Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Адам қызметінің биосфераға әсері



 Другие рефераты
Антропогенді фактор Адамның ата тектері Адам генетикасы Агроценоздар мен агроэкожүйелер

Өткен уақыт, қазiр және келешек. Рим клубының баяндамасы. Жер бетiнде миллион жыл бұрын пайда болған адам жинаушы болды. Оның 500га азықтық территориясы болды және тәулiгiне 25-30 км жүрдi. Сол уақытта Жер бетiнде 2 млн адам тiршiлiк еттi.

Миллион жыл бұрын адам отты пайдалануды үйренiп, қосымша энергия алды. Бұл оның қоңырқай климатқа қоныстануға және аңшылықпен шұғылдануына мүмкiндiк бердi. Отты пайдалану және қару жасау, бiрiншi экологиялық тоқырауға соқтырды, оның себебi ағшылардың орталық белдеудегi үлкен сүтқоректiлердi жою болды. Бұл тоқырау адамдарды жинаушылықтан егiншiлiкке және мал шаруашылығына өтуге мәжбүр еттi.

Алғашқы егiншiлiк цивилизациясы жеткiлiксiз ылғалдану аудандарында түзiлiп, суғару жүйесiнiң пайда болуына соқтырды.Бұл археологиялық қазбалар көрсеткендей, тигр және Ефрат бассейндерiнде локалды экологиялық апат тудырды, нәтижесiнде топырақ эррозиясы және тұздануынан мемлекеттер жойылды немесе әлсiредi. Мұндай апаттар қазiр де кең тараған: дүние жүзiнде иррогациялық тұздану әсерiнен суғаруға қарағанда көп жерлер iстен шыққан.

Егiншiлiк ылғалы жеткiлiктi территорияларда, яғни орманды дала және орманды аймақта дамиды, нәтижесiнде ормандарды қарқынды кесу басталады. Ормандарды кесу ылғалдың айналымын қысқартты, оның өзi шөл ауданының кеңейуiне әсер еттi.

Қазiр шөлдер минутына 20 га жылдамдықпен кеңейедi, бұл тұздану жылдамдығымен бiрдей. Бұл ылғал айналамамен байланысқан аномалиялардың артуына әкеп соқтырады: қуаңшылық, селдену, қатты желдер. Биотаның реттеушi ролi азайды, мұхит құрамының ролi артады.Кейбiр мәлiметтер бойынша, бiздiң құрлықтағы орман ауданы 100 жыл бұрын 30-40%, ал 10 мың жыл бұрын 50-60%-ке қысқарды. Қазiр орман ауданы құрлықтың 23-30% құрайды, ол шөл ауданына, пайдаланудың артуы индустриялды емес кезеңге дейiн де экологтялық апатпен бiрге жүрдi.

Экологиялық тоқырау мен апааттар бiздiң планетамыздың эволюциясында, оның биосферасында және адамзат тарихында жаңалық емес. Полеогеография мен полеонтология табиғатта болатын экологиялық апаттар мен тоқыраулардың көптеген дәлелдерiн бередi. Локальды экологиялық апаттар жиi болады: вулкан атқылауы, орман өрттерi, жер сiлеiнiсi және т.б. Олардың әлемдiк апаттардан ерекшелiгi, организмдердiң түрi жойылмайды, ал олардың саны мен биомассасы тез қалыпқа келедi.

Ертедегi биологиялық апаттар және бүгiнгi локальды апаттардың геофизикалық себептерi бар, бiрақ биолсферадағы табиғи процесстер олардың зардаптарын тез орнгына келтiредi.

Соңғы 100 жыл iшiнде тұтыну тез жүрдi – екi қатар ,яғни 100 есе. Бұл өндiрiстiк және оны айыстырған ғылыми-техникалық революция кезеңдерi. Қазiргi кезде тұтынуды келесi интегралды көрсеткiшпен көрсетуге болады: Жердiң бiр тұрғынына 20 т шикiзат өндiрiп, өсiрiледi, ол 2 т соңғы өнiмге өндiрiлiп, тұтынылады. Шаруашылық қызмет құрлықтың үштен бiр бөлiгiн қамтыған (шамамен 60 млн шаршы шақырым).

Шикiзаты өңдеу процессiнде көптеген заттар түзiледi. Адам шамамен 10 млн зат синтездей алады,үлкен масштабта шамамен 50 мың өндiредi, өте үлкен масштабта – 5 мың атау өндiредi. 90% шикiзат қалдыққа кетедi . Соңғы өнiмнiң 2 тоннасынан бiр жыл iшiнде 1 т қайтадан шығарылады. Сонымен, соңғы 100 жыл iшiнде антропогендi жасалынған заттарды қоршаған ортаға шығарылудың әсер механизмi түзiлдi.

Табиғатқа бөтен, қалдықтар, радиоактивтi заттар, жылу шығарылады. әртүрлi аймақтар мен елдерде қоршаған ортаға антропогендi қысым әртүрлi. Сандық түрде кестеде көрсетiлген мәлiметтерден көрiнедi. Көптеген дамыған елдерде ол рұқсат шегiнен 10 есе көп, Нидерландыда – 400 есе, Ресейде 7 есе артқан.

Кесте. Орташаәлемдiк қысым қатынасы бойынша қоршаған ортаға антропогендi қысым.

Елдер

Қысым коэфициентi(шексi бiрлiкте)

Нидерланды

Германия

Ұлыбритания

Жапония

АҚШ

Қытай

Индия

Ресей

41,5

19

16,1

16

3,4

1,1

1

0,7

В.И. Данилов-Данильян мәлiметi бойынша, 1995.

Экологиялық қысымның өсуi әлеуметтiк зардаптардан- дүние жүзiнде азық-түлiкткң жетпеуi, қаладағы халықтың науқасының өсуi, жаңа аурулардың пайда болуы, халықтың экологиялық миграциясы, халықтың қауiптi экологиялық өндiрiстер салуына байланысты түзiлген локальды экологиялық жанжалдардан көрiнедi. Бiз экологиялық агрессияның көрiнiсiмен кездесемiз – басқа елдерге токсиндi технологиялық процесстер мен қалдықтарды шығару, және осы агрессияға қарсы шығатын «жасылдар» ұйымының түзiлуi.

Дамыған елдердiң қоршаған ортаны қорғау және технологияны жетiлдiру саласындағы жетiстiктерiне, энергия және ресурссақтау процесiндегi жетiстiктерiне қарамастан тiршiлiкпен қамтамассыз ету жүйесiнде деградация жүруде: атмосфераның газдық құрамы өзгередi, ол жылу эффектiсiнiң күшеюiне, қышқылды жаңбырдың таралуына, озон қабатының жұқаруына әкеп соқтырады. БҰҰ-ның жердiң барлық тұрғындарын таза ауыз суымен қамтамассыз ету керек деген мiндетi шешiлген жоқ; Жердiң үштен бiр бөлiгi оған жетпейдi.

Адам болашақта не болатынын, балалары мен немерелерi және барлық адамзат алдында не күтiп тұрғанын бiлуге ұмтылады. Қазiргi бiлiмi мен болып жатқан құбылыстарды қолдана отырып, болашақты жорамалдауға қазiр де ұмтылуда. Осындай мақсат жағымсыз құбылыстарды болдырмау, қажеттi жұмыстар жасау болып табылады. Экологтардың бұған тiкелей қатысы бар.

Болашақ туралы бiз не бiлемiз? Халықтың санының өсетiнiн, индустриялды дамыған елдерге қазба отвнның қоры азаюы мен оның сапасы төмендеуiне байланысты энергияның жаңа түрлерiн iздеу керек болатынын бiлемiз. Көптеген футурологтар қалдықтардың көп мөлшерiн жою, жоғарысапалы энергияны үнемдей қажет деп санайды. Олардың айтуы бойынша, халықтың энергияны тұтынуының қазiргi деңгейден өсуi индустриялды дамыған елдердiң өмiрiн жақсартпайды, керiсiнше керi әсер тудыруы мүмкiн. Осы сұрақтар бойынша көптеген басылымдар бар. Олардың көпшiлiгi әлемдiк эколого-экономикалық және әлеуметтiк мәселелердiң қатерлi зардабын көрсетедi. , бiрақ кейбiреуi қазiргi тоқырау орталығында орналасқан: адам мен табиғат және байлар мен кедейлер арасында.

Дүниежүзi экологтары екiншi баяндама авторының ойын қолдада,яғни, егер бiз әлемдiк апаттан сақ болуымыз үшiн, бұл тоқырауларды жоюымыз керек. Оған тек бүкiл дүниежүзiнiң бiртұтастығын қамтамассыз ету керек, ал барлық елдердiң халықтары Жердiң ресурстары шексiз еместiгiн түсiнуi қажет. Авторлар ұстанылатын бағыттарды анықтаудан бастау қажеттiгiн айтады. Әр аймақтың дамуы өз жолымен жүруi қажет, бiрақ ұлттық мүдденi ойлау ғана емес. Сонымен, дүниежүзiнiң моделi, көпдеңгейлi дүниежүзiлiк регионалды моделi бар, жоспарлаудың есептi техникалық құрамында негiзделген иiлгiш модель.

Үшiншi баяндаманы : «Халықаралық қатардың қайта құрылуы»- Голландиялық экономист Я. Тинберген авторлармен дайындады. Баяндама әлемдiк және локальдық мақсаттар бiрлесуiн көрсеттi.

Төртiншi баяндаманы : «Әлемдiк қоғам мақсаттары»- философ Э. Ласло жасады және екi фундоментальды мәселенi қарастырды.:

- адамдардың мақсаты неде?

- Бiз дамудың материалды өсуiнiң орнына адамның рухани сапасын ауыстыра аламыз ба?

Келесi баяндамалар әлемдiк мәселелердiң негiзгi құрамдас бөлiктерiне арналған, мысалы қалдықтарды өңдеу,энергияны пайдалану, қоғамды ұйымдастыру, дәулетке жету мәселелерi.

Рим қоғамының құрылуын қоғам жоғары бағалады. Оның жұмыстарына орай, дұниежүзiлiк мәселе туралы халықаралық хабарландыру өстi. Клуб бiздiң цивилизация күйiнiң диагностикасы мен анализiнен тоқыраулық жағдайдан шығу жолдары мен әдiстерiн iздеуге ауысты. Бiрақ , Ю. Одумның қөзқарасы бойынша, клуб дамудағы түбегейлi өзгерiстердi iске асыру үшiн өте аз жұмыс жасады. Соңғы модельдерде экологиялық мәселелерге көп көңiл бөлiнедi. Қазiр модельдер адамзаттың әлемдiк мәселелерiн комплекстi болжамдаудың негiзгi құралы олды. Олар дүниежүзiлiк дамуға қатты әсер етедi. Жаңа панорамалық бағыт — әлемдiк әлеуметтiк-экономикалық жүйеде даму тенденциясын анализдеуге арналған әлемдiк модельдеу.

Жаңа бағыттың әдiстемелiк негiзi математика мен есептеуiш техникадағы қазiргi бағыттағы бүкiл жиынтығы болды: Дж. Форрестердiң жүйелiк динамикасы , М. Месаровичтың көпдеңгейлi иерархиялық жүйелер теориясы, В. Леонтьевтiң «нығын-шығу» әдiсi, Л. Конторовичтiң математикалық бағдарлауы және т.б.

Модельдеу нәтижесiнен шығатын келесi негiзгi позицияларды бөлiп қарайды:

-технологиялық прогресс қалаулы және қажет , бiрақ әлеуметтiк, экономикалық және саяси өзгерiстер де қажет;

- халық пен ресурстар шектеулi планета да шексiз өспейдi;

- бiзге ортаның сиымдылығы белгiсiз,яғни жердiң физикалық ортасы мен тiршiлiкке қажеттi жүйе халықтың болашақ өсуiнiң қажетiн өтей алатындығы бiзге белгiсiз;

- болашақ әлемдiк құрылыстық табиғаты белгiсiз;

- цивилизация бiртұтас жүйе, сондықтан ресурстар қатынасының шекке жақындауында бiрлестiк бәсекелестiкке қарағанда өте бағалы. Қазiргi заманның атақты экологы Ю. Одумның

12
скачать работу


 Другие рефераты
Глобальные проблемы человечества
Подгруппа углерода. Углерод
Корпоративное право в системе корпоративного управления
Информационное обеспечение управленческого решения


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ