Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әкімшілік құқық және әлеуметтік-мәдени сфераны басқару

елелерінде  қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды, сала аралық  және аймақ аралық үйлестіруді жүзеге асыру және ҚР заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды  жүзеге асыру.

Азаматтардың денсаулығын сақтау жөніндегі  мемлекеттік саясаттың қағидалары:

      1) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау;

      2) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары кепілді көлем шеңберінде көрсететін  медициналық – санитариялық,

дәрі– дәрмектік көмектің  қолайлығы мен тегіндігі және оларды іске асырудағы жауапкершілік;

      3) денсаулығынан айырылған жағдайда азаматтардың әлеуметтік қорғалуы;

      4) медициналық–санитариялық және медициналық — әлеуметтік  шаралардың ғылыми негізділігі мен профилактикалық

нысандылығы;

      5) орталық атқарушы органдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін — өзі  басқару

органдарының, жұмыс берушілердің, лауазымды тұлғалардың азаматтардың денсаулығын нығайту мен  сақтауды

қамтамасыз ететін жағдайлар жасау жөніндегі жауапкершілігі;

      6) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің, басқа да осындай қызметпен айналысуға құқығы  бар

адамдардың, азаматтардың денсаулығына келтірген нұқсаны үшін жауапкершілігі және т.б.

 

 

 

Азаматтарды әлеуметтік қорғауды басқару

 

Халықты әлеуметтік қорғау  саласындағы басқару органдарының жүйесі:ҚР Үкіметі (көші – қон  және демография жөніндегі ҚР Агенттігі – жергілікті өкілді және атқарушы билік органдары) — ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі – Министрліктің комитеттері – Министрліктердің зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі облыстық өкілдіктері – Облыстық (Астана және Алматы қалалық)  еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (департаменттері).

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі — бұл өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте сала аралық үйлестіруді жүзеге  асыратын ҚР орталық атқару органы.

Министрлікке мынадай міндеттер жүктелген:

1) еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек ресурстарын тиімді пайдалану саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыру;

2) жұмыссыздық деңгейін азайту және кедейлік ауқымын қысқарту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;

3) әлеуметтік әріптестік саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласында  мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

6) заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Жергілікті өкімет билігі органдарының халықты жұмыспен қамту  саласындағы қызметі:

1) азаматтардың заңдылық шегінде жүзеге асыратын еңбек және  кәсіпкерлік ынтасын  қолдау;

2) азаматтардың жұмыс түрін еркін таңдауын қамтамасыз ету;

3) жұмыс табуға қиналатын азаматтардың  жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге көмектесетін арнайы шаралар

жүргізу;

4) жаңа жұмыс  орындарын ашатын, әсіресе әлеуметтік  қорғауды ерекше қажет ететін және жұмыс табуда қиындық

көретін азаматтар үшін, жұмыс  берушілерді көтермеу;

5) жұмыспен қамту деңгейін арттыратын  бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асыру;

6) азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету  мақсатында жергілікті  бюджет қаржысының,

бюджеттен тыс  қорлар мен тартылған қаржылардың  есебінен қоғамдық төленетін жұмыстар ұйымдастыру (жол,

үй, ғимарат құрылысы, елді мекендерді көгалдандыру және т.б.).

12
скачать работу

Әкімшілік құқық және әлеуметтік-мәдени сфераны басқару

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ