Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың құқықтық және саяси көзқарастары

ай көркем шығарма жазуға кірісерде:»Мақсұтым — тіл ұстартып, өнер шашпақ» дейді. Қазақ тілін көркемдіктің биігіне көтеру үшін оған араласып жүрген бөтен сөздерден өлеңді аршымақ болады. «Бөтен  сөз» дейтіні: біріншеден, ауызша немесе жазба әдебитте белгілі бір пікірге қатысы жоқ жолдардың, сөздердің бытысып жүруі; екіншіден, қазақ тіліне ислам діні арқылы кірген, қазаққа ұғымсыз араб, парсы сөздерінің орынсыз араласып кетуі. Белинскийдің қағидасын  қолданатын Абайдың да ойынша : «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы . Тілге жеңіл, жұрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр  келсін айналасы». Бұл тақырыпқа ақын жұрттың ұғымына әрі жеңіл, әрі көркем түр тапқан.

Абай поэзиясы түгелімен лирикалық өлеңдерден құралады. Ол поэма жанрына беріле бой ұрмаған ақын.Бірақ Абай қысқа өлеңдеріңде табиғаттың бейнесін адам портретін жасауға, оның ішкі-сыртқы қылық, мінездерін   айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай тақырыпқа  жазған өлеңінде болса да ; қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының бейнелері айқын елестеп  тұрады. Мысалы, қысты  ол «Ақ киімді, денелі, ақ сақлды, Соқыр , мылқау, танымас трі жанды…Кәрі құдаң — қыс келіп , әлек салды* деп,қазақтың қатал шалдарына ұқсатады. Сонмен қатар, қазақтың сол кездегі да киіз үйде отыратын тұрмысын елестетіп, *Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй  шайқалды» дейді. Мезгіл тақырыбында жазған өлеңдерінен табиғат көріністерінен  басқа ауылдың әлеуметтік өмірі  де, бай мен жарлының тұрмысындағы айырмашылық та, таптық  теңсіздік те көрініс беріп отырады.»Жазғытұры»,» Жаз», «Күз», «Қан сонарда», «Желсіз түнде жарық ай», «Шоқпардай кекілі бар…» сияқты өлеңдері  ірі шеберлердің    қолынан шыққан ғажап суреттердей өте көркем, өте ұғымды, сонымен  бірге бұл-тек қазақ даласында кездесетін көріністер. Болыстарды,  билерді, пысықтарды,  тағы сондай типтерді суреттегенде, көз алдыңа  тірі адамның бейнесін елестетеді. Өзінің және өзгелердің  жан-жүйесін сипаттағанда да Абай өте шебер. Жастардың махаббат сырын бейнелеуде де алдына жан салмас жүйрік. Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында негізінен «қара өлең»  және «жыр» аталатын екі-ақ өлең түрі болған. Абай өз шығармаларында осы екі түрде де байытып, кең пайдаланған. Бірақ ол қазақ поэзиясының өлшемімен ғана қанағаттанып  қойған  жоқ. Орыс және дүние жүзі поэзиясының жетістіктеріне сүйене отырып, қазақ өлеңіне тыңнан 17 түрлі өлең өлшемін қосты. Солардың ішінде «Сегіз аяқ« және 16 тармақты «Сен  мені не етесің» сияқты дүние жұзіндегі поэзияға қосқан жаңа өлшемдері де бар. Абай тыңнан жасаған өлшемдерінің сауатсыз аулдың тыңдаушылары, азғана оқырмандарына түсінікті  болу жайын да қарастырады.

Абайдің дүниеге көзқарасы 19 ғасырдың 2 — жартысында Қазақстанның экономикасы мен қоғамдық өй пікірінің  прогресшіл бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Ол дүние тану жолында орыстың прогресшіл ойшылдарының, революцияшыл демократтарының шығармаларын оқып және  өз дәүірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, бұларды қазақ  өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданды.Осы кездегі қазақ қауымын толғандырған басты философиялық мәселелер: құдай мен табиғат, адам мен кұдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болса, солардың барлығына Абай прогресшілдік тұрғыдан жауап  беруге тырысты. Бірақ сол кезде үстемдік еткен патриархты-феодал коғамның  діни-идеалистік козқарастарының  ықпалынан  толық шыға алмады.   Сондықтан да Абайдың философиялық пайымдауларында ғылыми-ағартушылық, материалистік  ой-пікілер діни — идеалистік көзқарастармен ұштасып жатады. Абай бір жағынан құдай бар,  ол жаратушы  деп ұғындырса, екінші жағынан  дүниенің әлемнің  объективтік зандылықтарын мойындайды. Сөйтіп, дүниені тұсіндіруде деистік қозқарасты жақтайды. Адамды дүниенің ең маңызды бөлегіне жатқызып, Абай  басқа кұбылыстардан  ерекшеліктерін, ішкі мәнін ашуға тырысады. Оның түсінуінше, қайрат, жүрек (сезімталдық), ақыл — тек адамға  тән  қасиеттер. Ақылдылық өтірікті ақиқаттан  ажыраттырады, қайрат адамды  алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылдырады. Жүрек әділеттілік  пен  әділетсіздікті   білдереді. Адамның ақылдылығы, саналалылығы, Абайдың ойынша, білімділікпен, ғылымды зерттеумен, дүние құрылыстарының ішкі сырын білумен болмақ. «Оныншы» және «Қырық үшінші»  қара сөздерінде адамның ақыл-қабілеттілігін қудайдан боліп алып, оның еңбек етуіне апарып тірейді. Сөйтіп,  Абай деистік  ұғымнан материалистік  көзқарастың бағатына  түседі. «Біз  жанымыздын ғалым   шығара алмаймыз,- дейді    Абай ,- жаралып, жасалып  қойған  нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.»  Демек, Абай дүние тану процесінде екі  элементтің- сезім мен логиканың, түйсік  пен ақылдың қатынасатын мойындайды. Танымда ақылдың ролін көтермелеп, рационалистердің позициясына жуықтайды. Себебі Абай үшін  ақиқатты анықтаушы, айтылған пікірлердің шындығын яки жалғандығын шешуші тек  ақыл ғана.  Сондықтанда Абай :»Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз. Ақсақал айтты, бай айтты, Ақылменен жеңсеңіз» дейді. Дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, ағартушы  Абайдың түсінігі бойынша, адамға  тән қасиет болуға тиісті. Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан  адам жаны болмай, хайуан жаны болады» дейді. Абайдың дүние тануында стихиялы диалектикалық көзқарастың орын алғандығын шығармаларынан  аңғарамыз. Айналадағы  дүние құбылытсарын  зерттеген от  былайша тұжырымдайды : «Дүние бір қалыпта тұрмайды, адамның қуаты,  өмірі бір  қалыпта тұрмайды. Әрбір мақлұққа құдай тағала бір қалыпта  тұрмақты берген жоқ » Тек  табиғат қана емес, адамзат қоғамы да өзгереді, бір қалыптан екінші қалыпқа өтеді. «Дүние -үлкен көл болса,  «Замана — соққан жел» дейді  Абай «Алдыңғы  толқын — ағалар,  артқы толқын — інілер, Кезекпенен өлінер, Баяғыдай көрінер».Демек Абай үшін дүние ағып жатқан судай, коғам да өне бойы  өзгеру  процесінде болмақ. Дүниеде мәңгі еш нәрсе жоқ. Абайдың философия ой-пікірлерінің әлеуметтік маңызы мынада : ол діни мистикалық қара түнекте әшкерелеп, феодалдық идеологияға соққы берді, ақыл-парасатты дәріптеді, қазақ елінде  ғылым мен  ағарту идеяларын насихаттап, олардың кеңінен  тарлуына жол  ашты.

Абайдың  әлеуметтік — саяси көзқарастары да прогресшілдік бағытта болды. Ол патриархты-феодалдық коғамдағы надаңдықты,  кертарпалақты, әділетсіздікті ,заңсыздықты, зорлық-зомбылықты  мықтап және жан-жақты сынады. Қанаушы тап өкілдерінің кедей-жалшыларға жасаған қаталдығына, жауыздығына қарсы  шығып, замандастарын мейірімділікке,  гуманизмге шақырды. Абай объективтік тұрғында қазақ енбекші шаруаларының идеологы, сәулетті болашақтың жаршысы болды. Ол қазақ  халқын  экономикалық және мәдени мешеулікке қарсы күреске, прогреске, отырықшылыққа,  шаруашылық пен мәдениетті жан-жақты дамытуға, халықты ағартуға, білімге шақырды. Қазақ  елін алға бастыруда  орыс  халқынан үлгі алып, оның мәдениетін, білімін, ғылымын үйренудің қажеттігін атап көрсетті. «Жиырма бесінші» қара  сөзінде :»Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылымда — бәрі  орыста зор. Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға, тілін, оқуын, ғылымын білмек керек.Оның себебі олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін  білген  кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді…  Орыстың ғылымы, өнері — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі»,-деп жазды. «Алланың өзі  де рас, сөзі де рас » деп, ислам дініне  берік  сенетін Абай адамды да жаратушы алла  деп түсінеді  де,»Махаббатпен  жаратқан  адамзатты, Сен де сүй, ол алланы  жаннан тәтті » деп, адамды  әуелі алланы сүюге шақырады.  Бірақ ол исламның   шариғатшыл оқымыстырарындай, тек алланы сүюмен ғана қанағаттанбай,»Адамды сүй, алланың  хикметін  сез,  Не қызық бар одан басқа» деп,  ең жоғары санайтын алламен қатар адамды да сүюге шақырады. Ислам ғалымдары бұл дүниені уақытша, фани деп, сондықтан оны «жалғанға»  санап, одан бездіруге тырысса, рақатты адам өлгеннен кейін қайта тіріліп, ақирет аталатын  бақилық, яғни мәңгілік  тұрмыста көреді десе, ол үшін бұл жалғанды тек құдайға құлшылықпен өткізуге шақырса , Абай адамды осы  дүниенің тіршілігінде рақат көруге  үгіттейді. Абайдің ойынша «Өзің  үшін  енбек қылсаң, оттаған хайуанның  бірі  боласың». Ол әрбір адамға көптің пайдасы  үшін  еңбек атқаруды  ұсынады. «Әрекет  қыл, пайдасы  көпке тисін» дейді. Абайдың ұғымында адам атаулы жаратылысында бірдей, сондықтан өзін өзгелерден артық санайтындарға: «Менімен сен тең бе деп мақтанасың, Білімсіздік белгісі ол баяғы» деп қынжылады. Абай қоғамды ұлтқа, дәрежеге, жынысқа бөлмей, «адамзаттың бәрін сүй   бауырым «, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол»,  дейді де,  жалпы адамзатты  түгел суйетін гуманизм биігіне шақырады. Адам атаулыны тең және  идеалистік философияның  аумағынан шығ

123
скачать работу

Абай Құнанбаевтың құқықтық және саяси көзқарастары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ