Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың құқықтық және саяси көзқарастары

а алмайды. Әрбір  қоғамды басқарушылар мен  бағынушылардан тұрады деп,  екі жүйеге бөледі де, басқарушыларды «еденицаға»,  бағынушыларды «нөлге» санайды. «Еденица -жақсысы, ерген елі бейне  нөл» деп, басқарушысыз елдің, қоғамның  тіршілігін жоққа шағарады. Солай ойлай тура,  өмірде көрген тәжірибесіне сүйеніп,  Көптің бәрін көп деме, көп те бөлек. Көп  ит жеңіп  көк итті  күнде жемек» деп, «нөлдердің » де мағынасыз  емесін абайлатады. Абайдың ұғымында «жалпы еденицаның», яғни басқарушылардың, бәрі бірдей жақсы емес,оның  жақсы дейтіні — тек кемелдері, ақылы, білімі, адамдық сезімі толық «еденицалары» ғана.

«Қазағым » деген сөзді «ұлтым» деген мағынада түсінге Абай өз тұсындағы бұл халықтың өмір шындығынан  араламаған түкпір қоймайды да, көрген-білгендерінің бәрін шығарамаларына түсырып отырады. Ол  өмір шындығының тіркеушісі емес, көрген-білгендерінің  сыншысы болып, кем-кетікті қатты сынау арқылы түзетуге тырысады. Абай адамның хайуанаттан айырмашылығы  сезім мен ақылды деп санайды. Оның ойынша, ақыл-суық мұз, оны ысытатын — жұрек. Сезім ұясы деп санайтын жүректі қазақ поэзиясында  бірінші рет жырлаған ақын  — Абай «Жүрек — теңіз»  деп басталатын өлеңінде «достық, қастық, бар қызық — жүрек  ісі» дейді де,  қызық қуып  кетпеу  үшін әрбір  сезімді ақыл таразасына салып, оның тиімді-тиімсыз жағын  ойлануды ескертеді. Тиімді санаған істі ойлау үшін  қайрат керек. «Жүректе қайрат болмаса,Ұықтаған ойды  кім түртпек? Ақылға сәуле  қонбаса, хайуанша жүріп күнелтпек. Аспаса ақыл қайраттан,  Тереңге бармас , үстірттер» дейді  ақын. Оның ойынша, ақылдың танышы — ар мен ұят. Абай   адамға «Әсемпаз  болма әр неге, Өнерпаз болсаң арқалаған. Сен де бір кірпіш  дүниеге, Кетігін тап  та,  бар, қалан !» дейді.   «Өнерпаз» дегенді бекерге айтпайды; оның ойынша, аты енбектің бәрі бірдей қоғамға пайдалы емес, тек, өнерін, яғни әдісін білген  еңбек қана пайдалы. Абайдың ойынша, әрбір адамның табысы- атқарған еңбегінің жемісі болса, ақынынның жемісі   — жазған  еңбегі; сондықтан Абай «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы. Өлмейтұғын  артына сөз қалдырған» дейді. Бұл пікірін ол «Мазлұмға жаның ашып, ішің  күйсін,  Харакет қыл,  пайдасы көпке тисін* деп пайымдайды да, әрбір еңбек адамның қоғамы және өзіне  пайдалы  істер атқаруын көздейді. Абай  адамды дәулетіне қарап емес, кісілігіне  қарап бағалайды.

Оның ұғымынды шаруа білген адамның бәрі еңбекші , бәрі жақсы. Жек көретіндері — еңбекке байланысы жоқ арам тамақтар.Қоғамдық өмірідің, оның ішінде қазақ өмірінің әлеуметтік, таптық теңсіздігін көре білген, сол тұрмыстың бейне суретін жсай беілген Абайдың өзі ешбір шығарамсында таптық көзқарасын  ашық айқындаған адам  емес . «Қараша, жел тоқсан мен сол бір екі ай…» деп басталатын өленңінде байлар  мен жалшылар тұрмысындағы қайшылықтарды реалистік түрде өте  көркем сипаттайды, тұрмысы ауыр жалшылырға жаны ашитындығын көресетеді. Сөйте тұра, «Байда — мейір, жалшыда  бейіл де жоқ, Аңдыстырған екеуін құдайымай! » деп кейиді, одан әрмен бармайды. Бірақ осының өзі де сол үшін тың пікір еді.

Абайдың түсінігі бойынша, мектеп  ашу, бала оқыту,ғылымды білу, халықты ағартып, оның мәдениетін көтеру -қазақ өмірін прогресшіл жолмен өзгертудің  негізі болмақ. Қазақ елін экономика және мәдени даму жолына бағыттау үшін қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгерту  қажеттігін Абай  тарихи себептермен  түсініп жеткен жоқ  еді. Ол өзінің әлеуметтік-саяси  қозқарасында ағартулышықтың шеңберінде қалды. Себебі Абай дәуріндегі қазақтың патриархты-феодалдық қоғамында таптық күрес шиеленісіп  жетілмеген-ді. Енбекші бұқара патриархты-рушылдық әдет-ғұрыптардан қол үзіп, таптық революция күрес жолына түсуге әзірленіп  жетпеген болатын. Қазақ енбекшеілеріне бұл жолды тек Ұлы Октябрь социалистік революциясы  қазақ қоғамына қандай істерді пайдалы көрді?  Оның  ұғымында әрбір  қоғамның  жақсы я жаман  ел болуының тетігі  — бірлікшіл я бірліксіз болуында. Ол «Берекелі болса ел — жағасы жайлау  ол бір көл» деп, қазақ ауылының жазғы жақсы мекеніне, сонда көрген рақатына теңеді де, «Берекесі кеткен ел — суы ашыған батпақ  көл» деп, оны құтсыз, сияксыз мекенге балайды. Оның байқауынша,  өз тұсындағы ауылдары барып тұрған берекесіздік пен ала ауыздыққа толы болған. Қазақ қауымының  берекесіздікке ұшырау себебін Абай дұрыс аңғарады да, түп тамырын жеткіліксіз қазады.Ол бір өлеңінде : «Болды да партия, Ел іші жарылды»дейді.»Партия» дегені — патша үкіметінің қазақ елін билеу  жайында  1868 жылы шығарған заңы.Бұл заңға дейін ерте заманнан кле жатқан хандық өкімет  жойылып, 1822 жылдан бастап сібір  қазақтары арасында дуан (округ) аталатын әкімшілік орындары ашылған да , әр дуанның бас  әкімдері (аға сұлтанда) қазақтан тағайындалған. Батыс Сібірде дуандардың саны алтау болған. 1868 жылы патша үкіметі бұрынғы дуандарды жояды да, сібір қазақтарын Россияның ел билеу тәртібіне түсіріп, старшындарға, болыстарға, уездерге, губернияларға бөледі. Солардан старшындар мен болыстар ғана  сайланып,  одан жоғарғы әкімдер патша үкіметінің чиновниктерінен  ғана тағайындалады. Байлардың  болыстыққа, старшындыққа таласуы, әрине, ауыл арасының үстемдігіне  таласу.Осындай таласта олар әкені баладан,  ағаны ініден, туысты жақыннан айырып,  ел ішін быт-шыт қылған. Сол араздықтың салдарынан қазақ ауылдары жоғарыда айытылған берекесіздікке ұшырап,   қиян-кескі болған, жауласқан,барымталасқан,  кісі өлімі  де жиі кездескен. Абай осы пәленің бәрі сайлауға таласушылардан  деп ойлап,  оны өршітуші ұлт пен ұлттық,  ре  мен руды араздастырып ұстайтын патша үкеметінің саясат екенін анғармаған. Сондықтан ол былай дейді  : «Орыс айтты: өзіңе  ерік берем деп,  Кімді сүйіп  сайласаң, бек көрем деп*. Мұндағы «орыс» деп отырғаны — патша үкіметінің уездік және  губерния  әкімдері. Олар қазақтарға «кімді ұнатып сайласаң,  деп ауызша  айтқанымен, іс жүзінде параны  көп берген байды сайлаған. Жоғары әкімдердің бұл  қылығын кейінірек түсінген Абай  «Құтырды көпті қойып  азғанасы, арызшы орыс — олардың олжаласы. Бірде  оны  жарылқап, бірле мұны,  Қуды ұнатты-ау Семейдің бұл қаласы» деген   қорытындығы келеді.  Сонымен «Біріңді,қазақ, бірің  дос, Көрмесең, істің бәрібос» деп, тұған халқын береке-бірлікке,  ынтымыққа келтіре алмайды да,» Көңілім қайтты достан, дұшпаннан да,  Алдамаған кім қалды тірі  жанда»,»Дос  жарың, ағайының — бәрі екі ұшты, Сол себептен досынңан дұшпан күшті*, «Қажымас  дос халықта жоқ, Айнымас серт қайда бар? Алда көрген артта жоқ, Мысқыл, өсек, айла бар» деп торығады.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Кішібеков Д., Сыдықыв У. Философия – Алматы, 1996.
  2. Алтай Ж., Қасабеков А., Мухамбетәли Қ. Философия тарихы. Оқу құралы. – Алматы, 1999
  3. Қасабеков А., Алтайев Ж. Қазақ философиясы. – Алматы, 1996
  4. Энсоклапедиа (А, Ә).
  5. Қазақ әдебиеті.
  6. Адам және қоғам.
123
скачать работу

Абай Құнанбаевтың құқықтық және саяси көзқарастары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ