Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ағарту және классицизм дәуіріндегі мәдениет

насы алғашқы рет тұрмыстық ақиқат бейнелерінде беріліп, музыкада қарапайым адамзат сезімдері айтылды.

Ғасыр ортасында драматургия классицизм дәстүрінен реалистік және предромантикалық бағыттарға көшті. Театр жаңа қоғамдық-тәрбиелік рольге ие болды.

Ағартушылық дәуірде «мәдениет» сөзі бірінші рет нақты, жалпы таныған термин болды, оның мәнін тек оқыған жоғарыдағы қоғам ғана емес, қарапайым адамдар да талқылады. Әлем негізі идеялар үштігі -  «ақиқат», «жақсылық», «сұлулық» екендігін мойындаған философтардан соң, қоғамдық ой мен көркем шығармашылықтың әр түрлі ағымдарының өкілдері мәдениеттің дамуын ақыл-парасатпен, адамгершілік-этикалық бастаумен немесе өнермен байланыстырды.

Қоғам туралы ғылымда мәдениет адамзат дамуы тарихын түсінудің теориялық концепцияларының негіздері ретінде қаралды. Ол тарихи құбылыстарды таңдап алу және топтау, түсіну құралы болды.

Шындықтан қорқу және оны қабылдамаудан жаңа бағыт – романтизм туды. Әлеуметтік шындыққа жеке өмірді қарама-қарсы қою сентиментализмде байқалады. Осы бағыттар Ағартушылық дәуірдің гуманистік атмосферасы, оның гармониялы тұлғаға ұмтылуы арқасында мүмкін болды. Ағартушылық ғасыр мәдениеттің әрі қарай дамуына күшті әсер еткен әлемді өзінше көру үлгісін жасады.

Дәуірдің экономикалық және әлеуметтік-саяси сфераға тән ерекшеліктері:

-         өнеркәсіптік төңкеріс;

-         буржуазияның экономикалық және саяси мәнінің өсуі;

-         антифеодалдық қозғалыстың күшеюі;

-         қоғамдық теңдік пен жеке бостандықтың ағартушылық идеясының таралуы.

Рухани сферада:

-         феодалды-клерикальды мәдениеттің құлдырауы;

-         жаратылыс танудағы революция;

-         рационалистік ойлау мен деизмнің таралуы;

-         ағартушылық материалистік философияның гүлденуі;

-         өнер түрлері мен жанрларының ара қатынасының өзгеруі, әдебиет пен музыканың көркем шығармашылықтың жетекші формаларына айналуы.

123
скачать работу

Ағарту және классицизм дәуіріндегі мәдениет

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ