|
|
Адамзат — биоәлеуметтік жан
болды. Бұл кітапта адамның моральдік, еркіндік, агрессивтік, эгоистік, альтруистік сияқты әлеуметтік сапаларын жануарлар биологиясы тұрғысынан жаңаша түсіндіру концепциясын түсіндіреді. Мұнда жануарлармен адам арасындағы мінез құлық ұқсастығының шекарасымен мүмкіндігін талдауға аса маңызды орын беріледі. Бұл мәселелерді шешудің кілтін дарвенизм ілімінің ұғымдары мен принциптерінен, атап айтқанда табиғи сұрыпталу ілімінен іздейді. Жануарларды зерттеудің нәтижесінде жасалған қорытындыларының адам мінезін түсіндіруге кеңінен қолданады. Методологиялық жағынан өарағанда, адамның мінез-құлық сапасы биологиялық және малекулалық генетика тұрғысынан тұрпайындылап түсіндіріледі, яғни антропология биологияға, ал биология малекулалық генетикаға жатқызылады.
Социобиологтардың пікірінше, адамның табиғаты жайлы түсінікті негізінен өзгертетін біріккен гендік-мәдени эволюция теориясы блуы тиіс. Бұл теорияның мәні мынада: адамның бойындағы органикалық және мәдени эволюциялар процестері бірге жүруі керек, өйткені гендер мен мәдиниет бұл эволюцияда өзара айырғысыз байланыста. Бірақ жетекші рөлді гендер атқарады. Адамның көптеген іс-әрекеттерінің түпкі себебі солар болып табылады. Сондықтан адам іс жүзінде алдымен биологиялық танымның Обьектісі болады. Осыдан келіп Уилсон социобиологияның міндеті “барлық жануарлардың, адамды қоса алғанда, әлеуметтік мінез-құлқының барлық формаларының биологиялық негіздерін зерттеу болуы тиіс ” деп тұжырымдайды. Оның теориясының басты қағидасының мәні мынада: адамның биологиялық табиғатынан тыс, одан бұрын пайда болған “трансцендельтальды” мақсаттары болуы мүмкін емес.
Гендік-мәдени коэволюция теориясы өкілдерінің теориясы бойынша, адам моральдік сезімдерін биологиялық каналдар бойынша мұраланатын сияқты. Мәселен қандас адамдардың некелесуіне тиым салу жануарлардың мінезіндеде байқалатын сияқты, олай болса, жалпы моральдық тиымның биологиялық негізі де сонда. Агрессияшылдық та сол сияқты адам психологиясына табиғи тән қасиет, олай болса, соғыс-адамға іштей тән қасиеттің сыртқы саяси көрінісі ғана . Махаббатта адамға іштей тән бірін-бірі қанағаттандыру сезімінің социобиологиялық көрінісі. Тіпті адамның санасы да тек биологиялық қажеттіліктерді орындау енструменті ретінде қарастырылады. Бұл қағидалардың бәрін қазіргі әлеуметтік дарвенизм, нәсілшілдік және евгеника теориялары өз мүддесіне пайдалануға тырысады.
Адам мен табиғаттың дамуында биологиялық пен әлеуметтік факторлардың бірлігін көрсететін коэволюция шындығында бар. Ол ол ма, қайта адам табиғатпен бірлікте ғана дами алатынын ерекше атап көрсеткен жөн. Мұны орыс ғалымы В.И.Веронадский ХХ ғасырдың басында-ақ атап көрсеткен болатын, адам мен табиғаттың, оның ішінде адам мен биосфераның өзара тығыз байланыстылығын сол кісі тұңғыш ғылыми негіздеген болатын. Алайда басты мәселе биологиялық фактордың әлеуметтіке тигізетін әсері, адамның мінез-құлқы биологиялықтан қаншалықты тәуелді екндігінде. Биология, гендер әрине адамның мінез-құлқын айқындайды, бірақ ол өзінің биологиялық табиғатынан тыс шыға алмайды. Адамның жануарлар мен эволюциялық байланысы да бар, олрдың мінез құлқында белгілі бір ұқсастықта бар. Басқаша айтқанда, адамның әлеуметтік жаратылысының биологиялық негізі бар.
Алайда социолобиология бағытының өкілдері жасағандай, адамның дамуын және мінез-құлқын негізінен биологиялық терминдердің, заңдылықтардың көмегімен ғана түсіндірсек, мүлдем дұрыс болмады, өйткені адам бойынедағы биологиялық пен әлеуметтік, біз жоғарыда атап көрсеткендей, өзара тығыз байланысты. Тағы да айтайық, белгісіз бір себептермен жануарлар тобырының ішінде қалып қойған адам нәрестесі тірі қалғанымен, бірақ адам қоғамына қайта қосылса, бәрібір толық мәнінде адам бола алмайды. Мұны растайтын фактілер тарихта баршылық. Нәресте адам болу үшін туғаннан бастап әлеуметтендірудің белгілі бір кезеңінен өту керек. Осы тұрғыдан алғанда орыс психологы А.Н.Леонтьевтің “Бала туылған кезде адамдыққа тек кандидат қана, бірақ ол оңашада адам бола алмайды: ол адамдармен қатынаста ғана адам болуды үйренуі тиіс”-деген сөздерімен келіспеуге болмайды. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жағдайлардан тыс табиғаттың бір өзі адамды адам жасай алмайды.
Адамның биологиялық жаратылысына әлеуметтіктің тигізетін әсерінің тағы бір жағы бар: адам бойындағы биологиядық қасиеттер мен әлеуметтік формада іске асып, әлеуметтік формада қанағат табады, яғни адам өмірінің табиғи биологиялық жақтары мәдени-әлеуметтік факторлар арқылы ғана “адамдыққа ” айналады. Бұл ұрпақ өсіру, тамақтану, сусындау сияқты т.б. таза биологиялық қажеттерді қанағаттандыруға да қатысты.
Сонымен, биологиялық және әлеуметтік факторларының адам дамуындағы рөлін түсіндірген кезде панбиологизм және пансоциологизм сияқты сыңаржақ теориялардан аулақ болған жөн, өйткені панбиологизмді бетке ұстаған кезде адам жануарлар деңгейіне дейін төмендетіледі, ал екінші сыңаржақ бағыты ұстанғанда адам түрінде көрінеді де оған сыртқы орта оның даму барысын жазады.
Адам-жеке адам және тұлға ретінде
Жоғарыда айтқандай, адамның екі түрлі жаратылысы бар- ол биоәлеуметтік жан. Онда биологиялық сапа, қасиеттермен әлеуметтік сапа, қасиеттер де бар. Әлеуметтік болмыс деңгейде және әлеуметтік теория тұрғысынан адам проблемасы жеке адам және тұлға ұғымдары арасындағы қарым-қатынас проблемасына айналады, яғни биологиялық жаратылысы жағынан адам ең алдымен жеке адам, ал әлеуметтік жаратылысы жағынан тұлға болып табылады.
Жекек адам туралы әңгіме болғанда, адамзат тегінің жеке бір өкілін түсіну қажет. Жеке адам- көптің бірі, ол әлі тұлға емес. Осы мағынада алғанда “жеке адам” және “тұлға” ұғымдары көлем жағынан да, мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы болып табылады. Жеке адам ұғымында адамның ешбір жекеше ерекше әлеуметтік белгі, сапасы бейнеленбейді, сондықтан оның мазмұны аса кедей болады, бірақ көлемі кең, өйткені әрбір адам- индивид. Егер біз жеке адам десек, онда ақыл-ойлы адамның жеке бір түрін ғана, адам тегінің бір өкілін ғана алып отырмыз. Ал егер оның қайсы бір ерекше белгісін, сапасын атап көрсетсек, онда ол ұғымның көлемін кішірейтіп, бір әлеуметтік тобын бөліп аламыз. Бірдеде формальдық логиканың ұғымының мазмұны мен көлемі арасындағы кері қатынас заңын көреміз. Мысалы бай адам немесе кедей адам десек біз адамдардың белгілі бір тобын басқаларынан бөліп көрсетеміз, сөйтіп ұғымның көлемін азайтып, нақтылаған сайвн оның айырмаылық белгілері көбейіп, мазмұны баии түседі. Сөйтіп адам көлемінің мазмұнын азайтып, жекелеген сайын бір ғана жеке адамды білдіретін ұғымға жетеміз. Осылайша шегіне жеткізе жекеклендірген адам тұлға деп аталады.
Сонымен, тұлға дегеніміз әлеуметтендірілген жеке адам деуге болады. Мұнда адам тек жалпы және ерекше әлеуметтік қасиеттері тұрғысынан ғана емес, сондай-ақ өзіндік әлеуметтік рухани сапасы жағынан да қарастырылады.
Тұлғаның адамдық құрылысы аса күрделі, сондықтан оны түрліше тұлғадан қарастыруға болады. Мәселен, жалпы психология ғылымы тұлға деп түрлі психикалық процестердің адам бойындағы біртұтас біріккен, сөйтіп оның мінез-құлқына қажетті смпат беретін жиынтығын түсінеді. Тұлғаны социологиялық тұрғыдан зерттеудің бастама принципі адамның жеке басының ерекшеліктерін зерттеу емес, ол орындайтын әлеуметтік міндеттерді, іс-әрекеттерді зерттеу болуы тиіс. Бұл міндеттер мен іс-әрекеттердің сипатын анықтаушы қоғамның әлеуметтік құрылымы, сол тұлға жататын әлеуметтік топ болып құрылады.
Адамға тән ең жалпы белгі- оны басқа дүниеден ажыратып тұратын әлеуметтік іс-әрекет, еңбек. Адам дегеніміз ең алдымен белсенді түрде әрекет етуші, өзінің өмір сүру жағдайларын өзгертуші әлеуметтік субъект, әлеуметтік ақыл-ой және әлеуметтік сезім иесі- мұның бәрі өзара іштей бірлікте болатын және іске асатын сапалық белгілер. Адамның бұл сапалары оны әлеуметтендірудің негізін құрады, ал әлеуметтендірудің негізінде адам тұлғасы қалыптасады. Әлеуметтендіру адам қоғамдық тәжірибені меңгерген сайын, белгілі бір қоғамдық қатынастарға және іс-әрекеттерге араласқан сайын тездей түседі.
Әлеуметтендіру филогенезде де және онтогенезде жүзеге асады. Бұл екі процестің екуіндеде тұлға жеке адамның әлеуметтенуінің нәтижесі болып табылады. Бұл жөнінде белгілі психолог А.И.Леонтьев адам тұлға болып тумайды, тұлға болып қалыптасады деген болатын. Әлеуметтену үздіксіз жүріп отыратын, процес болғандықтан, тұлғада үздіксіз қалыптасушы әрекет. Қалыптасуы тоқтап қалған тұлға, тоқыраушы тұлға. Жекек адам басқа біреудің ырқынан шыға алмай аған толық бағынса, өзіндік еркі болсада, тұлғаның тоқырауы болады. Бөтенің ырқына толық бойұсынған, өз ой-пікірі, дүниеге көзқарасы жоқадам тұлға болудан қалады.
Тұлғаны сипатаушы аса бір сапасы – оның рухани адамгершілік мәні. Тұлғаның маңызын құратын маңызды бір құрамдас бөлігі- санасының алған бағыты, саналық деңгейіне, дүнеге көзқарасына және адамгершілік түсініктері мен жауап кершілік сезіміне байланысты тұлғалық бағдары. Тұлғаның қалыптасуы мен мінез-құлқына әлеуметтік ортаның күші әсер ететіні сөзсіз. Бірақ тұлғаның мінез құлқымен адамгершілік бағдарына адамның ішкі рухани дүниесінің тигізетін әсері де аз емес. Әркім өзінің бақытымен тағдырының жасаушысы деген сөздің айтылуы тегін емес. Адамның ақыл-парасатымен адамгерщілік ерік күші неғұрлым айцқын көрінсе, оның өмір бағдары жалпы адамдық мораль талаптарымен неғұрлым толығырақ болса, және олар адамгершілік сапаларының дамуымен нығаюына неғұрлым игі әсер етсе, оның адамдық тұлғасыда соғұрлым айқын көрініс табады. Бұл жағдайда адамның тұлғалық бейнесі рухани және ерік күшінен көрінеді. Ал ерік күші мен рухани күш, тұлғаның адамгершілігі мен адалдығы сөзінен емес, белгілі бір әлеуметтік жағдайлардағы нақты практикалық іс-әректтерінен айқын көрінеді . Олай болса, адамның тұлғалығын сипаттайтын ең маңызды факторсөз емес, нақты іс, яғни сөзбен істің табиғи бірлігі. Көптеген адамдардың сөзі мен ісінің арасындағы алшақтық, яғни сөзінің жал
| | скачать работу |
Адамзат — биоәлеуметтік жан |
|
|
|
Погода в Алматы |
на 10 дней |
другой город |
|