|
|
Адамзат — биоәлеуметтік жан
зара қосылысуы зиянды болуы былай тұрсын, қайта биологиялық жағынан пайдалы екендігін дәлелдеген еңбектер щыға бастады. 1950 және 1951 жылдары ЮНЕСКО-ның барлық нәсілдерінің теңдігін жариялаған Мәлемдерінің зор иаңызы болды, өйткені оларда түрлі нәсілдердің ақыл-ой қабілетінің әр-түрлі екндігін көрсететін ғылыми мәлеметтері жоқ екендігі, сондықтан нәсіл аралық неке қауіпсіз екені айтылған.
Дегенмен, түрлі нәсілдер арасында түрлі генетикалық айырмащылықтар бар, негрлердің ақыл-ой коэфиценті төмен, өйткні ақыл-ой қабілетінің коэфиценті тұқым қуалау арқылы, нәсілі арқылы анықталады деп насихаттаушы еңбектер әліге дейін шығуда. Шындығында, нағыз ғылыми, жан-жақтыда терең зерттелген еңбектер генотиптің ерекшеліктері нәсілдік деңгейде емес, жеке адамдық деңгейде көрінетінін дәлелдеді. Әрбір адамның генотипі — әр-түрлі, ерекше (тек бір ұрықтас егіздерде ғана генотип бірдей болады). Ақыл-ой коэфицентіндегі айырмашылық тек тұқым құалауға байланысты емес, сыртқы орта жағдайларына да байланысты. Р. Иннес деген белгілі қоғамдық негр қайраткері дамыған индустриялуық Солтүстік АҚШ-тың негірлерінің және дамымаған ауыл шаруашылықты Оңтүстік АҚШ-тың ақ нәсілдерінің ақыл-ой қабілетінің деңгейі жоғары екні анықталған. Нәсілшілдік теориялардың жалғандығын дәлелдеген басқада зерттеулер бар.
Әлеуметтік және биологиялық факторлардың жеке адамның эволюциясына тигізетін әсері жайлы қазіргі ғылыми әдебиетте бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт бар. Олардың бірі панбиологизм деп, ал екіншісі пансоциологизм деп аталады. Панбиологизм бағытын жақтаушылар адамның жеке басының дамуы бүтіндей генмен анықталады деп, биологиялық фактордың рөлін абсолюттендіріді. Ал пансоциологизмді жақтаушылар жеке адамдардың бәрі дүниеге келгенде бірдей гендік қабілетпен келеді, олардың қабілеттердің дамуында оқу-тәрбие басты, шешуші рөл атқарады деп есептейді.
Бұл мәселені қарастырғанда адамның жеке басының дамуының екі кезеңі бар екенін, ол эмбриондық және эмбриондықтан кейінгі кезеңдерден тұратынын ескеру керек. Бірінші кезең- бала туғанға дейін ана құрсағында өсіп-өнуі кезеңі. “Бұл эмбриондық кезеңде ,- деп жазады академик П.Н.Дубинин,- организмнің дамуы генетикалық программаға қатаң сәйкес жүреді де оған сыртқы физикалық және әлеуметтік ортаның әсері (анасының организмі арқылы) әлсіз болады. ” Эмбриондық дамудың ең басты кезеңінде-ақ ата-анасының көшкен, сөйтіп ДНК-ның хромосомдарында берік орныққан генетикалық программа іске аса бастайды. Дамудың әсіресе бұл ерте кезеңіндегі адамның эмбрионы мен басқа омыртқалылардың эмбрионының өсіп-өнуі өте ұқсас болады. Ал адамның эмбрионы мен маймылдардың эмбрионының ұқсастығының ұзақ сақталуы олрдың тарихи шығу тегінің бір екндігінің тағы бір дәлелі екндігі табылады.
Әрбір адамның жеке басының гендерінің жиыны айрықша болады, сол себепті ол генетикалық табиғаты жағынан ерекше болады. Адамның қасиеттері, басқа тірі жануарлардікі сияқты, көбінше генотиптен тәуелді, ал олардың ұрпақтан-ұрпаққа берілуі тұқым қуалау заңдылығының негізінде жүзеге асады. Дене құрылысы, бойы, сүйек құрылысының қаңқа ерекшеліктері, терісінің, көзі мен шашының түсі , бет-әлпеті сияқты көптеген дарындылық, ақыл-ой қабілеттері де тұқым қуалаудың нәтижесі болып табылады.
Зерттеулердің нәтежесіне қарағанда, та-анадан балаға тұқым қуалайтын қабілеттіліктің өзі емес, нышаны екен, ал бұл нышан белгілі бір дәрежеде өскен орта жағдайларынан көрінеді. Басқа сүтқоректі жануарлардағы сияқты адамдада генетикалық материялдың иесі хромосомның ішіндегі ДНК екен. Адамның әрбір клеткасының хромосомында бірнеше миллион ген болады. Алайда, егер бала жастайынан адамдармен қарым-қатынаста болса, тиісті әлеуметтік ортада өссе ғана оның генетикалық мүмкіндіктері, нышандары жүзеге асады. Егер, мысалы, адамда музыкамен айналысуға мүмкіндік болмаса, онда оның туасы бар музыкалық нышаны ашылмай, дамымай қалады.
Адамның генетикалық мүмкіндігін нің уақыт жағынан қатаң шегі бар. Егер баланы әлеуметтендіруді (оқытуды, тәрбиелеуді ) ерте бастамаса, онда қабілеті жарық көрмей,өшіп қалуы әбден мүмкін. Айтқанымызға нақты дәлел ретінде кейбір нәрестелердің белгісіз бір себептермен адам қоғамынан бөлініп қалып, қалың ормандағы аңдардың ішіндегі бірнеше жыл өмір сүрген фактілерін көптеп келтірүге болады. Оларды тауып алып, адамзат қоғамына қайта алып келгенмен, олар енді толық мәнінде адам бола алиаған, өйткені сөйлеу тілін дұрыс меңгере алмаған, екі аяқтап дұрыс жүре алмаған, ақыл-ой және басқа психикалық процестер нашар дамыған. Бұл фактілер адамды адам ететін мінез-құлық формалары мен іс әрекет қимылдары тек оқу-тәрбие процестерінің нәтижесінде әлеуметтік мұраны меңгеру арқылы ғана қалыптасатынын қөрсетеді.
Адамның жеке басының дамуында тұқым қуалаудың және қоршаған ортаның атқаратын рөлін түсіну үшін генотип және феготип деген ұғымдардың маңызы зор. Генотип-организмнің тұқым қуалаушылық негізі, оның хромосомдарында жинақталған гендердің қосындысы. Басқаша айтқанда, бұл- организмснің өз ата-анасынан алатын генетикалық конституциясы (ден құрылысы). Фенотип –организмнің жеке даму барысында қалыптасқан барлық қасиет, белгілерінің жиынтығы.
Фенотип организмнің дамуы іске асатын сыртқы ортамен өзара әрекеттесуіне байланысты айқындалады. Генотиптен фенотиптің айырмашылығы сол, фенотип организмнің бүкіл өмір бойында өзгереді. Сөйтіп, фенотип генотиппен сыртқы ортадан тәуелді болады. Бұл ұрықтас егіздердегідей, бірдей генотиптер түрліше ортаға тап болса, түрліше фенотиптер беруі мүмкін. Фенотипке әсер ететін факторлардың бәрін ескере отырып, адамның фенотипін құратын бірнеше элементтерді атауға болады:
А) гендерде хабарланған биологиялық нышандар;
ә) табиғи және әлеуметтік орта;
б) жеке адамның іс-әрекеті ;
в) ақыл-ой (сана, ойлау).
Адамның фенотипінің құрылысы күрделі екендігін негізге ала отырып, жоғарыда аталған евгеника ғылымының пәні тек бірінші ғана элемент екенін, яғни гендердегі биологиялық нышандар ғана екенін атап көрсеткен жөн. Евгениканың өкілдері дәл осы биологиялық факторды асыра дәріптейді. Фенотиптің әлеуметтік факторлары олардың назарынан мүлдем тыс қалған. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі міне осында жатыр.
Тұқым қуалау мен ортаның адам дамуындағы өзара қарым-қатынасы дам өмірінің бүкіл өнбойында болады. Алайда организмнің қалыптасу кезеңдерінде: ұрықтың өсіп-өнуі, баланың емшектегі кезінде, сәбилік, балалық, жас өспірімдік кездерінде оның маңызы ерекше болады. Міне дәл осы кезеңдерде адам тұлғасының қалыптасуы мен дамуы айрықша күшті болады.
Тұқым қуалау организмі қандай болуы мүмкін екенін анықтайды, бірақ адам екі фактордың-тұқым қуалаудың да, ортаның да бір мезгілде бірдей әсер етуі нәтижесінде дамиды. Адамның бейімбелуі тұқым қуалаудыың екі программасының: биологиялық және әлеуметтік програмалардың әсерінен жүзеге асатыны көпшілік мойындайтын ақиқатқа айналады. Кез-келген жеке адамның барлық қасиеттерімен белгілері, сонымен оның генотипі мен ортаның өзара әрекеттесуінің нәтижесі болып табыладыекен, тек қанының группасы, саусақ таңбалары сияқты биологиялық қасиеттері ғана ортаның әсеріне көнбейді. Сондықтан әрбір адам әрі табиғаттың бөлігі, әрі қоғамдық дамудың жемісі.
Бұл пікірмен бүгін таңда ғалымдардың көпшілігі келіседі. Талас пікір тек адамның ақыл-ой қабілеттерін дамытуда тұқым қуалау мен ортаның рөлі жайлы мәселеде. Мұнда бір-біріне қарама-қарсы екі пікір бар. Бірі- ақыл-ой қабілеттері генетикалық жағынан тұқым қуалауды деген және екіншісі- ақыл-ой қабілеттерінің дамуы әлеуметтік ортаның әсерімен анықталады деген пікір. Оның үстіне адамның ақыл-ой қабілеттерін дәл анықтауда айтарлықтай қиын іс екені анықталды. Өйткені адамдардың ақыл-ой қабілеті де алуан түрлі және алуан қырлы . Мәселен, бір адам тамаша шахматшы болғанмен нашар әртіс, ақын, математик және керісінше болуы мүмкін. Оған қоса, ақыл-ой қабілетін анықтау үшін қолданылатын тесті әдістерінің кемшіліктері де аз емес екндігін атап көрсетеді көптеген зерттеушілер. Атап айтқанда, ақыл-ой коэфицентін анықтағанда әлеуметтік ортаның ерекшеліктері, дамның білім мен тәрбие алу ерекшеліктері мен дәрежесі, дамның ықыластығы, ұқыптылығы, темпераменті сияқты психологиялық қасиеттері, т.б. мұқият ескерілуі қажет. Зерттеудің нәтижесі зерттеушінің зерттеулішіге қандай сұрақтар қоятынына да байланысты.
Қысқасы, адамның ақыл-ой қабілетінің дәл және толық анықтау айтарлықтай қиын іс. Соған қарамай көптеген елдерде тәуелсіз жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері ақыл-ой қабілеттерінің деңгейі генетикалық тұқым қуалауға да және білім-тәрбие алған ортасына да байланысты екндігін дәлелдеді.
Адамның биологиялық жағынан тұқым қуалауы туралы әңгіме жасағанда ескеретін жағдай, адамның тек жақсы нышандары ғана емес, сондай-ақ ақыл-ой кемшіліктері де көп жағдайда генотиптен тәуелді болады. Мәселен ұрығы бірдей егіздердің біреуі шизофрения ауруымен ауырса, онда екіншісіде сол аурумен 69% аурады. Егер біреуінің ақылы 97% кем болса, онда бұл кемшілік екіншісінде де болуы да мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, ата-ананың біреуінің не екеуінің де ақылы кем болса, ақылы кем балалардың туу проценті жоғары болатыны анықталды медицинада. Өз ата-анасының ақыл-есі дұрыс болғанымен, кейбір кем ақыл балалардың арғы тегін зерттегенде, олардың ата-бабасы не әжесі жағында сондай ауру болғаны, ауру солардан тұқым қуалап келгені анықталуы мүмкін.
Социбиология бағытының адам туралы теориясы.
Адамның дамуы көп жағдайда биологиялық факторларға байланысты болғанымен, бірақ оны абсолюттендіріп, асыра бағалауға болмайды. Осы жөнінен алғанда соңғы кезде шыққан социобиология деп аталатын жаңа бағыттың адам жайлы теориясының көзқарастық қағидаларына талдау жасаудың сабақ боларлық мәні бар.
1975 ж. Американдық энтомолог Э. О. Уилсонның “социобиология : новый синтез” деген кітабы жарық көрді. Социобиологияның щығыуы осы кітаптың шығуымен байланысты
| | скачать работу |
Адамзат — биоәлеуметтік жан |
|
|
|
Погода в Алматы |
на 10 дней |
другой город |
|