1870-1900 жылдардағы Италия
Другие рефераты
1. Италияның біріккеннен кейінгі экономикалық дамуы.
2. Италияның ішкі саясаты.
3. Италияның сыртқы саясаты.
Италия 1870 жылы бірікті. Бірігу нәтижесіңце елдің түтастығы қамтамасыз етілді. Бүл ішкі рынокты қалыптастырды. Яғни, елде капитализмнің дамуына кажетті алғышарт жасалды. Бірігудің нәтижесінде елдің үкімет басына бай топтың өкілдері келіп отырды. Бірігудің барысында қалыптасқан буржуазиялық мемлекет ортағасырлық мемлекеттің қалдықтарын иемденді.
Бүкіл Италия халқының 3/4 бөлігі ауыдда түрды. Италияның деревняларында жартылай феодалдық қатынас басым болдъі. Жердін 5/6 бөлігі дворяндардың, шіркеудің, ірі жер иелерінің, буржуазияның қолында болды. Ұсак шаруа иелігі өте аз бодды. Қауымдық жер көп аудандарда сақталды. Жер шаруашылығын ірілендіру баяу жүрді. Шаруалардың басым көбі жерсіз болды. Арендаға (жалға) жер алды. Аренданың түрі исдольщина, яғни түскен өнімнің жартысын беретін бодды. Шаруалар байдын жерінде бірнеше күн жүмыс істеді. Италиянын шаруашылығы өте ауыр жағдайда дамыды. Жер өңдеу қарапайым кетпенмен өнделді. Өнім төмен болды. Осыған байланысты тұрмыс ауыр болды. Аштық, жалаңаштық белең алды.
Ішкі нарық өте тар. Өнеркәсіп өнімдерін сатып ала алмады. Елдің оңтүстігінде феодалдық күрлыстың қалдығы көп болды. 1870 жылы оңтүстіктің аграрлануы бүрынғыдан күшейді. Себебі солтүстікте капитализм азды-көпті дамыды. Соған байланысты оңтүстіктің қолөнер бүйымдары өтпей қалды.
Ауыл шаруашылығына капитализмнің енуі өте жай жүрді. Шіркеу жерін және басқа жерлерді сатып алған буржуазия капитализмді енгізе алмады. Көп жағдайда аренда төлемінің көлемін жоғарылатты, салық төлей алмағаны үшін жерлерді сатып жіберді. Бұл шаруалардың жерсіз қалуына әкелді. Сондыктан олар «бақыт» іздеп шетелге кетті.
Солтүстік Италияда аграрлык. қүрылыс ерекше болды. Мүнда капиталистік типтегі өнеркосіптер салына бастады. Ірі жер иелері иеліктерінде, исполщина, батрак еңбектерін пайдаланды. Олар рынок үшін өндірді. Олардың шаруашылыктарында азды-көпті ауылшаруашылық машиналары, жер өндеудің жаңа прогрессивтік тұрлері болды. Баскд капиталистік елдерге кдрағанда Италияда бул процесс жай жүрді. 1800-1900 жылы 11% өссе, Америкада 57% өсті.
Тауарлы ақша катынасының дамуы, ауыл шаруашылығына капитализмнін енуі, Италиянын шаруаларының жіктелу процесін кушейтті. Шаруа-жалгерлер капитализмнің жүруіне байланысты еңбек қүраддарынан, жерінен айрылды. Шаруалар батрактарға айналды. Бұлар өздерінің таза енбектерін сатумен айналысты немесе калаға барып еңбектерін сатты. Ауыл шаруашылығынын кейбір шаруалары байыды. Бұдан ауыл шаруашылығында шаруа буржуазиясыиайда болды.
Шаруалардың көп бөлігі жерсіздену барысында қалаға кетті. Бірақ қалада өндірістін дамуы төмен болды. Сондықтан олар басқа елге кетті. 1865-1900 жылдар арасында 5,5 млн. адам шетелге кетгі.
Дегенмен Италия біріктірілгеннен кейін өнеркәсіп тез дамыды, саудасы да дамыды. 16 мың шакырым темір жол салынды. Бұл ішкі рынокты кеңейггі. Біріктіргеннен кейінгі 30-40 жылдың ішінде Италияда өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Кустарлық өндіріс орындары бәрі-бір басым болды.
1872 жылы 100 мың жұмьтсшы болса, 1900 жылы 1 млн. 275 мын адамға жетті. Өнеркәсіптің жай дамуының себебі елде рыноктьщ тарлығы. Табиғи байлык та өте аз. Жерінде көмір, темір қоры жоқ. Осының барлығы баскд еддермен салыстырғанда артта қалуына әкеліп соктырды. 1890 жылы 200 000 тонна шойын өндірілсе, Англия 7,13 млн. тонна шойын өндірді. Болат 120 мын тонна болса, Германия 7 млн. тонна өндірді. Өнеркәсіп төнкерісі елдің оңтүстігінде болмады десе де болады.
Италия мемлекеті буржуазиялық конституциялық монархия. Бұлар ескі феодалдык, мемлекеттен көп нәрсені сактап кддды. Себебі буржуазиялық өзгерістерді жасауға монархиялық институттарды пайдаланғысы келді. 1848 жылы 4-наурызда Пьемонт конституциясын кдбылданғанды. Ол реакциялық сипаттағы конституция болатын. Бұл конституция бойынша мемлекеттін басындағы корольдың билігі шексіз болды. Король еддің билеушісі, қолбасшысы, ол соғысты да бітімді де өзі жариялады. Конституция бойынша парламент шақырылды. Сенаткд король үйінің принцтері, өмірлік чиновниктер, ірі жер иелері сайланды. Депутаттар палатасына бастауыш білімі бар жыл сайын 40 лир ценз төлейтіндер (25 жасқа жеткен) ғана өте алдьг. 1848 жылғы Пьемонт конституциясы кейін біріккен Италиянын конституциясына айналды. Халық 1870 жылы 25 млн. болса, оның 580 мыңы ғана сайлауға дауыс бере алды. Оңтүстігіндегілер түгелдей сайлауға қатыспады. Негізінен алғанда помещиктер, ірі жер иелері сайланды.
Мемлекет басында отырған буржуазиялық дворяндық үкімет өте мыкды болған жоқ. Себебі олар елде өздеріне әлеуметтік тірек жасамады. Тірек жасау үшін заңдар қабылдау керек. 1869-1876 жылдар аралығында буржуазиялық дворяндар мен сауда қаржылық буржуазияның мүддесін қолдайтын үкімет ірі буржуазиянын мүддесін де қолдап отырды. Бүлар елдің өмірін демократияландыруға қарсы шығып отырды.
Оңшыл партия үкімет басында болғанда өздеріне қажетті мемлекеттік аппаратты күшейтті. Теміржол құрылысын қолдады. Оған кажетті акша салықтарды көбейту арқылы жасады. Солшыл партия да болды. Бірақ бүлар да ірі финансистер мен саудагерлердің мүддесін қорғады. Бүл партияның бағдарламасы:
1. Жоғары кедендік тариф белгілеу
2. Ірі өнеркәсіпшілерге тиімді сауда келісімін жасау.
3. Ұсақ буржуазияға кредит беру
4. Салықты азайту, сайлау қүқығын кеңейту, елді басқаруды демократияландыру.
1876-1887 жылдары солшылдар партиясы үкіметтің басында отырды. Олар үкіметтің басына келгеннен кейін халыққа қарсы әрекет жасады. Демонстрация, митингілерге қарсы түрды. 1890 жылдар барысында оңшыл мен солшыл партиялардың айырмашылығы біртіндеп жойылып кетті, екеуі де үстем таптың мүдцесін қорғап кетті.
Италияның сырткы саясаты түракты болған жоқ. Қаланың үсақ буржуазиясының арасында ирреденистік қозғалыс күшейді. Ирреденистік козғалыстың мәні антиавстриялық. Олар Италияға Австро-Венгрияның шекараларындағы италяндықтар көп түратын жерлерді қосу керек деді. Италия экономикалық жағынан әлсіз болғандықтан дербес сыртқы саясат жүргізе алған жок.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|