Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абайдың әділеттілік іліміне шолу

а өтуі де де қой) болды. Ол бойынша заманның түзелуі үшін әр адамның іштегі кірден тазаруы, рухы жетілуі мен иманы нығаюы шарт. Себебі, егер жеке тұлға «іштегі кірді қашырса», яғни әр адамның жан тәрбиесі жолға қойылса, мұндай тәрбие кемелдігінен бүкіл қоғамның кемелдігі құралмақ. Адамзат тыныштығы мен рухани жетілуінің  өзгедей амалы, жолы жоқ. 

        Осынау алыс мақсатты көздеген ойшыл ақынның 1891 жылдан былайғы өмірінде басты шығармашылық жұмысы - екі проза кітабы болғаны, оларға күш-қуатын сарқа жұмсағаны анық: бірі - 40 ғақлиядан тұратын «Ғақлия» атты (1891-97 жылдар арасында жазылды) кітабы, бірі – «Ғақлиат-тасдиқат» (қазіргіше 38-ші қарасөз) атты кітабы. Алдыңғысы - туған халқына жөн-жоба сілтеген арнау өсиеттері, ал 1898-1902 жылдар аралығында жазылған екіншісінің - берісі мұсылман әрісі күллі адамзатқа арналған даналық трактат екені талассыз. 

       Төменде Абайдың әділдік ілімі қалыптасуының саты-сатысына осы қолжазба кітаптары бойынша ой жүгіртелік.

        Кітап «Ғақлия»-ның үшінші сөзінде ойшыл қойған кесек мәселелерден қазақ өмірі қайтсе түзеледі немесе қоғам қайтсе әділетті болады деген сұрақ жазбай танылады. Айнала дүниенің қиянатшыл болуы  - әділеттің жоқтығынан. Сондықтан Абай: «Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң менің ойыма келеді» дей отырып, бұзықты азайтып, әділді молайту хақында ой-пікірлерін ортаға салады. 

        Бесінші қарасөзінде: «Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен...» деп басталатын сөйлем бар. Бұл сөйлемді, әрине, «әділет үшін» деген тіркеске бола келтірдік.

        90-шы жылдардың ортасы – Абайдың ақындық мектебі үшін ең жемісті кезең. Осы кездерде «Ұстаздық қылған жалықпас» деп өзі айтқандай, қасына талапты жастарды жиып, оларға өлең сөздерімен де, ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен де үлгі-өнеге шашу сүйікті ісіне, дағдысына айналған болатын. Бұл туралы: «Абай ұстаз да, сөз ұғатын ынталы, талапты жастардың бәрі шәкірт» дейді Мұхаң.

        1894-95 жылдар шамасында жазылған  «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңінен осы кездің тынысы айқын сезіледі:

                          Қайрат пен ақыл жол табар,

                          Қашқанға да қуғанға.

                          Әділет-шапқат кімде бар,

                          Сол жарасар туғанға.

                                 Бастапқы екеу соңғысыз,

                                 Біте қалса қазаққа.

                                 Алдың – жалын, артың – мұз,

                                 Барар едің қай жаққа?

       Көріп отырмыз, Абай өлеңде жай ғана әділет демеген, «әділет-шапқат» («шапағатты әділет» деген мағынада) тіркесін пайдаланған. Сөйтіп, адам рухын, жалпы болмысты басқарушы күш Тәңірінің әділет-махаббат заңы екеніне Абай алғаш рет меңзейді.

       Егерде жеке адам немесе бүкіл қоғам тек қайрат пен ақылдың тапқан жолына түсер болса - «алдың – жалын, артың - мұз». Ақынның «алдың-жалын» дегені ахирет - тозақ жалыны, ал «артың-мұз» дегені сүрген өмірің мағынасыз, баянсыз дән шықпайтын, дәнеңе өнбейтін тақыр деген мағынаны білдірсе керек-ті.  Демек, адамға бақыт қонуының  басты шарты, ойшылдың білуінше,  әділет-шапқат иесі болу.

        Абай осы түбегейлі идеясын бірде ғақлия сөзіне, бірде өлеңіне өзек етіп, дамыта береді.  Тағы бірер мысал алайық.

       «Ауруды жаратқан - Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе жоқ» (28-сөз) дейді Абай. Бұл жерде де әділет-шапқатқа  меңзелгені сөзсіз. Осымен, данышпан Тәңірінің әділет заңын орындау я орындамау, яғни бақытқа жету-жетпеу әр пенденің өз ырқы екенін білдіреді. 

                                       Әділеттік, арлылық, махаббат пен –

                                       Үй жолдасың қабірден әрі өткенде, -

дей келе:                

                                        Ғадәләт пен мархамат - көп азығы,

                                        Қайда көрсең, болып бақ соған көмек, -

                                             («Көк тұман-алдыңдағы келер заман» 1897 жыл).

деп түйін түйеді Абай. Келер жылы тағы бір әйгілі өлеңінде:       

                                Махаббат ғадауатпен майдандасқан,

                                Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? –

                                     («Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» 1898 жыл).

деуінде не сыр бар? Ақын жүрегі неліктен майдан алаңы, махаббат сезімі не үшін майдандасты? Әділет үшін. Мұны осы кездерде жазылған «Жүрегім менің – қырық жамау» өлеңінде:

                                 Жүрегім менің – қырық жамау,

                                 Қиянатшыл дүниеден, -

деп ойшылдың өзі паш етеді («қиянатшыл» сөзі «әділетсіз» сөзіне синоним). 

         Сонымен, Абайдың поэзиясында, әсіресе, кітап «Ғақлия» атты мұрасында  «қалың елі, қазағын», өзге халықтар қатарына қосу, яғни «ел қылу» идеясы бүкіл қоғамда әділдікті орнықтыру  идеясымен қабыса табысқанына көз жеткіземіз.  Бұл ерекшелікті ғұлама М.Әуезов бізге былайша білдіреді: «...Ылғи ғана таза адамшылық жолын үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, махаббатты – бауырмалды арлылық, ойшылдық, сыншылдық сияқты адамды адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізін қолданады».

        Енді Абайдың екінші қолжазба кітабы - «Ғақлиат-тасдиқат» (қазіргіше 38-ші қарасөз) мазмұнына көшелік.

       Алдыңғы кезеңде, яғни өлеңдері мен «Ғақлия» кітабында қадау-қадау көрінген әділет-мархамат концепциясы 1898 жылдан беріде жүйелі ілімге айналуы, жаңа сатыға көтерілуі заңдылық. Абайдың екінші кітабы - «Ғақлиат-тасдиқат» міне осының асқақ айғағы. Бұл даналық

123
скачать работу

Абайдың әділеттілік іліміне шолу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ