Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе

қпараттар толқыны, батыстық экспансия өз балаларымызды бауырымыздан, ұлттық әдебиеттен, ұлттық өнерден, ұлттық музыкадан бөліп алып барады. Бұл, шынында да, қорқынышты жағдай. "Қорқамын кейінгі жас балалардан” дегенде Абай осы сұмдықты сезген бе деп ойлайсың. Сондықтан да мынау қиын да күрделі заманда етек-жеңімізді, есімізді жисақ керек. Осы үшін де бізге Абай керек. Абай өлеңдеріне жас ұрпақты үңілдірудің, Абай ойларын жеткіншектеріміздің бойына сіңірудің тура жолын іздестіруіміз керек. Абай өлеңді ермек үшін жазған жоқ, кейінгіге өнеге-білім бермек үшін жазды.

 

Абай өлеңдерін кезінде тобықтылар қолжазба күйінде ұзатылған қыздардың жасауына қосып қастерлеп, қасиеттеп отырады екен. Өз ауылының қыздары ұзатылғанда жасауының ішінде Абайдың өлеңдері мен поэмаларының, нақыл сөздерінің қолжазба жинақтарын ала кететін болған. Мысалы, Әсия, Уәсила, Рахила сияқты және басқа да қыздардың сондай қолжазба жинақтары осы күнге дейін сақталған. Сол арқылы Абай сөздері күллі қазаққа тараған. Заманында Абайдың Көкбай сияқты ақын құрдастары да, Шәкәрім, Әріп, Әсет, Кәкітай сияқты шәкірттері де Абай өлеңдерін насихаттауға күш салған. Абай өлеңдерін Мүрсейітке ат, түйе беріп көшіртіп әкетушілер өте көп болыпты.

 

Абайды алғаш танып, терең түсінгендер, ақын сөздерінің кейінгі ұрпаққа аман-есен жетуіне арпалысып еңбек еткендер – Алаш арыстары. 1909 жылы Абай өлеңдерінің Кәкітай жинаған қолжазбасының Петерборда шығуына Әлихан Бөкейханов атсалысты. Ахмет Байтұрсынов "Қазақтың бас ақыны” деп мақала жазды.

 

Қазақтың еркін ойының басында қашанда Абай тұрды. Мәдениет министрлігі секілді ұйым да алғаш Семейде құрылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі де Абай болды. Семейдегі ғылыми-көпшілік кітапхананы ұйымдастырушылардың бірі де Абай еді. Абайдың баласы Тұрағұл да, інісі Шәкәрім де Алашқа қызмет етті. Тұрағұл Алашты қолдап бірнеше мақала жазды, Шәкәрім Семейде құрылған шығыс Алашорданың бас қазысы болды. Қазақ тарихындағы осы елеулі оқиғаларды да ұмытып бара жатқандаймыз.

 

Байқап қараған адамға Абайдың бүкіл өмірі қазақты ел болуға, өзге жұрттан кем қалмауға үндеумен өтті. Жалғыздықтан қамығып, білімсізбен алысып, елге сөзі өтпей, "Қадірлі басым, қайратты жасым, Айғаймен кетті, амал жоқ”; "Болмасқа болып қара тер, қорлықпен өткен қу өмір”, "Толды қайғы кеудеге, сырласа алмай, сөз аша алмай пендеге” деп қорланады, құлазиды Абай. "Таппадым көмек өзіме, көп наданмен алысып, көнбеді ешкім сөзіме, әдетіне қарысып”, немесе "Мен – қажыған арықпын, сен­дерге де қанықпын”, "Жарлы емеспін, зарлымын, жұртым деуге арлымын өзге жұртан ұялып”, "Мұндай елден бойың тарт, мен қажыдым, сен қажы”, "Сенісерге жан таба алмай, сенделеді ер жүрек”, "Қайғы шығар ілімнен, ыза шығар білімнен, қайғы мен ыза шыққан соң зар шығады тілімнен”, "Ақылсыз би болмас, сәулесіз үй болмас, жүректе оты жоқ адамда ми болмас”, "Енді осы күнде хайуаннан да жа­­манбыз”, "Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ” дегенді де Абай жаны қиналған соң айтқан.

 

Елге сөзі өтпеген соң: "Туған жерді қия алмай, тентекті тия алмай, әлі отырмыз ұялмай. Таба алмадық өңге елді. Әзелде Тәңірім сорлы етті, арсыз елмен әуре етті, жалғыз үйде күңірентті, тағдырға білдік көнгенді”, – деп ел-жұртын қанша қақпайлағанмен, ештеңе шығара алмайтынына, қанша айтса да қазаққа сөзінің өтпейтініне көзі жеткен хакім өз тағдырына көнгендей болады. Елі-жұртын қиып ешқайда кете алмай, дегеніне жете алмай, ұлы ақынның өмірі құсалықпен, жалғыздықпен өтеді. Бәрібір, сонда да халқынан күдерін үзбейді. Оны мына өлеңінен айқын аңғарамыз:

 

Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын,

Түбін ойлап, уәйім жеп айтқанмын.

Ақылдылар арланып ұялған соң,

Ойланып, түзеле ме деп айтқанмын.

 

Қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын,

Бірінің бірі шапшаң ұқпас сырын.

Көздің жасы, жүректің қаныменен

Ерітуге болмайды ішкі мұзын.

 

Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін,

Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін.

Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,

Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін.

 

Абайдың осы сөзі дәл бүгінгіге арналмаған деп кім айта алады. Бұл сөз, бүгінгіні қойып, келешекке айтылған сөз.

 

Халқын надандық шырмауынан, бодандық бұғауынан азат етуге ниет қылған Абай адаммен де, заманмен да арпалысып бақты. Қараңғы түнді қақ жарып сәуле төкті. Шалғай ауылда, Қарауылда – Шыңғыстауда отырып-ақ бүкіл қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Қазақтың жоғын жоқтай отырып, өз қазағын қатты сынады. Сынағанда жек көргендіктен емес, жаны ашығандықтан, күйінгендіктен сынады. Өз халқын сынай отырып, сүйе білді. Абай "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың, Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі – май, бірі – қан боп енді екі ұртың” деп күйзелді. "Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – залымдық” деп үйретті 38-ші қара сөзінде. Осының үшеуі де қазақтың басында әлі бар. Сөйтіп, ақын:

 

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын?

Халқым надан болған соң,

Қайда барып оңайын? – 

 

деп аңдысқан елдің етекбасты әдетінен әбден шаршайды.

Абай өз халқын өркендеген елдің, пәтуалы елдің қатарынан көргісі келді. Алдағыны айнытпай болжады.

 

Көк тұман – алдыңдағы келер заман,

Үмітті сәуле етіп көз көп алдаған.

Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,

Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім талған.

 

Осы өлеңінде өзінен кейінгі сергелдеңге толы, намысы тапталған, ары жаншылған, қор болған қазақ тірлігінің екі ғасыры дәл болжалып тұр.

 

Абай – анық ұлттық, халықтық ақын, ғұлама ойшыл. Сол кездегі қазақ ауылының қоғамдық қалпын айна-қатесіз таныды. Оның диагнозын дәл қойып, айығудың да амалын дәл тапты. Абайдың көптеген өлеңдерінде ("Қартайдық, қайғы ойладық”, "Қалың елім, қазағым, қайран жұртым”, "Күлембайға”, "Көжекбайға”, т.б.) надандық, даукестік, парақорлық, арамтамақтық, қазақ халқын билеп-төстеушілердің рухани жүдеулігі өлтіре сыналады. Отбасына, ата-анаға, жас ұрпақты тәрбиелеуге, әсіресе, әйелге жаңа көзқарас қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет осы Абай шығармаларынан көрінеді. Қазақ әйелін, ананы – отбасының тірегі ретінде жырлайды, оның жанқиярлығын, даналығын, шын көңілмен берілген достыққа беріктігін, адал жанының тұтастығын мадақтайды.

 

Абай енжарлық пен жалқаулықты қатты түйреумен бірге өзіне дейінгі дидактикалық уағыз поэзиясының канондарын бұзды. "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”, "Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы”, "Біреудің кісісі өлсе қаралы ол” атты өлеңдері – осы айтып отырғанымыздың айқын дәлелі.

 

Поэзияда, музыкада, даналықта, қоғамдық-азаттық ой-пікір саласында өлмес-өшпес шығармалар берген Абай – қазақ халқының өткен замандағы өмірін зерттеймін деген ұрпаққа таңғажайып тұлға. Ол – өз халқының тарихындағы тауға шыққан биік шынар, тамырын тереңге жайған алып Бәйтерек. Біз сол биік Бәйтеректі саялай да білуіміз керек, бағымызға туған Абайдай ғұламаның байтақ мұрасын аялай да білуіміз керек. Құранның сөзіндей болған ойларын бағалай да білуіміз керек.

 

Абай әлемі шексіз. Абай заман ағымын қатты сезінді. Ілгергіні болжады. Соған ыңғайлап қазақ халқын тәрбиеледі. Сөйтіп, ұлтының ұстазына айналды. Абайдың кез келген сөзі өнеге, әр сөзі өсиет. "Кісіге біліміне қарай болыстық қыл, татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады”, "Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың”, "Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың”; "Сократқа у ішкізген, Жанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал”; "Қайғысыздан сақ бол, қайғылыға жақ бол”; "Бағың өскенше тілеуіңді ел тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң – өзің ғана тілейсің”, – дейтін Абайдың дана сөздері мәңгі-бақи қазаққа қызмет ететін сөздер. Тек біз осыдан ғибрат ала білсек болғаны.

 

Абай Семейден ұзап шықпай-ақ жер-дүниені алақанындағыдай көріп-біліп отырды. Оның ойлары әлемдік ұғыммен, арғы-бергі замандардағы адамзат данышпандарының пікірімен ұштасып жатады. Сондықтан да Абай туралы түгесіп, тауысып айту мүмкін емес.

 

Абай әлем әдебиетінің ең озық үлгілерін өз ұлтының асыл қазынасына айналдырды. Гетені де, Пушкинді де, Лермонтовты да өз тіліне аударды. Пушкиннің Татьянасына қазақ қызының жанын салды.

 

Амал жоқ, қайттым білдірмей,

Япырмау, қайтіп айтамын.

Қоймады дертің күйдірмей,

Не салсаң да тартамын, –

 

деп, Татьянаны Пушкиннің өзінен де аяулы етіп шығарды.

 

Абай Шығыс жұлдыздарын жоғары бағалады. Сөйтіп, өзі де Шығыс жұлдыздарының ішіндегі ең жарығына айналып, әлемге нұрын төкті.

 

Абайдың толғаныстары, ой-пікірлері әлем ойшылдарымен үндесіп жатады. Сонау жер түбіндегі Ясная Полянадағы Лев Толстойды Қарауылға шақыртып, Шәкәрімге хат жаздырды. Толстой қартайғанын айтып, келе алмайтынына өкініш білдіріп, ж

123
скачать работу

Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ