Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абайдың әділеттілік іліміне шолу

еңбек басты үш бөліктен тұрады: бірінші - Алланы тану (мұсылманша мағрифатулла), екінші - әділет, махаббат Тәңірінің ісі, хикметі екенін дәйектеу (Абайдың өз сөзімен айтқанда: «Алла тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы?» екенін білу), үшінші - адамның кәмалатқа жету шарттары немесе «ғадалетті адам» идеалын сомдау.

       Біз алдарыңыздағы мақалада қойылған міндетке орай, ойшылдың әділет-махаббат Тәңірінің заңы екенін дәйектеген ой-пайымдарын ғана шолып өтпекпіз.

        «Адам баласынан махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында һәм ғаделет, һәм махаббат бар» дейді Абай трактаттың мағрифатулла бөлігін аяқтаған тұсында. 

        Осыдан соң, ғұлама Алла тағаланың адам баласының пайдасына жасаған несібе, нығметтерін түгелдей тізбелеп айтып: «Бұл хикметтерінің һәммасында мархамат һәм ғаделет заһир тұр екен» деп түйін түйеді. Он сегіз мың ғаламның бір тәртіпке бағынып, аса күрделі зор мәшина сияқты таңғажайып үйлесімділікпен жұмыс жасауы енді түсінікті:  Құдай ісінің бәрі мархамат-ғаделеттің көрінісі екен. 

        Әрі қарай Абай ғаламдық көріністерден адам баласының іс-әрекеттері қалайша мархамат-ғаделетті болмақ деген мәселеге ауысады.  

        «Енді белгілі, иман құр инанышпенен болмайды, ғаделет уә рафғатпенен болады, - дейді данышпан. - Ғамалус-салих (жақсы істер) ғаделетті мархаматты болмақ. Күллі тәнмен қылған құлшылықтарың ешбір ғаделетті мархаматты бермейді. Көзің күнде көреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не хәлетте екендіктерін, оған дәлел керек емес». Демек, иман шын болудың  маңызды шарты –көпке пайдасы тиетін ізгілікті істер - ғамалус-салихтерді атқару, қысқасы, «мархамат-ғаделетті иманның шартынан хисап қылу».

        «Алла тағаланың пендесіне салған жолы қайсы?» деген бүкіләлемдік сұраққа ұлы Абайдың берер жауабы міне осы.  

        Даналық трактат - «Ғақлиат-тасдиқатта» (қазіргіше 38-ші қарасөз) жүйеленген әділеттілік ілімі жайлы сөзіміз осымен тәмам. 

        Төрткүл дүниені төңкеріп өткен талай ұлы төңкерістерді білеміз. Олардың әділет сезімге сүйенбегені, оны желбіреген туына жазбағаны кәне. Бірақ бұл «әділет» пен Абайдың «ғаделеті» арасы жер мен көктей алшақ. Алдыңғысы бір қоғамды түбірімен қопарып тастап, келесісін орнатуға бағытталса, Абайдікі Тәңірінің ісі, заңы сапасында болғандықтан жұртшылықты тыныштыққа, береке-бірлікке ұйыстыруға қызмет етеді. Кемеңгердің жай ғана «әділет» демей, оған міндетті түрде шапағат, махаббат, мархамат ұғымдарын қосақтауының мәнісі осы арада, осылайша жаңа сападағы категорияны, кеңірек алғанда ілімді қалыптастырған деуге керек.

       Абайдың әділет, махаббат іліміне Шәкәрімнің «ар ілімі» сабақтасады. Мысалға Абайдың әйгілі концепциясы «үш сүю» - дің бірі - әділет. Яғни Абай Алланы сүй, адамзаттың бәрін сүй дей келе, үшінші әділетті атайды:

                             Және хақ жолы осы деп әділетті.

        Шәкірті Шәкәрім бұл идеяны:

                                 Тәңірі жолы – ақ жүрек,

                                 Сайтан деген – қиянат.

                                 Ақ жүректі ертерек,

                                 Ескер-дағы қыл әдет, -

деуімен қуаттайды.  Абай: «Бұл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол - ғақыл» деп түйіндесе, Шәкәрім:

                                  Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,

                                  Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес, -

деп шегелейді.

         Соңғы айтар жай, Абай ашқан әділеттілік ілімі, заңы сияқты рухани компас бола алатын тың танымға, темірқазық идеяға адамзат көші аса зәру. Адамзаттың  тыныштығы ғаделет-мархаматпен болса, әлемдік діндерге ақиқат таным арқылы ғана жан бітеді.

         Таяу күндерде елордамыз - Астана төрінде өтетін әлемдік діндердің ІІІ форумында береке, тыныштық іздеген ғұламалар игі мақсаттар үшін бас қоспақ. Олардың ой-толғауларында махаббатты, әділеттілікті орнықтыру жетекші  идеяның бірі боларына сенімдіміз.

 

Асан Омаров– абайтанушы ғалым,

Әділет Министрлігі жанындағы

 Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу

және талдау орталығының жетекші маманы.

123
скачать работу

Абайдың әділеттілік іліміне шолу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ