Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Адам құқығы — конституциялық құқықтың маңызды институты



 Другие рефераты
Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің принциптері Адам құқығы мен бостандығы Құқық негіздері ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі

1804 жылы «Азаматтық кодексті» құрастыру аяқталды. «Азаматтық кодекс» заңдардың жүйелі жинағы болды, мұның ең негізгі міндеті буржуазияның өз меншігін пайдалануды қамтамасыз ету болды.

Кодекс жобасын дайындаумен айналысқан комиссияның құрамына Тронше, Порталис, Малльвиль, Биго-Преамке сияқты Францияның ұлы заңгерлері енді. Жоба төрт айдың ішінде жасалды. 1804 жылғы 21 наурыздағы заң барлық 36 титулды (тарауларды) біртұтас Азаматтық Кодекстің құрамына біріктірді. 1807 жылдан бастап ол Наполеон Кодексі деп аталды. Бұл акт 1789 жылғы “Адам және азамат құқықтары декларациясында” бекітілген келесі азаматтық-құқықтық қағидаларды одан әрі дамытқан: заңды теңдік, заңдылық, құқықтар мен бостандықтардың тұтастығы. Кодекстің құрылымына рим құқығы әсер еткен. Ол институциялық жүйе бойынша құрастырылған.

Кодекс кіріспелік титулдан және үш кітаптан тұрған. Кіріспелік титулда заңдарды жариялау, қолдану және олардың күші туралы айтылған. Бірінші кітап тұлғаларға, екінші кітап мүліктер мен меншіктің түрлеріне, үшінші кітап меншікті иелену тәсілдеріне арналған.

Наполеон кодексінің атақты 544-статьясында былай делінді: «Меншік дегеніміз—мүлікті пайдалану мен оған билік жүргізудің неғұрлым шексіз правосы…».

Буржуазиялық семьяның негізін баянды етуді көздеген кодекстің басқа бір статьясында: «Ері өзінің зайыбын қорғауға міндетті. Әйелі өзінің еріне мүлтіксіз бағынуға міндетті. Ері мен зайыбы бірге тұруға, қайда жүрсе де ерімен бірге болуға міндетті». Бұл заңдар Францияда, сондай-ақ басқа да буржуазиялық елдерде осы күнге дейін қолданылып келеді.

Адам құқығы — конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласында ол ХХ-ғасырдың ІІ жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды. Қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға мемлекетттің саяси және құқықтық жүйесінің сәйкес екендігінің көрсеткіші ретінде ол қазіргі қоғамның күрделі жағдайында адамның лайықты және қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге арналған.

Адам құқығының мәселесі – қазіргі заманның маңызды және өзекті мәселелерінің бірі. Оның ұлттық және ғаламдық сипаты бар.

Адам құқығы мәселелерінің қазіргі заманда алдыңғы қатарға шығуы – рухани байлық пен адамгершіліктің қайта түлеуінің жарқын куәсі деуімізге болады. Адам құқығы оның мемлекет ішіндегі, сондай-ақ ғаламдық көлемдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мәселелерге нақты қатысуын қамтамасыз етуге арналған.

Адам құқығы мен бостандығын тану және оны сақтау жеке елдерде, сондай-ақ бүкіл әлемде қауіпсіздікті нығайтып, қарым-қатынастардың тұрақтылығын арттырады.

халықаралық құқық мойындаған адам құқығына кепілдік беретін нормалар ұлттық заңдарда негізгі ретінде конституциялық деңгейге жатады.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдаудың алдында қоғамдық құрылыс жаңарып, экономика нарықтық жүйеге көше бастап, әртүрлі меншік нысандарына рұқсат берілді, плюрализм дамып, халық билігінің тікелей жүзеге аса бастады, әлемдік қоғамдастық пен ынтымақтасу және қауіпсіздік кеңейе түсті; ғылымда марксистік тұғырнамадан жалпы адамзаттық адам құқығы тұғырнамасына көшуі орын алды. 1995 жылғы Конституция — біздің қоғамымыздың даму бағыты бекітілген түбегейлі жаңа құжат. Мұнда адамға және жалпы адамзаттық құндылықтарға басымдық берілген. Бұл қасиеті мемлекеттік мүдделердің адам мүдделерінен басым болған социалистік теорияға тән тұғырнамадан бас тартып, жаңа адам құқығының тұғырнамасына көшкенін көрсетеді.

скачать работу


 Другие рефераты
Природа социального конфликта
Новейшая история Китая
Реклама в маркетинге - понятие, сущность
Информатизация учебного процесса


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ