Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Адам құқығы мен бостандығы



 Другие рефераты
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары Адамның және азаматтың құқықтық мәртебесінің принциптері Адам құқығы — конституциялық құқықтың маңызды институты Құқық негіздері

Халықаралық құжатарда және қазақстандық заңдарда мынадай екі ұғым қолданылады: «адам құқығы» және «адам бостандығы». Заң тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.

Адам бостандығы — бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-әрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Адам құқығы – заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген және кепілдік беретін адамның мүмкіндіктері мен өкілеттіктері. «Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге және қорғауға міндеттеме қабылдайды.

Адам құқығы және бостандығы адамның құқықтық мәртебесін белгілейтін, оның жағдайын бекітетін, жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты, адамның және мемлекеттің қатынастарын бекітетін халықаралық және ұлттық нормаларының жүйесін білдіреді. Адам құқығының және бостандығының объективті түрдегі анықтамасы осындай. Субъективті түрде адам құқығы және бостандығы нақты тұлғаға тиесілі құқықтық нормалар мен көзделген мүмкіншілігі (өкілеттігі) және мемлекет қорғайтын іс-әрекеті ретінде анықталады.

Адам құқығы табиғи қасиетке ие және жеке адамнан ажырамайды, олар аумақтық немесе ұлттық шеңбермен шектелмейді, халықаралық құқықтық реттеу және қорғау объектісі болып табылып, мемлекеттің заң актілерінде бекітілгенге қарамастан тәуелсіз болып табылады. Олар адамды сипаттап және оның қалыпты өмір сүруіне қажетті жалпы әрі негізгі өкілеттіктері болады. Адам құқығы мемлекеттің нақты заң актілерінде белгіленген жағдайда олар осы мемлекет азаматының құқықтары болып табылады.

Азаматтық құқық қоғамның және мемлекеттің даму барысында жасалған және пайда болған табиғи өкілеттіктерінің мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуы болып табылады. Азаматтық құқық міндетті түрде конституциялар мен басқа заң актілерінде белгіленеді және мемлекет оны жария етіп әрі олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Олар адамды мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдастықтың мүшесі екендігін білдіреді.

Бұл екі құқық санаты әдетте бір тұрғыдан еске алынады, дегенмен олардың мазмұны бірдей емес. Адам құқығы негізгі болып табылады, қай жерде туғанына, қай елдің азаматы екендігіне, сол елде тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан олар барлық адамдарға тән, ал азаматтық құқық белгілі мемлекеттегі адамның сол мемлекетте тұрғандығына байланысты бекітілген құқықтарын кіргізеді. әрбір азаматқандай-да болмасын мемлекетте жалпыға бірдей адам құқықтарына және осы мемлекет мойындаған азаматтық барлық құқықтардың жиынына ие. Сондықтан құқықтар мен бостандықтардың екі тобын біріктіретін «азаматтық құқықтар және бостандықтар» термині заңды болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның негізгі құқықтық мәртебесін білдіреді. Олардың көпшілігі абсолюттік сипатта, яғни тек қана ажыратқысыз болып табылмайды, сонымен қатар олар шектелуге жатпайды.

скачать работу


 Другие рефераты
Ақжан Әл-Машани
Дефицит государственного бюджета
Банк
Метод прогонки решения систем с трехдиагональными матрицами коэффициентов


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ