Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе

ауап хат жазады. Біз бағалай түсетін Абайдың және бір құдыреті осында.

 

Бұл мақаланы жазғандағы мақсатымыз – ұлы Абаймен сырласа отырып, өз жүрегімізге, өз айналамызға үңіле отырып, ел тағдырына, ұлт тағдырына қатысты пайымдарымызды тағы да көңіл таразысына тартып, көпшілікпен ой бөліссек, ұлы ұстазымызға мұңымызды шақсақ дегендік еді.

 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы.

 

Сөз қадірін Абайша түсініп, Абайша сезіну үшін үлкен жүрек, терең ой, кемел ақыл, ыстық сезім керек еді. Өлеңді – сөз патшасына теңеген Абай өзі де сөз патшасына, өлең құдіретіне айналарын сезген болуы керек.

 

Иә, Абай заманын біз қанша "надан” көргенімізбен, сөзге тоқтайтын, сөз қадіріне құлақ асатын, "айтылған сөз – атылған оқ” деп сөзді сертке балайтын заман болатын. Соның өзінде: "Сөз түзелді, тыңдаушым, сен де түзел!” –деді Абай. Бірақ тыңдаушыға көңілі толмады. "Тыңдаушымды ұғымсыз қылып тәңірім берген-ді”, – деп қиналады. Заманына асыл сөзін тыңдата алмай кеткен Абай мұрасына бүгінгі оқушы да терең бойлап бара алған жоқ. Бізді осы қинайды. Қиналғаннан болар, осыдан бірер жыл бұрын "Егемен Қазақстан” газетінің бетінде "Сөзді ұғатын кез келді” (25.01.2005) деген мақала жарияладым. Бірақ қазақ соған да құлақ асқан жоқ. Жалпы тыңдасын, ұғынсын деп айтқан сөзді тыңдамауға келгенде қазақ алдына жан салмайды. "Ылғи жарты қайран менің оқушым, оқымауға келген шақта – бүп-бүтін, түсінбеуге келген шақта түп-түгел!” – деп Жұмекен ақын да күңіреніп кеткен еді ғой.

123
скачать работу

Абайша сүйіп, Абайша күйіп жүрміз бе

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ