Қазақ ханы Көкшенің ордасындағы Көкше мен Әбілмамбет арасындағы талас-тартыс туралы эпизодта Кіші жүз бен Орта жүз тайпалары арғындар, наймандар, қоңыраттар және жағалбайлылар туралы сөз болады. Сонымен қатар эпостың Сағымбай нұсқасында Манас Сайқал есімді қызбен жекпе-жекке шығатын эпизодта көптеген халықтармен қатар дулаттар да айтылған/9, 46 бет/. Ал дулат тайпасы қазақ халқының Ұлы жүзінің құрамындағы ең ірі тайпа бола отырып, кейінгі орта ғасырларда Моғолстан мемлекетінің саяси өмірінде белсенді рөл атқарған/4, 72 бет/. Рашид-ад дин, Ш. Уалиханов және В. В. Бартольд Дулаттарды моңғол тектес тайпа десе, Н. Аристов, М.Ф. Катанов, Р.Г. Кузеев, В.В. Востров, М.С. Мұқанов және т.б. көптеген зерттеушілер бұл пікірді жоққа шығырды/11, 36 бет/

         Дулат этнонимі қырғыздардың рулық құрылымында да кездеседі. Қырғыздың Саяқ тайпасының құрамында қайдулат руы мен дулат бөлімі болған, ал құсшы тайпасының арасында меңдулат руы болған. Бұл рулардың белгілі дәрежеде қазақтың дулат тайпасымен және орта ғасырлардағы дулаттармен өзара байланысы бар. Бұл жерде қазақтың дулат тайпасымен қырғыздың құсшы тайпасының таңбаларының ұқсастығы назар аудартады. Бұл тайпалардың екеуінің де таңбасы дөңгелек  бейнесінде бейнеленген/7, 12 бет/. .

          «Манас» эпосында сонымен қатар екі халықтың да құрамында кездесетін албан, жәдігер, қатаған, найман, қыпшақ, қытай, қанды, сары, балықшы, шекті, қоңырат, сарт сияқты барлығы 17 ру-тайпа атаулары кездеседі. «Манас» эпосынан қырғыз халқының тек Ұлы жүз қазақтарымен ғана емес Орта және Кіші жүз қазақтарыменде этникалық байланыстарын көреміз.

         Қазақ пен қырғыз этнонимдерінің бұл сәйкестіктерін кездейсоқтық деп айтуға болмас. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан территорияларындағы Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келген көптеген түркі және түркіленген моңғол тайпалары  ХҮ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІ ғасырдың басында Моғолстан мемлекетінің орнында  қалыптасқан қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген болатын. Бұл тайпалардың әуел бастан шығу тегі мен тарихы бір болатын.

         Қазақ-қырғыз халықтарының арасындағы этникалық байланыстар туралы мол мәлімет беретін тағы бір тарихи дерек қырғыз халқының «Жаныш пен Байыш» эпосы болып табылады. Бұл эпосты жан-жақты зерттеген қырғыз ғалымы И. Молдобаев эпостағы жер-су аттарына талдау жасай отырып, эпостағы тарихи оқиғалар Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумақтарында болғандығын анықтады/8, 39 бет/. Эпостағы Ала-көл, Ақ сай сияқты жер-су аттары Қазақстанның оңтүстік шығысындағы географиялық аймақтар болып табылады. Мұның өзі кейбір қырғыздардың этникалық тарихын зерттеуші ғалымдардың қырғыздардың бір бөлігі ХІІІ-ХҮ ғасырларда Ертіс пен Іле аралықтарындағы жерлерді мекендеген деген пікірлерін айғақтай түседі/14, 136 бет/.

Қырғыз зерттеушілері эпос  ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан аумағындағы тарихи оқиғаларды қамтиды деп санайды/8, 49 бет/. ХҮ ғасырдың екінші жартысында батыс Жетісудағы Шу-Қозыбасы өңірлерінде қазақ хандығының құрылуы және Солтүстік Қырғызстан территориясында Қырғыз халқының қалыптасуы екі халық арасында саяси және мәдени қарым-қатынастардың орнауына алып келді. Осы кезеңдерден бастап бұл екі халық осы территорияларда түпкілікті орнығып қалу үшін Моғол және Шайбан билеушілеріне қарсы біріге отырып, ұзаққа созылған күрес жүргізуге мәжбүр болған. Қырғыз билеушісі Мұхаммед қырғыздың өлімінен кейін бұл күрестің басында қазақ хандары тұрған. Яғни, қазақ хандарының басшылығымен біріккен қазақ және қырғыз жасақтары осы ХҮІ ғасырда Моғолстан моғолдарын Жетісу мен Қырғызстан аумағынан Шығыс Түркістанға ығыстырды. Осы күрес нәтижесінде 1524 жылы негізін Тахир хан қалаған қазақ-қырғыз одағы қалыптасып, бұл одақ ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрес кезінде де жалғасын тапты. Бұл одақтың бірлескен әрекеттері  туралы өз алдына бөлек әңгіме.  

   Тарихи деректерде көрсетілгендей қазақ хандығының алғашқы хандарының бірі Жәнібек ханның Жаныс пен Байыс есімді ұлдары болған/15, 42 бет/. К. Акиевтың нұсқасындағы «Жаныш пен Байыш» эпосында ағайынды Жаныш пен Байыштың аталарын Әзірет хан деп атаған. Әзірет сөзі араб тілінде әулие, қасиетті деген мағынаны білдіреді. Тарихи деректерде көрсетілгендей  Жаныс пен Байыс сұлтандардың әкелері Жәнібек хан  1465-1466 жылдары Шу мен Қозыбасы өңірлеріне көшіп келген кезде Абу Саид немесе Бу Саид деген араб есімімен де белгілі болған.   Бұл жерде көріп тұрғанымыздай қырғыз халқының «Жаныш пен Байыш» эпосының бас кейіпкерлері, ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы қазақ халқының ғана емес  қырғыз тарихының да тарихи тұлғалары болып табылатын қазақ сұлтандары Жаныс пен Байыс сұлтандар/7, 50-51 бет/.

         Бірақ бұл эп

123
скачать работу

15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ