Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

пуштун, афган тайпалары мен халықтарына, араб бедуиндеріне тән болып, осыған сәйкес этникалық тайпалардың жалпылықтары билік және әлеуметтік-экономикалық өмірдің құрылымы сақталады. Екінші түрі бұдан әлдеқайда көп халықтарға тән (тек қана бұрынғы Кеңестер Одағындағы – оңтүстік сібір халықтары, қазақ, қырғыз, түркмен, ноғай, адыгейлер) болып, этникалық тайпалық жалпылықтардың қалдықтары атауларында ғана сақталды.
Бірінші түрде қоғамда қалыптасқан таптар түзілу кезеңінің салт-дәстүрлері сақталғаны байқалады. Ал екінші түр біріншіден сәл ғана өзгерген модификациясы болып, қоғамның таптарға бөлініп, мемлекеттің пайда болуының аз ғана уақыт ішінде қалыптасқанын көрсетеді.
Нормалар қалдықтары мен түсініктер. Көптеген нормалардың сарқыншақтары неке және отбасылық өмірде сақталып қалды. Әсіресе әйелдердің ролін патриархалдық кеміту және қалыңмалға сату сияқты нормалар. Әйелдерді қалыңмалға сату арқылы неке ертедегі және орта ғасырдағы қоғамдарда пайда болып, кейінгі кезеңдерге дейін сақталып келді (қытайлықтар, Индияның төменгі касталары). Дегенмен, кейбір қоғамдарда, әсіресе исламдық қоғамдарда бұл рәсімді қалындықты жай ғана алып-сату түрінде емес белгілі бір тәртіппен реттеуге тырысты. Қалыңдықтың туыстарына төленетін ақы жесір қалуы немесе ажырасуы мүмкін болған жағдайда әйелдің күнкөруі үшін оның өзіне берілді. Бұдан басқа да қалыңдықтың туыстарына да “ана сүті үшін”, “тәрбиелегені үшін”, т.с.с. түрлі ақылар төленді.
Капитализмге дейінгі таптық қоғамдардың барлығына тән норма – бір отбасы мүшелерінің барлығы бір ғана кісіге бағынышты болды. Мысалы, ертедегі Римде отбасыны басшысы арқылы басқаруы. Бірақ басқа қоғамдарда, реформаға дейінгі кезеңдегі Ресейде де патриархалдық қатынастар кең таралды. Отбасыдағы басқа мүшелердің арасындағы статустарына байланысты қатынастар еркектер мен әйелдер, ағалы — інілілер, апалы-сіңілілер арасында әлі де сақталып қалды. Сол сияқты патриархалды этикет сақталып, тіпті әрі қарай дами түсті.
Алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтары қоғамдық сананың түрлерінде – құқық, мораль, дінде байқалады. Қарама-қайшылыққа толы христиан догматикасында байларды қаралау мен кедейлерді мазақтау туралы көптеген идеялар болды. Ислам дінінде барлық адамдар құдай алдында бірдей жауаптылығы, және жарлылардың пайдасына бағытталған салық пен пайдакүнемдікті қаралаған уағыздар пайда болды.
Таптық қоғамның діндерінде алғашқы қауымдық түсініктер мен ритуалдардың тікелей қалдықтары көптеп кездеседі. Олардың ішіндегі көпшілікке ең танымалы – иудаистердегі ерлердің инициациясы мен мұсылмандардағы ер балаларды сүндетке отырғызу. Осы сияқты ертедегі Индияның ведистік дінінде жасөспірімдерге қасиетті жіп байлау. Тазарту арқылы жүргізілетін инициацияларға христиан дініндегі сумен шоқыну да жатады. Ертедегі грек, римдіктер мен басқа да халықтардың политеистік дндерінде осы кезге дейін ата — тектерінің отбасылық — туыстық әдет-ғұрпы сақталған. Ертедегі Қытайда басқа діндермен бірге кездесетін шаманизмнің сарқыншақтары осы кездегі буддизм-ламаизмде бар.
Қазіргі заманғы діндердің ең жоғары дамыған түрі — христиан дінінде – жын-шайтанды қуу, адамдарды жамандықтан сақтайтын періштелер туралы, әртүрлі жақсылық ниетке бағытталған магиялық іс-әрекеттер, т.б. сияқты шаманизмнің қалдықтары әлі де сақталған.
Алғашқы қауымдық қалдықтардың осы кездегі рөлі. Таптық қоғамдардағы алғашқы қауымның қалдықтары осы кезге дейін сақталып, түрлі даулы сұрақтарды туғызып отыр. Көптеген халықтардың тұрмысында сақталып қалған алғашқы қауымның қалыңмал, көп әйел алушылық, т.б. сияқты қалдықтары түрліше түсіндіріледі.
Дамудың капиталистік жолын өтпеген халықтарда бұл құбылыстарды этникалық мәдениеттің негізгі бөлігі болып саналатын халықтық әдет-ғұрып деп қабылдайды. Трайболизм құбылыстары – туыс-тайпалық бірлік пен айырмашылық, көсемдер мен жасырын қоғамдардың әсері, т.б. дәл осы сияқты қабылданады. Олар негізінен үшінші әлемнің жас мемлекеттеріне тән, дегенмен трайболизмнің кейбір белгілері, әсіресе территориялық-тайпалық бәсекелестік бұрынғы Кеңес Одағы халықтарында да сақталған. Трайболизмнің түп-тамырымен жойылуы қиындау, ал кейбір халықтарда ол соңғы кезде қайта жаңғыра бастады.
Сонымен, алғашқы қауымның салт-дәстүрлері халықтардың көп бөлігі үшін белгілі бір роль атқарады деуге болады.

5.6 Этностар эволюциясы

Әдетте адамзат баласы үш нәсілге : ақ (европоид), сары (монголоид) және қара (негроид) нәсілдерге бөлінеді. Алайда көптеген антрополог-ғалымдардың пікірінше нәсілдер бұдан әлдеқайда көп – 20 дан асады. Олардың ішінде көбірек қарастырылатын – австролоидтық, американоидтық және койсан нәсілдері (готтенготтар мен Африканың оңтүстігіндегі бушмендер).
Нәсілдерге бөліну Жердің антропогендік жабынының мозайкасындағы бірінші деңгей болып табылады. Нәсілдік айырмашылықтар адам организмдерінің табиғи-климаттық жағдайларға бейімделу реакциялары ретінде пайда болғаны ғылымда дәлелденген.
Адам биологиялық түр ретінде біреу ғана. Бұны әртүрлі нәсілдерге жататын адамдар арасындағы некелерден балалардың туылуы дәлелдейді. Адамдар арасындағы нәсілдік, ұлттық, тілдік, мәдени, мінез-құлықтық айырмашылықтар табиғи болып табылады. Осы белгілер бойынша қоғамдық бірлестіктерді басты түсінігі этнос болып саналатын этнология ғылымы зерттейді. Этнос дегеніміз – гуманитарлық (мәдени) белгісімен басқаша мінез-құлық (табиғи) белгілері бойынша бөлінетін адамдар бірлестігі.
Шамамен 20 жылдай бұрын БҰҰ Ұлттар жөніндегі комитеті қызықты тәжірибе жүргізді – планетамыздағы негізгі ұлттар бойынша 1 млн аса адамдардың дарындылығын зерттеді. Нәтижесінде бұл белгі бойынша ұлттардың бір де бірінің ерекшеленбейтіні анықталды. Сондықтан ұлттардың ешқайсысы да бірде-бір артықшылыққа ие бола алмайды.
Айта кететін бір жай, барлық халықтар мен ұлттар генетикалық тұрғыдан алғанда “таза” болмайтындығы. Ұлттардың бір-бірімен араласу коэффициенті үнемі ұлғаю үстінде. Генетиктердің жорамалдары бойынша, 40 ұрпақтан кезеңінен кейін барлық ұлттар араласып кетеді (әдетте, адамдардың бір ұрпағының кезеңі 25 жылға тең деп есептеледі).
Адам түсі қара және сары нәсілдерге тән меланин гендерінің әсерінен бірте-бірте қарайып, көздері қысыңқыланады. Бұл гендер доминантты гендер болғандықтан және ақ нәсілдерге қарағанда қара, сары нәсілдердің сан жағынан артықшылығына байланысты олар көбейіп, европалық фенотиптер өздеріне тән ерекшеліктерін жоғалтады.
Ұлттардың араласуы кезінде (және де фенотиптердің көп түрлілігіне байланысты), гомозиготалық қасиет (зигота – екі гаметаның қосылуынан түзілген клетка; гамета – ер немесе әйел жыныс клеткаларының тақ хромосомалары жиынтығынан құралған жыныс клеткасы, біршама азайып, нәтижесінде тұқым қуалайтын аурулар азаяды, адамдардың денсаулығы жақсарады. Сонымен, ұлттардың араласуы – адам баласының тіршілігі үшін өте қажет. Екінші жағынан, ұлттардың араласуы және энтропияның бүкіл планетарлық масштабта ұлғаю үрдісі, яғни Жердегі барлық материя түрлері, оның ішінде адамды да қамтитын қоршаған орта объектілерінің сипаттамаларының орташалануына әкеп соқты. Бұл дұрыс па, бұрыс па, ол өз алдына жеке мәселе, барлығымызға мәлім бір ғана нәрсе – табиғат тепе-теңдікті қаламайды, бірақ соған жетуге тырысады.
Белгілі этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы Л.Н.Гумилевтің пікірі бойынша, этнология – жаратылыс туралы ғылым.
Егер З.Фрейд, индивидтер әрекеттерін психикалық энергия әсерінен деп түсіндірсе, Л.Н.Гумилев әлеуметтік дамуды Күн энергиясының әсерінен деп түсіндіреді.
Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді.
1915 жылы 18 жастағы А.Л.Чижевский астрономия, химия және физика салаларын бар ынтасымен зерттей отырып, Күн бетіндегі дақтардың түзілуі мен осы кезде жүріп жатқан бірінші дүние жүзілік соғыста ұрыс қимылдарының синхрондығы қарқындағанына назар аударды. А.Л.Чижевский астрономия, биология және тарих ғылымдары бойынша түрлі ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, Күннің белсенділігінің Жердегі биологиялық және әлеуметтік үрдістерге тікелей әсер ететінін анықтады. Бұл жөнінде оның “Тарихи үрдістердің физикалық факторлары”, “Күн сәулелері желдерінің Жердегі жаңғырығы” деген еңбектері дәлел бола алады.
А.Л.Чижевскийдің бір қызықты ойы, Күндегі магниттік құбылыстар мемлекет басшыларының денсаулықтарына әсер ететіндігі туралы еді. Көптеген мемлекет басшылары жасы ұлғайған адамдар болатыны белгілі. Әрине, космостағы және Жердегі ритмдер олардың денсаулығына әсер етеді. Бұл жағдай әсіресе, тоталитарлық, диктаторлық тәртіп жағдайындағы елдер үшін өте қауіпті еді. Егер мемлекет басында аморальды немесе психикасы әлсіз адамдар болса, онда олардың ғарыштық құбылыстарға деген паталогиялық реакциялары тек өз мемлекеттерінің халқы үшін ғана емес, сонымен бірге, көптеген елдер жаппай қырып жоятын аса қуатты қаруға ие болып отырған кезеңде, бүкіл баласы үшін орны толмас қайғы-қасірет туғызуы мүмкін.
А.Л.Чижевский қорытындыларының бір ерекшелігі– Күннің Жердегі тек биологиялық емес, әлеуметтік үрдістерге де біршама әсер ететіні. Әлеуметтік қақтығыстар (соғыстар, көтерілістер, революция), А.Л.Чижевскийдің пікірінше, Жер бетіндегі тіршіліктің негізі — Күннің күйі мен белсенділігіне тікелей байланысты жүреді. Оның есептеулері бойынша, Күннің белсенділігінің төменгі деңгейінде қоғамдағы көпшілік әлеуметтік құбылыстардың аз ғана мөлшері, шамамен 5 % жүреді, ал жоғары деңгейінде – 60 % жетеді.
А.Л.Чижевскийдің Күннің Жердегі үрдістерге әсері туралы айтылған ойлары мен қорытындылары тек біраз жыл өткен соң ғана тәжірибе жүзінде дәлелденді. Оның көптеген идеялары да космос және биология ғылымдары саласында біраз уақыт өткен соң қолданылды. Ғылыми тұрғыдан алып қарағанда Жерд

12345След.
скачать работу

АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ