Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әкімшілік құқық және әлеуметтік-мәдени сфераны басқару



 Другие рефераты
Атқарушы билік органдарының актілері Заңдылық пен тәртіп әкімшілік — құқықтық реттеу аясында Әкімшілік құқық және экономиканы басқару Әкімшілік құқық және әкімшілік-саяси сфераны басқару

Білімді, ғылымды және мәдениетті басқару

Білім- жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделері үшін оқыту мен тәрбиелеудің мақсатты бағытталған процесі.

Білімді басқару -  білім жөніндегі  мемлекеттік саясатты тікелей жүзеге  асыруға бағытталған құзыретті органдардың  атқару және өкім ету қызметі.

Білімді басқару  органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі-ҚР Білім және ғылым министрлігі-жүйесінде  оқу орындары бар министрліктер мен ведомстволар – Білім департаменттері- білім беру мекемелерінің ұйымдық – құқықтық нысандары- Мемлекеттік  білім беру мекемелері мен кәсіпорындары – мемлекеттік емес  (жеке меншік, ҚР  аумағында тіркелген қоғамдық және діни бірлестіктерінің білім беру ұйымдары) – халықаралық болуы мүмкін.

Білім беру ұйымдарының  түрлері:

1) жалпы білім беретін (мектеп (бастауыш, негізгі, орта), лицей, гимназия);

2) кәсіптік бастауыш білім беретін (кәсіптік мектептер, кәсіптік лицейлер, тікелей өндіріс, оқу — өндірістік комбинаттар,

оқу орталықтары, курстар);

3) кәсіптік орта білім (колледждер, училищелер);

4)кәсіптік жоғарғы білім беретін (университет, академия, институт және оларға теңестірілген (консерватория, жоғарғы

мектеп, жоғарғы училище)).

Білім жөніндегі  мемлекеттік саясатты іске асырудың әкімшілік – құқықтық нысандары:

1) мемлекеттік білім беру стандарттарын жасау;

2) білім беру мекемелерін лицензиялау;

3) білім беру мекемелерін аттестациялау;

4) білім беру мекемелерін аккредитациялау.

ҚР білім және ғылым министрлігі — заңдарда көзделген шектерде  білім және ғылым мен техника саласында сала аралық үйлестіруді іске асыратын орталық атқару органы болып табылады.

Осы министрліктің мынадай негізгі міндеттері бар:

1) білім, ғылым мен техника саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүзеге асыру;

2) жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзат құндылықтары ғылым мен практиканың  жетістіктері негізінде қалыптасуына, дамуы мен кәсіптік қалыптасуына бағытталған білім алуына қажетті жағдайлар жасау;

3) азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына кепілдендірілген тегін орта білім алуын қамтамасыз ету;

4) ғылыми зерттеулерді жетілдіруді ұйымдастырып, оларды міндетті түрде мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау және ғылыми зерттеулердің нәтижесін мемлекеттік  қабылдаудан өткізе отырып, ашыө конкурстар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз ету;

5) білім және ғылым саласын ақпараттандыру;

6) ресурстарды ғылым мен техниканы басым бағыттарына топтастырып, өз қызметінің саласына тікелей инвестиция таратуға қатысу;

7) білім, ғылым және техника саласынд жекешелендіру бағдарламасын әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу;

8) министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.

Ғылымды басқару органдарының жүйесі:  ҚР Үкіметі- ҚР Білім және ғылым министрлігі (Білім және ғылым министрлігінің Жоғарғы аттестациялық комитеті – ҚР Ұлттық Ғылым  академиясы- Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы) – ҚР министрліктері мен ведомстволары – Салалық ғылым академиялары – ғылыми зерттеу  мекемелері.

Мәдениетті басқару – бұл мәдени даму жөніндегі мемлекеттің саясатын іске асыру, мемлекеттік мәдени – тәрбие функциясын іс жүзінде жүзеге асыру мақсатындағы құзыретті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың атқару – бұйыру  қызметі.

Мәдениетті басқару органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі- ҚР мәдениет, ақпарат, қоғамдық келісім министрлігі- министрліктің комитеттері- министрліктің жергілікті жерлердегі департамменттері, басқармалары (бөлімдері).

ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісі аясында басшылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын  орындауға уәкілеттілік берілген орталық атқару органы.

Осы министрліктің негізгі міндеттері:

1) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендету, сақтау, дамыту мен оның таралуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа ұлттық мәдениеттерді сақтау, дамыту және олардың таралуына қамқорлық жасау;

2) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, баспасөз бен басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР даму стратегиясын түсіндіру және насихаттау;

3) Қазақстанның мәдени-рухани дамуының үздік жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған кең ауқымды мәдени  акциялар өткізу;

4) елімізде болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму  тенденцияларын  жан-жақты әрі жете зерттеу, қорыту және талдау;

5) мемлекеттік органдардың мұрағат ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің мемлекеттік  жүйесі  мен құжаттардың бірізді жүйесін дамыту саласындағы қызметін ұйымдастыру.

Мәдени қызметті оқып білу салалары:

1) тарих пен мәдениет ескерткіштерін табу, зерттеу, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану;

2) көркем әдебиет, кинематография, сахналық, әсемдік, музыкалық өнер, архитектура мен дизайн, фото өнері, өнердің өзге де түрлері мен жанрлары;

3) көркем халықтық  кәсіпшілік  пен қолөнер, тіл, диалекті мен сөйлеу ерекшеліктері,  фольклордан (халық ауыз әдебиеті), әдет – ғұрып, ырым – жора, тарихи топоним сияқтылардан  көрініс табатын  халық мәдениеті, өз әрекеттілік (әуесқойлық), көркемөнерпаздық;

4) мұражай ісі мен коллекциялау;

5) кітап шығару мен кітапхана ісі;

6) мұрағат ісі;

7) теледидар, радио және мәдени құндылықтарды жасау мен тарату жөніндегі аудиобейне құралдары;

8) эстетикалық тәрбиелеу, көркемдік білім, бұл саладағы педагогикалық қызмет, мәдениетті ғылыми зерттеу.

 

 

Денсаулық сақтауды басқару

 

    Денсаулық сақтауды басқару – азаматтардың денсаулығын қорғау, аурулардың алдын алудың, медициналық көмек көрсетудің, қоғамдық гигиена мен санитарияның қолайлы жағдайын сақтаудың медициналық шараларын қолдану болып табылады.

Денсаулық сақтауды басқару органдарының жүйесі: ҚР Үкіметі – ҚР денсаулық сақтау министрлігі- денсаулық сақтау министрлігінің комитеттері – міндетті медициналық сақтандыру қоры – денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті жерлердегі департаменттері, бөлімдері (басқармалары) – денсаулық сақтау министрлігінің мекемелерінің, ұйымдарының әкімшіліктері.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі — өзіне тісті салаға басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада  көзделген шектерде арнайы атқарушылық, бақылау, қадағалау функцияларын және азаматтардың  денсаулығын сақтау  саласында  сала аралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқару органы.

Оған мындай негізгі міндеттемелер жүктелген:

1) халықтың денсаулығын сақтау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;

2) азаматтық заңнамаға сәйкес мемлекет епілдік берген  шекте тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

3) халықтық санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және олардың ұйымдастырылуын бақылау;

4) халықты емдеу және алдын ала ұйымдастыру, қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

5) денсаулық сақтауды, фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамыту жөніндегі іс-шараларды белгілеу;

6) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;

7) министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.

Министрлікке мынадай құқықтар берілген:

1) медициналық қызметтер көрсетудің, дәрі-дәрмек құралдарының қауіпсіздігіне, тиімділігі мен сапасына, фармацевтикалық қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру әрі медициналық қызметтер көрсету, дәрі-дәрмек құралдарының айналымы бойынша заңнамалық және өзге де  нормативтік құқықтық  кесімдерді бұзғаны үшін заңды және жеке тұлғаларды  жауапкершілікке тарту жөнінде тиісті органдарға ұсыныстар енгізу;

2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру және автокөлік құралдарын шығаруға немесе пайдалануға байланысты бұзушылықтарды  қоспағанда, санитарлық-гигиеналық ережелер мен атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі нормаларды бұзғаны үшін әкімшілік ықпал ету шараларын қабылдау;

3) ведомстволық  бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар  мен тарату жөнінде ұсыныстар енгізу, олардың жарғыларын бекіту;

4) халыққа медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруды, сондай-ақ денсаулық сақтау кадрларын даярлауды, біліктіліктерін арттыруды, жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін кәсіби білім беруді жүзеге асыру;

5) денсаулық сақтау кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктерді құру;

6) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының бюджет қаражатын пайдалануын  тексеруді жүзеге  асыру;

7) өз құзыретінің мәселелері бойынша  мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен  лауазымды тұлғалардан  ақпарат сұрату және алу;

8) мемлекеттік және өзге де  бағдарламаларды  іске асыру мәс

12
скачать работу


 Другие рефераты
Об алгебраических уравнениях высших степеней
Внешние запоминающие устройства
Особенности личностного развития учащихся старших классов : проблемы и перспективы
Кодирование речевой информации


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ