Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ағарту және классицизм дәуіріндегі мәдениет



 Другие рефераты
Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі Киіз үй мәдениетінің тарихы Ұлттық мәдениет құндылықтары – отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру құралы Мәдени мұралардың түркілік тарихты зерттеудегі үлесі

Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет (XVIII-XIXғ.ғ.)

 

Ағартудәуірімәдениеттіңжаңатипінекөшудіаяқтады. ЖаңамәдениетЖарықкөзінСенімдеемес, Ақыл-парасаттадепбілді(французтілінде«ағарту» сөзіжарықдегенмағынада«lumiere»). Әлем мен дүние туралы білімді экспериментке сүйенетін ғылымдар, философия мен реалистік бағытталған өнер беру керек болатын.

XVIIIғ. адамдары өз уақытын ақыл-парасат пен ағарту жүз жылдығы деп атады. Шіркеу авторитеттерін және күші құдіретті салттарды дәріптейтін орта ғасырлық түсініктер сынға ұшырады. XVIIIғ. сенімге емес, ақыл-парасатқа негізделген білімге ұмтылыс тұтас ұрпақты қамтыды. Талқылауға жататын барлық заттар, ақыл-парасат құралдарымен айқындалу қажет нәрселер XVIIIғ. адамдарының өзгеше қасиеті болып саналады.

Ағарту дәуірінде қазіргі мәдениетке ауысу аяқталды. Өмір сүру мен ойлаудың жаңа бейнесі қалыптасты, яғни мәдениеттің жаңа типінің көркем сана-сезімі өзгерді. «Ағарту» атауы діни немесе саяси авторитеттерге негізделген орныққан пікірді өзгерту мақсатында мәдени және рухани өмір саласында осы ағымның жалпы рухын жақсы сипаттайды.

Ағарту білімсіздікті, наным, ырымшылдықты адамзат апаты мен қоғамдық зұлымдықтардың басты себебі, ал білімді, философиялық және ғылыми қызметті, ойлау еркіндігін мәдени және әлеуметтік прогресс жолы деп білді.

Қоғамдық теңдік және жеке басының бостандығы идеясын үшінші сословие қолдады, осы сословиеден көптеген гуманистер шықты. Орташа сословие дәулетті буржуазия мен либеральды мамандық адамдарынан құралды, олардың капиталы, кәсіби және ғылыми білімі, жалпы идеялары, рухани ұмтылысы болды. Үшінші сословиенің дүниетанымы ағарту қозғалысында айқын білінді., ол мазмұны жағынан антифеодалдық, рухы бойынша революциялық болды.

Эстетикалық санада да радикалды өзгерістер болып жатты. XVIIғ. негізгі шығармашылық принциптер – классицизм мен барокко Ағарту дәуірінде жаңа қасиеттерге ие болды, өйткені XVIIIғ. өнері нақты дүниені бейнелеуге көңіл аударды. Суретшілер, мүсіншілер, жазушылар оны картиналар мен мүсіндерде, повестер мен романдарда, пьесалар мен спектакльдерде жаңғыртты. Өнердің реалистік бағыты жаңа шығармашылық әдісті жасауға негіз болды.

Барлық ағартушылық философияның негізін қалаушы, философ-материалист, либерализм доктринасын жасаушы, психолог және педагог Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) болды, ол Отанындағы діни және саяси қозғалыс ықпалында өскендіктен, XVIIғ. екінші жартысында педагогиканы жеке тұлғаны зерттейтін ғылым ретінде ала отырып, сана-сезім психологиясы ілімінің негізінде таным теориясын құрды. Ол бірінші болып адамның табиғи құқы негізінде сөзсіз жеке бостандық идеясын тұжырымдады.

Ғасырдың ұлы идеясы әдебиет арқылы көпшілік көңілін баурап алды. Ағарту әдебиеті жаңа оқушының пайда болуына әкелді, бұл оның өз бетімен білім алуға құштарлығын арттырды. Ағарту жазушылары өздерін философтар деп атады. Жазушы-философтың шығармалары бірнеше данада қайтадан басылып шықты.

Әдебиет қоғамдық ой-пікірге сүйенді, ол ой-пікір үйірмелер мен салондарда қалыптасты. Сарай жалғыз орталық болудан қалды. Париждің философиялық салондары сәнге енді, онда Вольтер, Дидро, Руссо, Гельвеций, Юм, Смит болды. Оқыған білімді қоғам ағартушылардың жаңадан басылып шыққан шығармаларын құмартып оқыды. 1717 жылдан 1724 жылға дейін Вольтердің жарты миллион томы және Руссоның шамамен миллион томы басылып шықты.

Вольтер, шын аты Франсуа Мари Аруэ (1694-1778 ж.ж.) барлық Европаның ағартушыларының көсемі болды. Оның шығармашылығында ғасырдың қоғамдық ойы толық және айқын бейнеленді. Барлық рационалистік қозғалыс көбінесе Вольтердің қызметімен теңестіріледі және вольтерлік деп жалпы атпен аталады.

Ағартудағы демократиялық бағыт ең радикальды ағартушы Жан-Жак Руссоның (1712-1778 ж.ж.) есімімен «русоизм» деп аталады. Ол Француз революциясын рухани дайындаушы болды. Руссо әлеуметтік теңсіздік себебін жеке меншікте деп білді («Теңсіздіктің басы және негіздері туралы ойлар»). Ол республикалық демократиялық тәртіптерді қорғады, халықтың монархияны тақтан түсіру құқығын дәлелдеді. Оның қоғамдық-саяси трактаттары якобиндіктердің қызметінің негізін құрады.

Руссо адамның табиғи дамуына бөгет жасайтын нәрселердің бәрі тәрбиенің көмегімен жойылу керек деп есептелді. Ізгілік пен демократизмге толы педагогикалық көзқарастар оның атақты «Эмиль, немесе тәрбие туралы» роман-трактатында жазылған. Руссоның шығармалары Европа әдебиетінде психологизмнің қалыптасуына мүмкіндік жасады. Оның «Юлия, немесе Жаңа Элоиза» және «Сыр» атты хат түріндегі романы барлық Европада оқыған адамдардың көптеген ұрпақтары үшін қолдан түсірмейтін кітабы болды.

Ғасырдың ірі оқиғасы «Ұлы Энциклопедияны» жарыққа шығару болды. Ол ағартушылардың бөлек-бөлек жатқан білімдерін бір жерге жинады. Бұл іске Ағарту идеясының жүздеген түсіндіріп таратушылары мен насихаттаушылары қатысты. Энциклопедия өз маңына ақылды, данышпан адамдарды жинады. Кәсіпорынның редакторы және жаны ағартушылардың демократиялық бағытының өкілі Дени Дидро (1713-1784 ж.ж.) болды. Ол Түсіндірме сөздікке әр түрлі мазмұндағы мақалалар жазды: философия, саясат, грамматика, риторика, мораль, эстетика, механика бойынша. Оның мыңнан астам мақалалары техника мен технология мәселелеріне арналды. Дидро бірінші болып технологияны қоғамның мәдени дамуына тәуелді етіп қойды. Ол өз мақалаларына жаңа рух- еңбекке құрмет рухын енгізді.

XVIIIғ. 60-шы жылдарынан өнеркәсіптік төңкеріс басталды (мануфактуралық өндірістің машиналық кезеңге көшуі, ірі капиталистік өндірістің материалдық-техникалық негізін құру), қоғамдық өмірдің барлық жақтарына қуатты әсер етті: өнеркәсіп, саясат, идеология, мәдениет. Осы кезеңде бірінші рет ғылым жетістіктерін өндіріске жүйелі қолдану басталды.

Ағартушылардың қызметінде қоғам мен өндірісті ғылыми қорытындылардың негізінде қайта құруға ұмтылу анық көрінеді. Құдайдың бар екендігін ақыл-парасат құралдары – деизмнің көмегімен дәлелдеуге ұмтылу өте әйгілі болды. Діни-шіркеу парыздарын қабыл алмай, деистер құдай болмысын қорғады. Рационалистік дінді қалыптастыруда барлық Европа қатысты: Юм, Бейль, Руссо, Вольтер, Дидро, Лейбниц, Лессинг және басқалар. «Рационалистік дін» ырымшылдықпен күресті, ғасыр ортасында көптеген Европа елдерінің соттары сиқыршылық бойынша кінә тағу істерінен бас тартты.

Қоғамдық ой шабытының жаңа атмосферасы көркем шығармашылықтың түрлері мен жанрларындағы ара қатынастың өзгеруіне әкеп соқты. «Ағартушылық қаруы» - әдебиеттің мәні басқа дәуірлермен салыстырғанда едәуір өсті. Ағартушылар өздерінің публицистикалық қызметінде оқырмандар үшін қысқа өткір тілді брошюралар формасын таңдап алды, олар Вольтердің «Филосоофиялық сөздігі», Дидроның «Сұқбаттары». Бірақ көпшілік оқырман қауымға философиялық идеяларды Руссоның «Эмиль», Монтескьенің «Парсы хаттары», Вольтердің «Кандиді», Дидроның «Жиен Рамо» романдары мен повестері түсіндіру керек болатын.

Ағартушылықтың басты көркем тілі XVIIғасырдан мұраға қалған классицизм болды. Бұл стиль ағартушылық ойлаудың рационалистік табиғатына және оның биік адамгершілік принциптеріне жауап берді. Алайда үшінші сословиенің күнделікті өміріне қызығушылық стильдің қатаң шеңберіне сыймайды.

Ең тамаша құрылыс туралы түсініктер мен армандардың барлық тобы Даниель Дефоның (1660-1731 ж.ж.) атақты «Робинзон Крузо» романында көркем бейнеге ие болды. Ол әр түрлі жанрлардағы 200 жұмыс жазды: өлеңдер, романдар, саяси очерктер, тарихи және этнографиялық туындылар. Робинзон туралы кітап - табиғаттың тәрбиелік және түзету жұмысына беріліп, табиғи күйге қайтып оралған адамның тарихы. Өркениеттен алыста, аралда рухани қайта тууын баяндайтын романның екінші бөлігі белгілі емес.

«Гулливердің саяхаты» атты әйгілі туындының авторы Джонатан Свифт (1667-1745 ж.ж.) дүниеге ұстамды, материалистік позиция жағынан қарайды. Лилипуттардың ойлап тапқан елі ағылшын қоғамының сатиралық бейнесін береді: сарайдағы қастықтар, жағымпаздық, тыңшылық, парламент партияларының мағынасыз күресі. Алыптар елін суреттейтін екінші бөлімінде «ағартушылық абсолютизмінің» идеалы – мейірімді және ақылды монарх билік құратын елдегі бейбіт өмір мен еңбек туралы армандар айтылады.

Ағартушылар реализмінен ХІХ ғ. реализміне тіке жолды драматургтер салды. Ағартушылық қайраткерлері өнердің басты міндеті адамдарды қайта тәрбиелеу деп санады: сахнадан ақыл үйретуді олар ең тиімді және ыңғайлы сендіру формасы деп санады. Тек Вольтердің өзі 54 драмалық туынды жазды. Бірақ ерте Ағартушылық жазушылары ұстаған классицизм канондары драматургияның дамуын бөгеді, тақырыптар мен кейіпкерлер шеңберін шектеді.

XVIIIғ. әлем әдебиетіне мынадай керемет суретшілер мен театр өнерінің теоретиктерін сыйлады: Англияда Шеридан, Францияда Вольтер, Дидро, Бомарше, Германияда Лессинг, Гете, Шиллер, Италияда Гольдони. Дидроның тікелей ізбасары Францияның ірі драматургы Пьер Огюстен Бомарше (1732-1799 ж.ж.) болды. Оның өте әйгілі көңілді комедиялары «Ессіз күн немесе Фигароның үйленуі» және «Севиль шаштаразы» жойқын күшті сатира қуатын сыйлайды.

Осы бағытта, Ағартушылық арнада итальяндық театрда реформа жүреді, онда ескі маска комедиясы әлі билік құрып тұрған болатын. Белгілі Карло Гольдони (1707-1793 ж.ж.) құрған мінездер комедиясының типі бірегей болып табылады және жалпы Европада танымал болды. Оның пьесаларында сословиелік теңдікті насихаттау жақсы байқалады. «Трактиршица», «Екі мырзаның қызметшісі» пьесаларының кейіпкерлері әлеуметтік жағынан нақты, олар өздерінің құқықтарын сезініп, оны қорғай біледі.

Өздерінің артық дәр

123
скачать работу


 Другие рефераты
МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЗАТ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Бюджеттен тыс қорлар, олардың мағынасы
Русский печной изразец
Подготовка к переговорам


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ