Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі

sh; лирикалық поэманы байқауға болады. Сонымен қатар, көптеген ұлттың төл әдебиеттерінде  әртүрлі өлең үлгілері туындады. Айталық, өлеңдік-строфикалық формасы. Олардың кебіреулері ұлт әдебиетінің шегінен шығып, халықаралық дәрежеде мойындалды. Бұған мысалдар легін келтіруге болады:  эллегия, сонет,  ертегі, өлең, поэма, эпопея (бұған әрине мысал мен балладаны қосуға болады), повесть, әңгіме,  пьесаның түрлері және ақ өлең үлгілері осының дәлелі.  Бұл формалардың әр түрі  әр дәуірде өмір сүрген әрі әр бағыттағы  жазушылардың шығармаларында  әртүрлі жанрлық мазмұнды білдіреді.  Эпос,  лирика, драманың тектері, атаулары  әртүрлі болғанымен  бір-біріне жақын болуы мүмкін.

Жауынгерлердің ұлтты азат ету мақсатындағы  төңкеріс қозғалыстарын туындатуы  түрлі жанрларда лирикалық шығармалардың кеңінен таралып, дамуына ықпал етті. Ұлтттық-тарихи лирика жетекші маңызға ие болды. Ол  басқыншы жаулап алушылардың құрсауынан босануды аңсаған халықтың, бүтін бір ұлттың  демократиялық ұмтылысын білдірді.  Билік тізгінінен босануды аңсаған  халықтың арман-мұратын көркем сөзбен өрді.  Европа лирикасының «этологиялық» тенденциясы саяси сатирада ғана көрінген жоқ.  Әлемнің көптеген елдерінде  идиллиялық немесе элегиялық сарындағы «этологиялық» мотивтер туындады.  Олар тәкаппар, рухани азғынданған,  бұзылған қоғамның жоғарғы табының өкілдеріне  табиғат аясындағы тыныш та бейқам, еркін де қарапайым өмірді қарсы қоя білді.

Еуропа халықтарының лирикалық шығармаларында суреттеу, бейнелеу, табиғат лирикасы алдыңғы орынға  қойылған.  Әдетте, табиғатты суреттейтін өлеңдер идеялық-эмоциалдық байытылған, лирикалық көңіл-күйде болды.   Сонымен қатар, табиғат лирикасы  ұлттық-тарихи және «этологиялық» өзінің мазмұнының жанрлық аспектісі бойынша  романдық болуы да мүмкін. Әрине, бұнымен қоса  эпос пен драматургиядағы сияқты  лирикада  жанрлық мазмұнның әртүрлі аспектілері өзара өткелсіз шекара арқылы бөлінбеген.  Бір өлеңде олар ауыса алады.  Демек,  жанр тобына бөлу принципі  әдебиеттің барлық үш тегіне де ортақ. Яғни, әдебиеттану ғылымының тектері - эпос, лирика драма өзара жанрлық принципке бөліне алады деген сөз. Осы тұста мынадай қорытындыға келуге болады: жанр -  шығарма мазмұнының түрлі қыры болып табылады.  Жанрлар (жанр мазмұнының ерекшелігі)  - әр жеке тектің шегіндегі логикалық бөлінген түрлер емес, көркем шығарманы тек пен жанрға бөлу «бір логикалық кеңістікте» емес, әр «кеңістікте» түрліше себептерге байланысты туындайды.

Мазмұнның көркем қызметі -  тотемдік, магиялық және мифологиялық болады.  Бұлар басында айтарлықтай қысқа эмоциялық  көңілді, тебіреністі сыртқа шығару құралы болды.  Ең алғашында олардың құрамы екі тармақтан да тұрған болуы мүмкін.  Кейіннен екі тармақтар ырғақты симметриямен тарихи процесс үстінде бірігіп төрт тармақты, яғни бір шумақты құраған.  Кейіннен, лирикалық хордың осы көркем нысанасының негізінде, олардың компазициялық-лирикалық принциптері пайдаланыла отырып, бір дауысты,  сольдық,  азаматтық, жеке және тұрмыстық мазмұндағы лирикалық өлеңдер дүниеге келді.  Ал, даму процесімен қандай да бір халықта  жазба өнері пайда болғаннан кейін, мұндай өлеңдер әдеби лириканың туындауының бастапқы негізі, көзі болып қалды.

Ертегі -  жанр формасы өзгере алады деп біз жоғарыда айтқанымыздай, жанрдың өзгеріске түскен формасы.  Жанр формасы уақыт өте келе өзгергенімен  оның мазмұнына айтарлықтай әсер етпеді десе де болады.  Тарихи дәуірдің әр кезеңінде, халықта ауыз әдебиетінен кейін жазбаша өнер дүниеге келгеннен кейін  халық ауыз әдебиеті, яғни фольклормен бірге, кейіннен одан да артық көркем әдебиет дами түсті.  Ауыз әдебиетінің бай мұрасы өзінен кеінгі жазбаша әдебиеттің терең тамыр жаюына жол ашып берді.  Қазіргі көркем, жазба әдебиеттің төл атасы, қайнар көзіне айналды. Осындай даму процесінің үстінде  жанрлардың формасы мен атауларының өзгеруі таңқаларлық құбылыс емес, табиғи құбылыс. Осылайша, әртүрлі әдеби шығармалар (бұл жерде поэманы айтып отырмыз) жанрлық мазмұны тұрғысынан алғанда (батырлық, сатиралық, романдық)  өзіндік ерекшеліктерге ие болды.

М.М.Бахтиннің жанрлық тұжырымдамасы

 

М.М.Бахтиннің жанр теориясына қосқан үлесі мол. М.М.Бахтиннің концепциясының конструктивтілігі және де қайшылығы  отандық және батыстық әдебиеттану ғылымында  үлкен қолдауға ие болды. Жанрлық типологияны қарастыратын болсақ, концепция  даралығымен ерекшеленеді.  Ғалымның теориялық ережелері кеңінен танымал.

Бахтиннің жанрлық  тұжырымдамасынан мынадай үш мәселені  атап айтуға борлады:

1.      Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығы;

2.      Шығарманың жанры мен құрылымы;

3.      Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар,  олардың генезисі мен дәстүрі.

Осы проблемалардың барлығы  жанр типологиясына байланысты.

 

Шығарманың жанры және  ішкі диалогтылығы

 Бахтин әдебиеттен  тек қана «ұымдасқан идеологиялық  материалды» көрген жоқ «әлеуметтік қатынас» формасын да байқады. Бахтиннің пікірі бойынша: әлеуметтік  қатынас процесі  шығарма мәтінінің өзінен көрініс тапты. Шығарманы өмірге әкелген жаратушы-автор және ол дүниеге әкелген  кейіпкер, сондай-ақ оқырман («тыңдарман»)  - мұның бәрі  пішін мен стильді анықтайтын тірі күш.  Бахтин жанрды «тұтас шығармадағы, айтылмақ ойдың өң бойындағы шынайы форма» деп түсінеді. Жанрдың әр түрі  қарым-қатынас, диалог үстінде, яғни практикада көрініс тауып, жұмырланған жанр ретінде қарастырылады.  Демек,  әдеби жанрлар қарым-қатынас процесінен бастау алған.  Зерттеуші  жанрлардың екі жақты  бағытын атап өтеді. Біріншіден,  авторлар жанр таңдауда бәрінен бұрын көркем қабылдау шартын ескереді. Екіншіден,  жанр  әртүрлі оқырман қауымына арналған.  Әр әдеби жанрға дәуір мен бағыттың шегінде өзіндік оқырманы бар болуы тән.  Әр дәуір оқырманының, тыңдарманының, халық пен жұртшылықтың  көркем  туындыны ерекше түсінуі, сезінуі ерекше.  «Екінші» (әдеби) және «бірінші» (мысалы, тұрмыстық)  жанрлардың  көркем мәтінді баяндауда ұқсастықтары болғанымен күрделілік дәрежесі бойынша өзгешеленеді.  Олар («екінші») өздерінің құрылымына «бірінші» жанрларды: репликаны, диалогты, тұрмыстық әңгімелерді, хаттарды енгізеді. Жанрдың негізгі қызметтерінің бірі  жанрлық нәтиже деп атауға да болатын жазушы мен оқырман арасындағы делдалдық болып табылады.  Жанр жазушының тек қана  көркем ойлау категориясы емес;  сол немесе  өзге дәрежеде  әдебиеттің жанрлық репертуарымен  оқырмандардың  таныс болуы автор мен оқырман арасындағы тығыз байланыс фактісі.  Жанр жазушы мен оқырман арасындағы алтын көпір рөлін атқарады.  Жазушының жанрды таңдауы  оның оқырман жөніндегі көзқарасын білдіреді.  Көркем қабылдау процесі  қай арнада қабылданатындығы туралы жол салады.  Бахтин ұсынған зерттеу бағдарламалардың негізгі артықшылығы сол дәуірде басымдыққа ие болған  әдеби-сыни көзқараста емес, автор мен оқырман арасындағы байланысқа, шығарма мәтініне жете назар салуында.

 

Шығарманың жанры мен құрылымы

Ғалымның  әдеби жанрға деген құызығушылығының артуын түсінуге болады.  Өйткені бұл  «көркем тәжірибені сыртқа шығарудың айқын ыормасы» ғой. Яғни, мазмұнды форманың айқын мысалы.  Бахтиннің негізгі еңбегі  жанрлардың мазмұндық ерекшелігін дәлелдеуі болды.  Ғалым жанрдың қандай да бір  поэтикалық құрылымының тұрақты элементін қарастырса да, ол өзінің мазмұндылығымен түсіндіріледі.  Бахтиннің зерттеулері  ғалымдар арасында  жанр туралыі  семиотикалық  көзқарастың қалыптасуына себепші болды.  Әдебиет бойынша семиотикалық жұмыстарда  жанрлардың семиотикасына арнай назар аударылған.  Өйткені бұл өнердің даму сатысының бастапқы кезеңіндегі  поэтика болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттану ғылымының тарихындағы жанрлар

Бахтиннің назары бәрінен бұрын  жанрлар тенденциясы мен олардың әдебиеттегі  ұзақ өміріне ауды.  Бахтиннің зерделеуі бойынша жанр құрайтын негізгі фактор болып  тарихи уақыт,  оның әлеуметтік-идеологиялық сипаты есептеледі.  Бахтиннің «күлкі тарихы» сызбасы  жанрларды тарихи-функционалды зерттеудің  классикалық мысалы қызметін атқара алады.

О баста пайда болған кезінен бастап әдебиет негізгі үш бағытта-әдеби тектің үші түрі эпос, лирика, драманың шегінде дамыды.  Олай деуімізге, бұлардың әдебиетке дейінгі кезде, ауыз әдебиеті кезеңінде көнініс табуы себеп. Бұл сөз өнерінің болғандығының  айқын дәлел бола алады. Әрине, бұған драманы қосуымыз әбестік болады. Себебі, драма қоғам дамып, театр пайда болған кезде ғана қалыптасқандығы баршамызға аян.  Алайда, бұдан  көне дәуірде әдебиеттің тек екі түрі- лирика мен эпос пен драма кіріктірілген басқа тек болды деп ойлау қателік.  Тек (және тектің түрі ре

123
скачать работу

Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ