АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ НАЗИРАГӨЙЛІК ДӘСТҮРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ЖАЙЫ
Другие рефераты
Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес. Ал қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар бастаулардың бірі — Шығыстың классикалық поэзиясы екені мәлім. Шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді. Енді Шығыстың классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихына тоқталсақ. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап («жауап»-арабша «нәзира», ал парсы тілінде — «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шайырлары мұндай туындыларды ешқашанда аударма деп те, еліктеу деп те танымаған.
Абай және Шығыс классиктерінің әдеби-творчестволық байланысын сөз еткенде нақтылы зерттеу нысанасына алынбай келе жатқан күрделі де өзекті тақырыптың бірі Абай шығармаларындағы Шығыстық белгілердің бір тармағы болған нәзирагөйлікке келіп тіреледі. Бұл жөнінде де алғаш рет абайтану тарихында, Мұхтар Әуезов зерттеулерінде ғана қолға алынып, пікір сабақталды. Ақындар нәзиргөйлікті өз жанына ұялап, ойына қозғау салған келелі мұрат — мақсаттарын уақыт талабына орай қайта жырлап берудің әдеби тәсілі ретінде пайдаланып отырған. Бұл әдіс ақын ойын, мақсат -мүддесін жырлауға икемді әрі өтімді болуы себепті, жалпы Шығыс поэзиясы тарихында ерекше орын алатын тұрақты дәстүрге тікелей байланысты туындап отырған.
«Осы іспеттес әдеби құбылысты, қазақ әдебиеті тарихында Абай өз поэмалары мен аудармаларында нәзирагөйлік дәстүрді қолданып өзі ұстанған мораль философиясы негізінде творчестволық шеберлікпен жырлаған ақындық тәсілді М.Әуезов ерте сезініп, бұл туралы Абайтану саласында алғаш рет пікір білдірді» [1, 30-31].
ХІХ ғасырда Қазақстанның Ресейге қосылу процесінің аяқталуымен қатар әр түрлі саяси-әлеуметтік жағдайларға орай қазақ елі ғасырлар бойғы томаға — тұйықтықтан арылып, Батыс пен Шығыстың рухани өмірімен қоян -қолтық араласа бастады. Бұл өзгерістердің сол кездегі қазақ халқының қоғамдық ой санасында белгілі дәрежеде орын теппеуі мүмкін емес еді. Әсіресе, бұл көріністер сол тұстағы ой-сананың көшбасшысы болған қазақ ақындарының шығармалары мен нәзирагөйлік дәстүр негізінде қайта жырланған әрқилы қисса- дастандардан, аударма әдебиеттен анық байқалады. Бірақ аударма өнері мен нәзирагөйлік дәстүрде жырланған туындыларға қазақ ақындарының творчесволық қарым-қатынасы, көбінесе олардың дүниетанымы мен талғамына, біліміне байланысты болғанын аңғарамыз. Алайда бұл әдеби процесте сол кезең көрінісін сыншылдықпен терең де жан-жақты қамтыған Абай мұрасының алар орны мен мән мағынасы бөлекше жатыр. Өйткені, Абай шығармаларының бар болмысын ғылыми тұрғыдан кең көлемде тану жалпы қазақ әдебиетінде орын алған әрқилы күрделі құбылыстардың сырын ашып, табиғатын тануда адастырмас бағыт бере алады. Осы себепті де Абай мұрасындағы нәзирагөйлік дәстүрдің орын алуы, дәстүрлік жалғастық табу сияқты белгілерін жан-жақты біліп, аңғармайынша, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жолындағы кейбір ерекшеліктерді жете меңгерудің өзі қиын.
Осы тұрғыдан қарағанда нәзирагөйлік дәстүрі қазақ әдебиетіне ертерек енсе де, оны жаңа сапа, соны таныммен түрлендіре қолдануға Абай ерен еңбек сіңірген. М.Әуезов Абайға Шығыс классиктерінен енген белгінің бір саласы ретінде нәзирагөйлік дәстүрді сөз еткенде, осы дәстүрдің көрінісі, жалғасы ретінде ақынның үш поэмасына ерекше көңіл бөледі.
Жалпы Шығыс мәдениетін, оның ұлы классиктерін терең бойлай білу нәтижесінде 1934 жылдың өзінде-ақ, Абай мұрасының нәр алған қайнарлары жайлы ақын мұрасын зерттеушілер арасынан тұңғыш рет кең түрде пікір көтерілді. Ұлы ақын мұрасындағы үш қайнарның бір саласы оның шығармаларындағы шығыстық белгілер жайлы күрделі де қиын мәселені сол кезде-ақ зерттеуге көңіл бөлінді.
М.Әуезовтің баспасөзде жарияланған немесе ой жүгіртіп барлаған пікірі ретінде хатқа түсіп, өз архивінде сақталған Абай жайлы ұшан-теңіз деректеріне көз жіберсек, Абай шығармаларының шығыстық белгілерін зерттеуінде, өзінше танып пікір айтуында әр кезеңде әр қырынан келгендігі байқалады. Бұлай болуы заңды да. Өйткені М.Әуезовтің ақын шығармаларын меңгеру, көптеген сырын өзінше ашып, пікір қалыптастыру кезеңдеріне сай аталмыш мәселенің де іліктестік тауып отыратыны бар.
Алғаш рет ақын шығармаларындағы шығыстық белгілер туралы пікірлер 1924 — 1927 жылдар аралығында жазылған Абай өмірбаянында шет жағалап айтылған. Абайдың жастық шақтағы өлеңдері жайлы пікір көтергенде, шәкірт ақынның Шығыс классиктеріне еліктеп, жігіттік дәуірінде ақындық өнер жарыстыруға талап еткен ізденістерін «жалпы мұсылман ғаламындағы көпке белгілі болған ірі ақындардың талайымен Абайдың ерте күнде танысып алғандығы даусыз» деп Абайдың ақындық кітапханасының алғашқы нобайымен біршама дерек те тастағандай болады.
Абай шығармаларының жалпы Шығыс дүниесімен байланысы жастық шағынан басталып өмірінің соңына дейінгі аралыққа созылған желідей орын алып, әр кезеңде әр түрлі деңгейдің дәрежесінде көріну процесіне ғұлама ғалым ерекше ден қояды. Абайдың Шығыс классиктерімен ара қатынасын М.Әуезов өз зерттеулерінде екі кезеңге бөле қарайды. Бірінші кезең балаң ақынның таза еліктеу жылдары 1860-1865 жылдарды қамтыса, екінші кезең 1886 жылдан өмірінің соңына дейін созылған екі аралықтағы шын мәніндегі екшеу, меңгеру жолындағы шығармашылық процесті қамтиды. Алайда поэма жанрын Абай өз шығармашылығында баса назар аударған деп айта алмаймыз. Ол туралы М.Әуезов былай түсіндіреді: «Тегінде, Абай поэма жазуды өзіне мақсат етпеген тәрізді. «Әзірет Әлі айдаһарды жазғаным жоқ. Сарала қазды жырлағам жоқ» — деп, бір кезек айтса, тағы бір уақытта «ел шапқан батырды, қызықты қыздырмалап айтсам, қызығып тыңдар едің» — деп оқушыны шеней түседі. Жай бос уақыт өткізетін қызшыл, қызықшыл, қысыр кеңесті құмарланып тыңдар едің — дейді. Ондай әңгімелі өлеңдерден Абай өзі ойлаған өсиеттік адамгершілік, терең тәлім-тәрбие туа қоймайтындай көретін. Өз басының ұзақ ақындық еңбегі бойында, Абай поэма жанрына анықтап зер салған жоқ. Тек кейін, тәрбиесінен шыққан шәкірт ақындарына ғана әр алуан тақырыптар беріп, анық поэма дерлік күрделі сюжеті бар шығармаларды соларға жазғызды… Өзі көп дәстүрлерін қабылдаған орыс классиктері: Пушкин, Лермонтовтың не Байрон сияқты Европа классигінің анық үлкен поэма жазудағы өрнектеріне Абай бой ұрмады. Олардың поэмалары кең өмірді мол қамтитын кейде роман, поэма, кейде қалың оқиғалы, шытырман шебер тартысы бар романтикалық поэма боп, көркем, шебер қалыптанса да, Абай сол жанрға қызықпайды» [2, 144-145]. Абайдың поэма жанрын жасауға шындап кіріспегенін М.Әуезов осылайша терең талдап көрсетеді. Әрине, Абайдың поэманы мақсат етпеуінде, оған анықтап зер салмауында, қызықпауында жеке адамның ықылас-ниетіне байланысты ештеңе де жоқ болатын. Данышпан ақын оқушысының жалпы дәрежесі мен талап-тілегіне лайық, қонымды және әдебиеттің өсу сатысына сәйкес шығарма жасау барысында лирика жанрынан өзге ұтымды да әсерлі жанрлық түрді дәл сол тұста қажет деп ойламайды. Сондықтан да тікелей қазақ өмірі жайында бірде-бір поэма жазбады. Поэмаға лайық жүгі бар шығармаларын лирикалық, сатиралық өлеңдердің шеңберіне сыйғызып тамамдады.
Бұл айтылғандардан, әрине, Абай поэма жанрында мүлдем қалам тартпады деген ұғым тумау керек. Ол өмірінің кейінгі тұсында қазақ қауымына сырттан келген аңыздар негізінде «Ескендір», «Масғұт», «Әзім» атты поэмаларын жазды. Ақынның поэмаға арқау боларлық оқиғаларды шығыс әдебиетінен іздеу себебін М.Әуезов сөзімен Әнуар Дербісәлин былай түсіндіреді: «Шығыстан келген аңыз, мағыналы мазмұны бар легенда немесе притча, ақынның өз ойын баяндауда керекке жаратылған творчестволық материал ғана болып отыр. Абайды поэманың оқиғалары қызықтырып жетелемейді. Оқиғаларды, адамдарды барлық мінез, істерімен, сөздерімен Абай өзінің дағдылы идеясына қарай пайдаланды» [3, 117]. Демек, Абай Шығыс әдебиетіне өзінің гуманистік, ағартушылық идеяларына тікелей үндесетін оқиғаларды ғана алып, поэмаларына арқау етті.
Сонымен қатар ақын поэмалары жайлы зерттеушілер арасында көптеген дау-дамайлар кездеседі. Абайды зерттеуші кейбір ғалымдар «Әзім әңгімесі» поэмасының Абайдың қолымен жазылғандығына күмәнданады. Осыған қарағанда бұл поэма туралы көптеген ойға қаламыз.
«Әзім әңгімесі» Абай жинағына алғыш рет 1933 жылы енгізілген. Оған дейін ол Абайдың туысы және ақын шығармаларын жинақтаушы Ырсаев Ысқақ деген адамның қолында сақталған. Бұл шығарма Абайдың 1909 жылы Санк — Петербургта шыққан тұңғыш жинағына да енбей қалған. Мүрсейіт қолжазбаларының ішінде де жоқ.
Сондықтан кейбір зерттеушілер поэманың идеялық мазмұнына қарап, көркемдік анализге сүйене отырып, «Әзім әңгімесі» Абайдың шығармасы емес деседі. М.Әуезовтің өзі де «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)» атты монографиялық еңбегінд
| | скачать работу |
Другие рефераты
|