Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі

тінде жанр) -  шығарма құрылымындағы  жалпы, тұрақты, қайталанып отыратын сипаттама.

 

 

 

 

 

М.С.Каганның жанрлық классификациясы

 

М.С. Каганның теориясы  төрт тарапты жанрлық классификацияның  жобасы ретінде белгілі.  Жанрлар «тақырыптық», «танымдық»  тұрғыдан, «аксиологиялық», (трагедия-комедия), сондай-ақ  үлгілі моделдер құруы бойынша (очерк, мысал) дифференцияланады. Осып принциптердің әрқайсысының өзіне тән құрылымы бар. Каганның сызбасын әдебиетте пайдалану  көп дау туғызады. Жетекші мазмұны проблемалық дәрежеде болғандықтан,  тақырыптық немесе сюжеттік-тақырыптық шектеу (прозада махабаттық-психологиялық, әлеуметтік-талдау, тұрмыстық, рыцарлық,  әскери, детективті жанрлар бөлінген) шартты түрде. Шығарма мәтінінің баяндау арқылы берілуі эпикалылығының,  мәтіннің медиативтілігі – оның лирикалылығының,  туындының диалог арқылы берілуі – драмалық тегінің кепілі. Негізінен алғанда Каган  терминологиялық нақтылыққа қатты жүгінген.  Екінші жағынан алар болсақ, зерттеуші шартты терминдерді де пайдаланған. Оларды атап айтар болсақ: ұлттық-тарихи, этологиялық,  жанрлардың романтикалық тобы. Ғалым ұлттық-тарихи (батырлық)  және романдық жанрдың арасындағы мазмұндық айырмашылықты атап көрсетеді. Каганның түсінігі бойынша ұлттық – тарихи, этологиялық және романдық жанрлар – көркем әдебиеттің даму формасы.  Каган жанрдың төртінші тобы бар деген тың  түсінік айтып, оған  әдебиеттің ең көне жанры мифті жатқызады. Ғалым жанр формас деген түсініктің дәстүрлі түрде біздің санамызда жанр ретінде қалыптасқандығын айтады.  Біз ертегі жанры, әңгімен жанры, роман, повесть жанры деп айтамыз,  бұл біздің санамызда әбден сақталып әдебиетішлер мен сыншылардың терминолгиясында  бекіді. Бірақ та жанр мәселесін дұрыс шешу үшін бұл көзқарастардан айну қажет дейді. Ол жанр нақты тарихи емес, типологиялық құбылыс деп таниды. Каган өзінің зерттеу нысанасын нақты көрсететін «жанрлар тобы» деген терминге көп тоқталғаны түсінікті жайт.  Ғалымды бәрінен бұрын жанрлар тобын ортақтастыратын қырлары қызықтырады. Айталық, этологиялық жанр ретінде сатираның, идилияның, утопияның ұқсастығы.  Каганның зерттеулері  әдебиеттану классификациясын  жанрлық типология ретінде қарастыру тәжірибесімен құнды.  Бұл ретте, бір шығармада бірнеше жанрлық тенденцияның тоғысқандығы айтылады.  Бұл топтар әдебиеттің тарихи даму кезеңінің әр сатысында әртүрлі қатынасқа түсіп отырады. Каганның ғылыми зерделеулері бойынша  әдебиеттегі тек пен түрді, жанрды тек қана шартты түрде бөлуге болады.

123
скачать работу

Әдебиеттегі тек пен түр мәселесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ