Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақырып теңдік сұраған

мейтін Суықбұлақ пен Ақбұлақ, кішкене Қарағанды өзені Қиылмен салалас, қапталдас ағып жатыр. Уақыт бәрін де өзгертеді – шайқас заманында, яғни бұдан бір жарым ғасыр бұрын Суықбұлақ пен Ақбұлақ қосылып ағып, өткел бермейтін өзендер болған деседі. Кейбір кейінгі мәліметтерде Ақбұлақты бүгін тек жай ағып жатқан бұлақ ретінде қарап, Исатайдың ұрыс майданын бұған қимай, қомсынып, әріректегі Орынбордың Ақбұлағы деу де бар.
Мен жоғарыда айтқанымдай, Шейітсайға 1988 жылы келген журналистік іс-сапарымда көтерілістің соңғы шайқасы туралы жаза алмадым. Себебі менің жазатыным да оқулықтардан, әдебиеттерден бұрыннан белгілі жайды қайталау ғана болып шығар еді. Ал жаңа пікір айту үшін оқиғаның мән-жайын байыппен зерделеп ғылымға, нақтылыққа, өткеннің шынайы болмысын ашатындай тарихи ережелерге сүйену қажет-ті.
Сонымен батырдың сүйегі табылды, қарапайым болса да темір қоршау жасалып, ескерткіш тас қойылды делік. Ол 1978 жыл болатын. Шейітсай ол уақытта Исатай ауданына қарасты «Қиыл» кеңшарының жері еді. Кейін кеңшар әлдебір себептермен көрші Қобда ауданының қарамағына берілді. Осыдан кейін-ақ Шейітсай оқиғасын әйгілеу жөнінде жақсы басталған бұрынғы бірсыпыра істер енді ол ауданда жоқтаушысы жоқтықтан бірте-бірте ұмытыла берді. Егер Исатай аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына 1985 жылы Ерсайын Әжібаев келмегенде бұл күнде батыр жатқан жерден мүлдем көз жазып қалуымыз әбден мүмкін еді. Шейітсай бұл кезде көрші Қобда ауданына қарағанмен туған жұртының мәдениеті мен өнеріне, тарихына, салт-дәстүріне қашан да сергектігімен танымал Ерсайын Ысқақұлы әйгілі ұлт-азаттық көтерілістің атақты көсемі жатқан жерді бір сәт есінен шығарған жоқ. Сөйтіп, ол іргелес Қобда аудандық партия комитетінің сол кездегі бірінші хатшысы И.Луценкоға жолығып, (Шейітсай ол кезде Қобда ауданына қараған. И.А.) осыған назар аударуды өтінгенде марқұм И.Луценко оған ықылас таныта қоймаған. Содан Ерекең өз ауданындағы партия, кеңес қызметтеріндегі жауапты адамдарды ертіп, Шейітсайды көруге келеді. Шайқас өткен алаптағы төмпешіктер тегістелуге де таяп қалған. Ал Исатайдың қабірі қайда? Сөйтсе, сол сансыз төмпешіктердің сай жақ шетінде екен. Ерекең біреулерден естіген әлгі темір қоршау тұр. Оған Исатай мен оның баласы Құспанның есімдері жазылған. Өзге аудан, өзге территория және оның елеулі саяси мәні болғандықтан ол кезде өз бетіңмен киіп-жарып іс қылу да оңай емес. Сөйтіп жүргенде 1988 жыл келіп, сәтін салып Ерсайын Әжібаев Қобда аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына ауыстырылғанда алғашқы қызметін нақ сол Шейітсайдың мәселесінен бастады деуге болады. Ол кезде Облыстық партия комитетінің идеологиялық хатшысы Юрий Котунов болатын. Исатай батырдың сүйегі Ақтөбе өңірінде, осымен байланысты облыс тарапынан ескерткіштік лайықты шаралар жасау қажеттігін айтып, бұл мәселені облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Ю.Трофимовке жеткізу керектігі жөнінде Ерекеңнің ұсыныстарын ол самарқау тыңдап: «Қайдан білейін, соншалықты назар аударарлықтай қаншалықты өзекті мәселе екенін …Юрий Николаевич те қолдай қояр ма екен, айтып көрермін» деп аса ықылас танытпаған. Юрий Трофимов та қазақтың елдік істеріне ынтасы көп кісі емес еді, әлгі ұсыныстарға онша мән бермей «дабыра қылмай, жан-жаққа әйгілемей-ақ, мүмкін, жеңілдеу бірдеңелер жасауға болар» деген көрінеді. Сол сол-ақ екен, әйтеуір облыстың бірінші басшысының аузынан «рұқсат» реті шыққасын бойын ұлттық намыс билеген Ерекең «көтеріліске – 150 жыл» деген себеп тауып, Қиылдың бойында облыстың өздеріне көршілес аудандарының өкілдері қатысуымен Алматы қаласынан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан қонақтар шақырып, байрақты мереке өткізді. Той қарсаңында бұрынғы ескерткіш материалдар сол кезде Ақтөбе қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Сержан Жаманқұловтың қаладағы тұрмыстық металл өңдеу зауытын әдейі қосып, тікелей көмек беруімен қайта жасалды. Ерсайын зауыттың сол кездегі директоры Вальтерге де шеберлерін Шейітсайға әдейі жібергені үшін дән риза. Сай бойында, елсіз далада қызмет еткен ондаған адамдарға үздіксіз тұрмыстық жағдай туғызуды Халидолла Сағындықов өз мойнына алды. Исатайға ескерткіш мүсін, әрине, жергілікті жағдайда және аз уақыттың ішінде жасалғандықтан монументттік өнердің жоғары талаптарына жауап бере алмауы мүмкін. Ол алайда жекелеген азаматтардың елдік рух пен жігерлерін бейнелеуге деген құштарлығын білдіруімен қадірлі. Бұл той кейін облыста екі бірдей Есетті, ақын Әубәкір Кердеріні, Қарағұл, Қайдауыл, Сәңкібай батырларды, Мырзағұл, Әйтеке билерді еске алу тойларының басы болғандығымен де қымбат еді.
Осыдан кейін, көп ұзамай атыраулықтар қобдалықтарды көріп, өздерінде облыстық дәрежедегі үлкен той өткізді, Алматы қаласында Исатай бастаған көтеріліске арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Ерсайын Әжібаев осының екеуіне де құрметті қонақ ретінде шақырылып,тойда да, конференцияда да оның батырдың есімін есте қалдыру жөніндегі қажырлы қызметтеріне жоғары баға берілді.
Енді Исатайдың сүйегі қалай табылғандығы жөнінде айталық. Бүгінде бұл жағдайды толық білетіндерді табу қиын дедік. Өйткені сол 1988 жылдың өзінде қазба жұмысын кімдер жүргізгенін білетіндер тым аз болатын. Мен сұрастыра жүріп, сол кезде Қобда аудандық газетінде қызмет ететін Мәскеу Шүкіранов дейтін азаматқа жолықтым. Ол өзі тарихи деректерге құлағы түрік адам екен, мені ықыласпен тыңдап, айтқанын айтып, айтылмағанын қағазға түсіріп берді. Ол қағаз да менде сақтаулы. Мәкеңнің мәліметтері бойынша, сол кезде «Қиыл» кеңшарына біріккен бұрынғы ұсақ ұжымшарлар шаруашылығына қосылып жіберілген. Бірақ туған жер, атақонысын қимай «Құдайдың салғанын көрерміз» деп жаңа орындарға бармай қалып қойғандар да болған, олар кейін далада қалмай, әуелі «Жайсаң» кеңшарының, сосын тың көтерген тұста оның алтыншы бригадасының құрамына кіреді. Солардың бірі – Құбаш Мұқанов дейтін жасамыс адам Ақыраб ауылының пошта тасымалшысы болған. Қиыл бойын ерте уақыттардан бері қазақтың кете руының, оның ішінде, намазғұл деп аталатын тарауының ұрпақтары мекен еткен. Исатай қолының соңғы шайқасы, міне, осы Қиыл алабында өткендіктен ұрыс туралы естеліктер осындағы ұрпақтар жадында сақталып, жалғасқан. Сол Құбекеңнің Мәскеуге айтқан әңгімесінде оқиғаның мән-жайы ресми мәліметтердегі баяндаулардан ауытқымайтындығымен шындығына шүбә келтірмейді. Батырдың сүйегі баласымен бірге Шейітсайдың қай жерінде екенін айтып, көрсеткен – осы адам. Қазаға ұшырағандардың жерленген жерін, оның жас кезінде атасы жетектеп әкеліп, әдейі көрсеткен. Ол уақыттың адамдарында бүгінгідей жүйткіген уақыттай әлденеге қамығып, аптыққан алаңғасарлығы болмағанға ұқсайды. Мүмкін, жаппай жазу-сызудың жоқтығынан да шығар, әйтеуір аталарымыз әйгілі оқиғаларды есте сақтау жөнінен көңілі ояу, көкірегі ашық, құймақұлақ келген секілді. Әйтпесе бала Құбаштың әке Мұқанның әкесінен естіп, көргені есте сақталмас еді. Ноэль Жұмабайұлы іздегенін осы әңгіме мен осы деректің негізінде тапқан. Бірақ құжаттар мен әңгімелерде айтылғандай, қайран ердің денесі бар да, басы жоқ болып шықты.
Бұл жайды енді Қобда өңірінде, қазір Ақыраб елді мекенінде тұратын азамат сол Мәскеу Шүкіранов қана айта алады. Мүмкін, Қиылдың бойында Құбаш ақсақалдың балалары болуы керек, солар әке әңгімесін білетін де шығар. Тағы да қайталауға тура келеді, осы аталған адамдардың бәрі де келесі жылы қазақ ұлтының абыройына қарай әлемдік мән беріп, атап өтілетін айтулы оқиғаға байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына көрген-білгендерін, зерделеп түйгендерін оқырманды қызықтыра баяндаса, көте­ріліс тарихында жаңа беттер қосар еді.

«Ақырып теңдік сұраған» деп аталған материалда негізгі дереккөзі ретінде Қобда ауданының тұрғыны, жергілікті өлкетанушы Мәскеу Шүкірановтың есімі аталады. Жақында облыстық «Ақтөбе» газеті (8 қыркүйек, 2001 жыл) сол Шүкірановтың бұрынғы айтқандарымен үндесетін «Батырдың қабірі – Шейітсайда» деген материалын жариялады.

Редакциядан: Еліміз тәуелсіздік алғалы жоғымызды түгендеп, барымыздың бағасын біле бастадық. Талай тарихи тұлғаларымыздың басын қарайтып, еңселі ескерткіштер орнаттық. Жәңгір хан мен Махамбет Өтемісұлына сәулетті кесене орнатылса, бертін келе Атырау қаласында сол кездегі облыс әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің бастамасымен әрі қолға алуымен Махамбет пен Исатайдың ат үстіндегі мүсіні бой көтерген еді. Таяуда Ресейдің Астрахань облысында ұлтжанды азаматтардың ұйытқы болуымен Бөкей ханның кесенесі ашылғаны жайлы қуанышты хабар жетті. Иә, бірі Исатаймен замандас, бірі үзеңгілес дос болған тарихи тұлғалардың назардан тыс қалғаны жоқ. Алайда осы ретте «Исатай – басшы, мен — қосшы» деп жырлаған ақын әрі батыр Махамбеттей батырдың майдандасы, ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы болған Исатай батырдың зиратына әлі күнге кесене орнатылмай, атаусыз қалып бара жатқаны көңілге қаяу түсіреді. Исатайдың әкесі Тайман мен Бөкей ханның айырылыспас дос болғанын да бүгінге жеткен тарихи құнды деректер айғақтайды. Қала берді, батырдың хан ордасын қоршап ала тұра шаппауын осы ата антын бұзбауымен де бағалауға болар. Ер есімі ел есінде қалуы тиіс. Ол үшін келер ұрпақ батыр бабасының еңселі ескерткішіне қарап, рухтанып, болашаққа батыл қадам басуы керек. Бүгінде Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев пен Ақтөбедегі Исатай атындағы қордың жоспарында батырдың басын қарайтып, еңселі ескерткіш қою секілді игі істі қолға алу да бар. Ендеше Исатай батырдың сәулетті ескерткішінің жанында тарих жайлы сыр шертуге жазсын деп тілейік.
Идош АСҚАР
Ақтөбе

12
скачать работу

Ақырып теңдік сұраған

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ