Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

е жүретін құбылыстар мен үрдістердің Күн және Аймен байланысты болатындығы анықталды.
Күн белсенділігінің жоғары кезеңінде атмосфераның ағыны қарқындап, ортаның ылғылдылығы артып, фитомасса ұлғайып, микроорганизмдер мен вирустардың белсенділігі артқанына байланысты, адам организмінде жүрек, қан-тамыр, онкологиялық, нерв жүйесі аурулары көбейеді. Бұлардан басқа тіршіліктің биологиялық ритмдер түріндегі көрсеткіштерінің циклді өзгерістері – тәуліктік, ай, жыл, жарты жылдық, 2,2-5,5 жыл, 11 жыл, 22 жыл, 88-90 жыл, 180 жыл, 600 жылда байқалады. Әрбір биоритм гелиоритммен: Күннің айналу кезеңі – 27 күн; Кұн бетіндегі дақтардың сандарының радиосәулелер ағынының өзгеруіне байланысты Күннің белсенділігінің өзгеру кезеңдері, 2,2-2,5 жыл, 5,5-6,0 жыл, 11 жыл, 22 жылдық магниттік цикл – Күннің жалпы магнит өрісінің өзгерістері, сол сияқты 88 жыл, 180 жыл 600жыл.
Адамдарға қатысты өзара байланыс анық байқалады: тік жүру – 1 жас, сөз сөйлеу, өз бетінше тамақтану 2-2,5 жас, оқып үйрену – 5,5-6 жас, жыныстық жетілу –11 жас, еркектердің ең жоғарғы жыныстық белсенділігі мен әйелдердің өсімталдық қабілеті – 22 жас, еркектердің ең жоғарғы творчестволық белсенділігі мен әйелдердің жыныстық белсенділігі – 33 жас, әйелдердің көпшілігінде климакс пен еркектедің көпшілігінің жыныстық белсенділігінің тоқтауы – 55 жас.
Дамудың әрбір фазасы Күн циклінің белгілі бір кезеңімен сәйкес келеді. Л.Н.Гумилев «Этногенез және Жер биосферасы» атты еңбегінде этногенез (халықтың пайда болуы) проблемалары Күн әсері мен географиялық ортаға тікелей тәуелді деп көрсетті. Географиялық орта Жер биосферасының бір бөлігі болып, Күн жұйесінің құрамына – галактикаға кіреді.
Этностардың даму фазалары (эволюциясы) бар, яғни олар пайда болады, дамиды, жетіледі, ескіреді, жойылады. Ал, этностардың арасындағы айырмашылықтар қандай?
Орыстар, украиндар мен белорустар, қазақтар, өзбектер мен татарлар, немістер, француздар мен ағылшындар, және т.б. арасындағы ерекшелік — тілдік-қоғамдық (лингвистикалық-әлеуметтік) айырмашылық. Бірақ бір ұлтқа жататын адамдардың басқа ұлттар арасында тұрып, осы ұлт тілінде сөйлей тұра, өз ұлтына тән ерекшеліктерін сақтап қалатыны да көп.
Сонымен, бір ұлт екінші ұлттардан қалай ажыратылады? Л.Н.Гумилевтің түсінігі бойынша, мінез-құлықтың стереотипі арқылы. Мінез-құлықтың стереотипі тіршілік ететін белгілі бір ландшафтқа байланысты қалыптасады. Этностардың бұдан ары қарай дамуы энергиясы күшті, өз мақсаттарына жету үшін ерекше адамдар — пассионарилерге байланысты екендігі анықталады.
Л.Н.Гумилевтің пікірінше, пассионарилердің белсенділігі мен іс-әрекеті бойынша халықтар өміріндегі негізгі тарихи оқиғалар өтеді. Пассионарилер массаға (көпшілікке) пасснарлық индукция жолымен әсер етеді. Пассионарилердің өздерінің іс-әрекеті, белсенділігі, ландшафтпен, тарихи уақыт және Күн белсенділігінің әсерімен, тіпті ғарыштық факторлармен тығыз байланысты.
Күннің белсенділігі пассионарлық соғылысқа әкеледі. Ол жөнінде Л.Н.Гумилев төмендегі гипотезаны ұсынады. Күн белсенділігі ұлғайғанда, ионосфераның қорғаныш қабілеті төмендеп, Күн энергиясы сәулелер түрінде бөлініп, Жер бетінің барлық бөліктеріне таралады. Егер сол кезде электромагниттік толқындар жиілігі Жер бетінің сол бөлігіндегі организмдердің нерв жүйесінің сәйкес толқындарымен бірдей болса, онда бұл организмдер қозу күйіне ұшырайды. Бұндай күйдегі организмдер барлық биологиялық объектілерге тән өзін-өзі қорғау сезімінен айрылып, кез келген бір идея жолында өздерін өлімге қиюға дейін барады. Бұның дәлелі дельфиндер мен киттердің жаппай жағаға шығып қалуы, шегірткелердің қаптап мұхиттарды ұшып өтуі, т.б.
Осылайша, пассионарлық соғылыс пайда болады. Оның нәтижесінде біршама энергияға бай тұлғалар пайда болып, олар басқаларды соңынан ерте отырып, этносты қалыптастырады.
Этногенездің төмендегідей кезеңдері бар: 1 – көтерілу; 2 -»қызу» – акматикалық кезең, 3 — қалыпты күйге өту – инерциялық кезең; 4 – обскурация – ауытқулардың соңғы күйінің кезеңі. Көтерілу фазасының негізгі ұраны — «этностардың мүддесі ең жоғары». Индивидум үшін ең маңыздысы -қоғам алдындағы міндет.
Акматикалық фазада (французша акмэ -»төбе») этностар өзінің ең жоғарғы шегіне жетіп, одан кейін төмендейді. Инерциялық фазада негізгі ұран — «өз өзіңмен бол», индивидуализм қарқындап дамиды; соғыстарда қан төгіліп, бірақ мәдениет дами түседі және онда әркімнің индивидуалдығы көрінеді; даңқ пен байлық талан-таражға түсіп, табиғат пассионарлық елдерде тұрақтанып, бірақ жаулап алынған елдерде бұзылады. Обскурация фазасының ұраны — «басқалар сияқты бол», «біз ұлылардан шаршадық».
Жасқа байланысты ауру – жеке сипаты жағынан ең үздіктердің өлімі. Әркім тек өз жеке басын ойлайды.
Мәдениеттің дамуы әрі қарай жалғасып, мәдени материалдық құндылықтар жинақталады. Этнос гомеостазға – тепе-теңдік күйге жетеді. Табиғат не тежеледі, не деградацияланады (бұл кезде этнос жойылады). Этнос дамуының соңында – уақыттың футуристік қабылдануы көтерілістер мен жойқын соғыстарға әкеледі. 1200-1600 жылдан соң этностар өздігінен құриды немесе оларға қарағанда жас және энергияға бай этностар шабуылынан жойылып кетеді. Соңғы кезеңдері – мемориалдық және реликтілік (есте сақтау жойылады).
Гумилевтің концепциясы барлық халықтардың фольклорындағы этностың түзілуі мен қуатты кездерін еске түсіріп батырлар жырының мәнің түсіндіреді.

5.7.Діни эволюция

Паркте «сырланған, байқаңыз» деген ескерту жазылған орындықтарда екі профессор әңгімелесіп отырады. Бірі екіншісіне: «Адам өте қызыққұмар жаратылыс иесі. Егер оған ғаламда 8134537540987565443861 жұлдыз бар десең, ол оған сене салады». Ал егер орындыққа «байқаңыз, сырланған» деп жазып қойсаң, ол міндетті түрде қолымен тексеріп көреді.

Адамдардың дамуының белгілі бір кезеңінде діннің шығуы міндетті болды. Діни эволюциясының алғашқы кезеңінде оның түбірі күнделікті тіршіліктегі адамдардың табиғат алдындағы дәрменсіздігі түрінде көрінді. Ол табиғаттың аса қорқынышты құбылыстары – найзағай, жер сілкінулері, вулкан атқылаулары, т.б. алдындағы дәрменсіздік емес, алғашқы адамның табиғатқа әсер ететін құралдары да, немесе оқиғалардың барысын анықтайтын білімі де болмады. Оның іс-әрекетінің барысы мен қорытындысы оның жеке өзіне емес, объективті жағдайлардың барысына байланысты болды. Бұндай жағдайда адам табиғат алдында әлсіз болды, оның тәжірибелік іс-әрекеті де еркін болған жоқ.
Адамның барлық іс-әрекеті екіге бөлінеді: біріншісі – іс-әрекеттің қорытындысы адамның тікелей өзіне байланысты еркін практикалық іс-әрекет, екіншісі – еркін емес, тәуелді іс-әрекет.
Іс-әрекеттің бұл екі түрі арасындағы айырмашылық тек салыстырмалы түрде ғана, олардың арасында өтпелі кезеңнің барлық баспалдақтары бар, дегенмен, ол шынайы түрде сақталады.
Адамның іс-әрекетінің барысында оған және адамның барлық өміріне әсер ететін белгісіз бір күш айқын сезілді. Сондықтан қалыптасып келе жатқан адам өзіне әсер етуші осы күштің құдіретін және бұл күш алдындағы өзінің әлсіздігін сезінуі қажет болды. Алайда бұл тез арада байқала қойған жоқ. Бұндай түйсік сезімнің дамуының белгілі бір деңгейінде қалыптасты. Бірақ, ең маңыздысы, адамның өз іс-әрекетінің белгілі бір саладағы дәрменсіздігін түсіну олардың құрал-жабдық жасау саласындағы дәрменсіздігін түсінусіз мүмкін емес.
Адам өзінің күші мен тіршіліктің белгілі саласының белгілі бір құбылыстарың құдіретін айқын сезінгенде ғана өзінің басқа саладағы әлсіздігін түсіне алады. Ол сол басқа салада өзінің құдіреті жетпейтін белгісіз басқаша бір күштердің бар екенін мойындайды. Осылайша дін пайда болады.
Дін адамның табиғи не әлеуметтік құбылыстардың себептері жөніндегі ойлары әсерінен емес, адамдардың табиғат күштері алдындағы әлсіздігінің нәтижесінде және қоршаған орта туралы қажетті білімнің жоқтығынан келіп туды.
Рухани өмірде ерекше орын алған табиғат құбылыстарының шығу тегін түсіндіретін қасиетті мифтер болды. Мифологияның табиғаты туралы түрлі пікірлер бар: мифология фольклордың жанры ретінде ғана емес, сонымен бірге алғашқы “ғылым” немесе “философия” деп те түсіндіріледі. Бірақ мифтер сырт қарағанда фантастикалық ертегілерге ұқсайды. Айырмашылығы, ертегілерге сенбейміз, ал мифтерге сенеміз.
Әдетте мифология шындық емес, мифологиялық уақыттар деп аталатын түсініктерді қарастырады. Бұл адамдардың ата-тегінің өмір сүрген уақыты, батырлар және де басқа мифологиялық тұлғалар туралы болды. Бірақ баяндалуда белгілі бір реттілік болмады, ал фактілердің барлығы дерлік фантастикалық болды.
Алғашқы қауымдық қоғамдағы адамдардың діни дүние танымының негізгі ерекшелігі, олар өздерін қоршаған табиғи ортадан бөлген жоқ. Өндірістік аумақ, оның жануарлары, өсімдіктері мен минералдық байлықтары, оған әсер ететін табиғи күштер мен осында тіршілік ететін адамдардың топтары –барлығы біртұтас болып қабылданды. Сондықтан табиғатқа адамға тән қасиеттер, ал адамға табиғат қасиеттері тән деп түсінді.
Бұл діни түсініктердің барлық алғашқы түрлерінде — фетишизм, тотемизм, анимизм және магияда ерекше көрініс тапты.
Фетишизм – кейбір жансыз денелердің ерекше құдіретті күштеріне сену, мысалы, үңгірлер, тастар, ағаштар, белгілі бір еңбек құралдары мен тұрмысқа қажетті заттар, т.б. Фетишистік түсініктер — жансыз денелерді жанды дүние ретінде қабылдау. Мысалы, адамдарды өлімнен сақтап қалушы үңгір немесе ашаршылықта адамдар жемісін қорек еткен ағаш, аң аулағанда қолданылған садақ т.б. – фетиш болып саналды.
Тотемизм Австралия аборигендерінде толық сақталған – тотем болып табылатын белгілі бір жануар не өсімдік түрлері, немесе басқа да заттар

Пред.67
скачать работу

АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ